Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
457 Кб
Скачать
☆

Қара мойнаққа шалдыққан түйнектің өзегі шіриді. Түйнектің шіруі столонға бекіген жерінен басталады.

Ауру ө-ң 2-3 сабақтары ғана болады. Ылғалдылық жағдайында жапырақтар кілегейленіп, қоңыр дақтар мен жарықшалар п.б. Егер ауру сабақты көлдеңінен кессек бактериялардың бітеп тастауынан өткізгіш ұлпалардың қарайып кеткендігін көруге болады.

Қара мойнақты тудыратын бактериялар тұқыммен тарайды. Аурудың дамуына 15–180 С ауа температурасы мен топырақтың жоғары ылғалдылығы қолайлы. Танапта тікелей топыраққа түскен бактериялар сақталмайды, ал өсімдік қалдықтарында олар шірігенге дейін ғана сақталады.

Ауру топырақта болатын тақта мұртты қоңыздар мен шірінді шыбындарының дернәсілдерімен & кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттарымен тарайды.

Күресу шаралары: отырғызу үшін салмағы 50 г шамасындай сау түйнектерді іріктеп алады; көктетіп өсіреді & өскіндері нашар түйнектерді алып тастайды. Картоп отырғызылған алқапқа фитосанитарлық тазалау жүргізеді, ал жинағанда жапырақ пен сабақтардың түйнектермен араласуына & түйнектердің механикалық зақымдануына жол бермейді. Қажет болғанда «...Тізім» бойынша фунгицидтерді қолданады.

Картоптың сулы шірігі. Қоздырғыштары – Pseudomonas, Bacillus, Pectobacterium & басқа бактериялар. Ауруға шалдыққан түйнектер бастапқыда ақшыл, кейін қара-қоңыр түсті болады. Зақымданған жерлерде сары-қоңыр кілегей зат түзіледі, ал түйнектің қабығы көбінесе сау күйінде қалады Түйнектер жұмсарып, суланады, жұмсағы жағымсыз иісі бар ботқа тәрізді массаға айналады.

Күресу шаралары. Картопты жинаудан бір-екі жеті бұрын сабақтарын шауып тастайды. Түйнектерді зақымдамай жинап, кептіру & сақтау үшін қолайлы жағдайлар жасау, «Тізім...» бойынша фунгицидтерді пайдалану қажет.

Сақиналы шірік. Қоздырғышы - Corynebacterium sepedonicum бактериясы. Ауру өсіп даму кезеңінің екінші жартысында білінеді. Өсімдіктің жекелеген сабақтары мен ол-ң жапырақтары сарғайып, солады. Ауру сабақтың кесіндісінде өткізгіш ұлпалардың қарайғандығын көруге болады. Егер зақымдалған ұлпаларды қысса созылмалы сары кілегей

түріндегі – бактериялар шығады.

Ауру түйнектерде екі түрде байқалады: түйнектердің шеңберлі шірігі & түйнектердің шұңқырлы шірігі. Шеңберлі шірікпен ауырғанда түйнектің кесіндісінде тұтас немесе үзік-үзік қоңыр шеңберді көруге болады. Бактериялармен зақымдалған ұлпалар жұмсарады, қысқан кезде ақшыл кілегей тамшылар шығады.

Шұңқырлы шірікпен ауырғанда түйнек қабығының астында сары түсті, бастапқыда майлы, дөңгелек дақтар түзіледі. Дақтарды түйнектің қабығын алғанда ғана көруге болады. Бактериялар тұқымда сақталады. Ауру түйнектерді еккенде ауру өскіндер п.б. Қоректік заттар мен судың жетіспеушілігінен ауру ө-ң жапырақтары қурайды, 2-3 қана сабақ дамиды.

Күресу шаралары: фитотазалау кезінде ауру өс-рді жою; картопты уақытымен ауа-райының құрғақ кезінде жинап алу (түйнектері пісіп, қабығы қатайғанда); тұқымды ауру түйнектерден тазалау; «Тізім...» бойынша фугицидтерді пайдалану қажет.

Картоптың құрғақ шірігі. Қоздырғыштары Deuteromycetes класы, Hyphales ретіне жататын Fusarium (Fuzarium coeruleum saac., F. Sambucinum Fuck., F. solani App. et Wr. & басқа да түрлері) текті саңырауқұлақтар.

Ауру қоймаларда қыс айларында байқалады. Саңырауқұлақпен зақымданған түйнектің ұлпасы құрғақ, шіріген болады, қабықтарының зақымданған жерлері жиырылып, қатпарланып кетеді. Кейін түйнек толықтай шіріп, құрғап, қатайып қалады. Түйнектің бетінде ақ, сары немесе қызғылт түсті саңырауқұлақтың мицелийлері мен конидиилік споротүзгіштері п.б. Аурудың қоздырғыштары топырақта сақталады.

Күресу шаралары: түйнектердің механикалық зақымдануын болдырмау; жинағанда & тасымалдағанда түйнектерді үсітіп немесе қыздырып алмау керек; сақтау қоймаларын (1,5-2 ай бұрын) тазалау & дезинфекциялау; тұқымды қоймаға салар алдында жарықпен шынықтыру; сақтауға сау түйнектерді салып сақтау ережелерін орындау, «Тізім...» бойынша фунгицидтерді пайдалану қажет.

Түйнектердің фомозы немесе түйме шірігі. Қоздырғыштары: Phoma exigua Desm. (Deuteromycetes класы, Sphaeropsidales қатары, Ophiobolus porphyrogonus Sass. (Ascomycetes класы, Pleosporales қатары) саңырауқұлақтары. Түйнектерде дөңгелек пішінді, ойық дақтар п.б. Кесіп қарағанда дақтың астындағы ұлпаның түсі қоңыр, шеттері қара болады. Зақымданған ұлпа уақыт өте келе жиырылады, сосын жарылып пикнидтер сыртқа шығады. Гүлдену кезінде сабақтың жапырақ сағағына жақын жерінде ұзындығы 8 см-ге дейін жететін жайылған дақтарды көруге болады. Кейін ол дақтарда ашық немесе қара қоңыр түсті көптеген пикнидтер п.б. Кейде дақтар шеттері қарайған жараға ұқсайды. Сабақ нашар өседі & солады, ал қатты зақымданған сабақтар сынып қалады. Түйнек сақтау кезінде & танапта зақымдануы мүмкін.

Күресу шаралары: карантиндік шараларды орындау; ауыспалы егісті пайдалану; сау түйнектерді отырғызу; жинардың алдында бір-екі жеті бұрын сабақтарды шауып тастау қажет; қыста сақтау ережелерін орындау; «...Тізім» бойынша фунгицидтерді пайдалану керек.

3.Өс-рді кенелерден қорғаудың заманауи құралдары (акарицидтер). АКАРИН, 3,6% к.э.

12.2022 ж. (абамектин, 36 г/л, Чина Кроп Кэмикал Протекшин Компани Лимитэд, Китай)ТОО Агрохимия, ҚазақстанП-112.2017 ж. АППОЛО, 50 % с.к.(клофентизин)Ирвита ПлантПротекшион, ИзраильП-12.2022 ж. Вертимек 018, к.э.(абамектин, 18 г/л)Сингента Кроп Протекшн АГ, ШвейцарияП-1

25 МТИХАН БИЛЕТІ

1 Көпқоректі қабыршаққанаттылар. Олармен күресу шараларының кешені.

Қауіпті полифагтарға әр түрлі қанаттылар Frenata - отряд тармағының Noctuidae - түнгі көбелектер немесе үкі көбелектер & Pyralidae - қан көбелектер тұқымдастарының түрлері жатады.

Түн көбелектер. Көбелектер орташа мөлшерлі, жайылған қанаттары 20-45 мм, толық денелі, көп түрлерінің түстері сұрғылт қоңыр. Алдыңғы қанаттарында өздеріне тән суреттері бар. Суреттердің пішіндеріне қарап үкі көбелектердің түрлерін анықтауға болады. Көбелектер негізінен ымырт түсе & түнде ұшады. Құрттары ұзынша жолақтары бар сұрғылт қоңыр немесе жасыл түсті болады. Үш жұп кеуде аяқтарынан басқа 3-5 жұп құрсақ аяқтары болады. Тіршілік етулеріне, тамақтану жолдарына байл кеміргіш & жапырақ кеміргіш көбелектер болып бөлінеді. Кеміргіш көбелектер топырақтың жоғарғы қабатында жасырын өмір сүреді. Олар қоректеніп топырақ деңгейінде күздік, жаздық астық дақылдары, жүгері, қызылша, картоп, мақта, темекі, көкөніс, бақша т.б. дақылдарының мүшелерін кеміріп зақымдайды. Түн көбелектердің ең қауіпті түрлері: күздік – Agrotis segetum & лепті – A. exclamations.

Күздік көбелек – Agrotis segetum. Ресейдің европалық бөлігінің Қиыр солтүстігінен басқа аймақтарының барлығында, Күнгей Кавказ бен Орта Азияда, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында таралған. Көбелектің алдыңғы қанаттарының жалпы түсі ақшыл-қоңырдан қара-қоңырға дейін өзгеріп тұрады: бүйрек тәрізді, сына тәрізді & дөңгелек таңбалар жіңішке қара сызықпен жиектелген. Артқы қанаттары ақшыл. Ұрғашыларының мұртшалары жіңішке қылшық тәрізді, ал еркектерінікі жуанырақ келеді & тарақ тәрізді. Қанаттарының өрісі 40-50 мм. Жұмыртқасы жарты шар тәрізді, диаметрі 0,5 мм, үстіңгі жағындағы қырларының саны 16-20. Жұлдызқұрт шығар кезде жұмыртқа қараяды. І-ІІІ жастағы жұлдызқұрттар күңгірт топырақ түсті сұр, жоғарғы жастағыларының эпикутикуласы жылтыр, арқасында бойлай орналасқан жіңішке қара жолақ бар, құрасағында 5 жұп аяқтары болады, маңдай тігістері желке шұқырында түйіседі, VІ-жастағы жұлдызқұрттың ұзындығы 52 мм жетеді. Қуыршақтың ұзындығы 20 мм шамасында, түсі қызыл-қоңыр, анальды бунағы 2 тікенекті. Күздік көбелектің бір жылда беретін ұрпақтарының саны мекендеген жерінің ауа райы жағдайларына байл. Көктемде көбелектердің ұшуы, яғни қуыршақтан шығуы, орташа тәулік температурасы 15-17ºС болғанда байқала бастайды. Ол-ң ұшуы ымырт жабылған кезде басталып, түн ортасында тоқталады. Ең қарқынды ұшу түнгі сағат 10-12 арасында. Көбелектер күндіз әр түрлі заттың астында немесе жер жарықтарын паналап жатады. Қазақстанда күздік көбелек әсіресе көктем кезінде отамалы дақылдардың көктері мен көшеттері ұшін өте қауіпті. Осы кезде көбелектің І-генерациясының өсіп-өніп дамуы мақта, қант қызылшасы, жүгері. Темекі, көкөніс & басқа дақылдардың көктеп шығуына немесе ол-ң көшеттерін отырғызу кезеңіне тура келеді. Күздік көбелектің ІІ генерациясының жұлдызқұрттары оңтүстік-шығыста (оңтүстікте & ІІІ-генерациясының да) жүгері, жоңышқа, көкөніс & басқа дақылдардың егінін зақымдайды. Қант қызылшасы мен сәбіздің & картоптың түйнектер & тамыр-жемістерімен қоректеніп, оларды бүлдіреді. & парға себілген күздік бидайдың көгін зақымдайды. Күздік көбелектің дамуы арамшөптермен тығыз байл. Көпшілік жағдайда көбелектер жұмыртқаларын арамшөптерге салады & жұлдызқұрттар алғашында солармен қоректеніп, соңынан дақылдарға көшеді. Өсімдктер неғұрлым жас болса, жұлдызқұрттар оларды соғұрлым қатты зақымдайды. Күздік көбелектің жұлдызқұрттары саңыырауқұлақ, батериялық & вирус ауруларымен жиі ауырады. Қазақстанда ол-ң оқтын-оқтын жаппай қырылып қалуына себепші болатын гранулез вирусы едәуір тараған. Ал бұл түрдің табиғи жауларының ішінде өте кең таралғандары браконид тұқымдасына жататын апантелес пен рогас, шаншарлардан амблителес деп атайтын паразит – насекомдар. Олар көбелектің жұлдызқұрттары мен қуыршақтарында паразиттік тіршілік етеді.

Лепті көбелек – Agrotis exclamations. Қазақстанда жаппай тегіс таралған. Көбелектердің қанаттарының өрісі 35-45 мм. Ересек көбелектің алдыңғы қанаттарының түсі сарғылт, сұр немесе қоңыр, ұрғашы көбелектікі қара-қоңыр. Бүйрек тәрізді & сына тәрізді таңбалар қосылып леп белгісі тәрізді таңба жасайды. Артқы қанаттарының түсі еркегінде ақшыл, ұрғашысында қоңыр. Сарғылт ақ түсті жұмыртқаларының диаметрі 0,7-0,9 мм, биіктігі 0,5 мм. Дамуы аяқталған жұлдызқұрттар күңгірт-сұр түсті, ұзындығы 35-40 мм. Қуыршақтың ұзындығы 16-20 мм, түсті ақшыл-қоңыр немесе қызыл-қоңыр немесе қызыл-қоңыр. Лепті көбелек Қазақстанның солтүстігінде жылына бір, ал оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 2-3 генерация беріп өсіп-өнеді. Оның жұлдызқұрттары күздік көбелектікіне қарағанда 5-7 күн ұзағырақ дамиды. Лепті көбелектің дамуы үшін ауа райының ең төменгі жылылығы, яғни дамуының төменгі табалдырығы 11ºС. Ал оның бір генерациясының толық дамуы үшін 770ºС тиімді температура жинағы керек. Тіршілік ету жағдайлары мен өс-рді зақымдау сипаты жағынан ол күздік көбелекке өте ұқсас.

Түн көбелектердің жұлдызқұрттары соңғы жастарында топырақ астында қыстайды. Жұлдызқұрттарының 6 жастық кезеңі болады. Көктемде олар қуыршақтанады. Ересек жәндіктері жұмыртқаларын сабақтың негізіне, төменгі жапырағына, топырақ бетіндегі өсімдік қалдықтарына салады. Жылына 3-4 рет ұрпақ береді. Жұлдызқұрттар топырақ деңгейіндегі сабақтарды, тұқымын, жас өскінін кеміреді, тамыр жемістерде, түйнектерде кеміріп, қуыс жасайды. Жерүстілікті түнгі көбелектер ө-ң жапырағымен, сабақтарымен, генеративті мүшелерімен қоректенеді. Көбінесе жоңышқаны, ноқатты, темекіні, қызанақты, жүгеріні & басқа да дақылдарды зақымдайды. Бұл топқа мынадай түрлері жатады: мақта (Helicoverpa armidera), гамма (Autographa gamma), беде (Discestra trifolii), кіші жерүстілік немесе карадрина (Spodoptera exiqua).

Мақта көбелегінің қуыршағы топырақта қыстайды. Көбелек жұмыртқасын (1-3-тен) жапырақтарға, шанақтарға & гүлдеріне салады. Жұлдызқұрттың бірінші ұрпағы арамшөптерде, жоңышқада, ноқатта, темекіде, қызанақта, арамшөптерде қоректенеді. Мақтаның шанақтану & гүлдену кезеңінде келесі ұрпақтар жұмыртқа салады. Жылына 3-4 ұрпақ дамиды. Мақтаның генеративтік мүшелерін, жүгерінің собығын мен дәнін, темекі тұқымдарын қатты зақымдайды.

Беде көбелегі Қазақстанның солтүстігінде 2, оңтүстік-шығысында 4 генерация беріп өсіп-өнеді. Қуыршақ фазасында топырақ арасында қыстайды. Жұлдызқұрттар топырақ арасында қуыршақтанады. Беде көбелегінің жұлдызқұрттары ауыл шаруашылығы дақылдарының 40-тен аса түрлерін, сол-ң ішінде қызылша, бұршақ, беде, жоңышқа, картоп, пияз, күнбағыс, темекі, мақта т.б. өс-рді зақымдайды. Жабайы өсетін ө-ден көбінесе ұнататыны алабота. Төменгі жастағы жұлдызқұрттар жапырақтың жұмсақ жерлерін жеп, жүйкелерін ғана қалдырады. Ал жоғары жастағылары жапырақты шетінен бастап кеміріп, түгелдей жеп қояды. Олар ө-ң жапырағымен қоса гүл бүршіктерін & басқа генеративті мүшелерін де зақымдайды. Көпшілік дақылдар үшін көктемгі бірінші генерацияның жұлдызқұрттары өте қауіпті.

Карадрин Қазақстанның батыс бөлімінде 2-3, оңтүстігінде 3-4 генерация беріп өсіп-өнеді. Қуыршақ фазасында топырақта қыстайды. Көбелектер ерте көктемде шығады. Карадриннің жұлдызқұрттары мақта, қант қызылшасы, картоп, қызанақ, жоңышқа, беде, бидай, арпа т.б. көптеген дақылдарды зақымдайды. І-ІІ жастағы жұлдызқұрттар жапырақтың жұмсақ тканін жеп, тек жүйкелерін ғана қалдырады. Ал ересек жұлдызқұрттар жапырақты түгелдей жеп, ө-ң сабақтары мен жемістерін де зақымдайды.

Қан көбелектер. Шалғын көбелек (Loxosteqe sticticalis). Ауыл шаруашылық дақылдарының ең қауіпті зиянкестерінің бірі. Жазғы мезгілде оның саны құбылмалы & қолайлы жағдайлар болғанда өсімталдығы өте жоғары. Жұмыртқаларын өсімдік жапырағының төменгі беткі қабатына салады. Жұлдызқұрттары 5 жас өтеді. Олар қомағай болып көп қоректенеді. Қант қызылшасын, күнбағысты, бір & көп жылдық бұршақ, жүгеріні, тарыны & басқа да өс-рді қатты зақымдайды. Олар ө-ң жерүстілік генеративты & вегетативті мүшелерін кеміріп жейді. Зақымданған өсімдік мүшесін жұлдызқұрттары өрмекпен шырмалайды. Бидай көбінесе шалғын көбелектің негізгі азықтық өс-р жетіспегеннен соң зақымданады. 2-3 ұрпақ беріп дамиды. Бір ұрпақтың дамуы үшін қажетті тиімді температуралар жиынтығы 400ºС болуы керек. Ересек жұлдызқұрттар топырақтың жоғарғы қабатында қыстап шығады.

Сабақ немесе жүгері көбелегі (Ostrinia nubilalis). Ересек жәндіктерде жыныстық диморфизм байқалады. Жұлдызқұрттың түсі сұрғылт жасыл, денесін бойлаған күңгірт жолақтары бар. Дене ұзындығы 25 мм дейін. Жұлдызқұрт өсімдік сабағында қыстайды. Тіршілік кезеңінде 22 ұрпақ дамиды. Мәдени & жабайы өс-р зақымданады. Көп зиян жүгері мен күнбағысқа келтіреді. Өсімдік сабағының ішінде жұлдызқұрттар кеміріп, жолдармен қуыс жасайды. Кемірудің әсерінен тесіктерден сыртқа үгітілген ұлпа шашылады. Кейін сабақ сынады. Зиянкестің дамуына ылғал өте қолайлы. Өнімді жинау кезінде жұлдызқұртар көбінесе өсімдіктің төменгі бөлігінде тіршілік етеді. Сондықтан ол-ң көпшілігі өнімді жинап алғаннан кейін жүгерінің, тарының & басқа дақылдардың аңызында болады. Күзгі суық басталысымен олар қоректенуін тоқтатып, сабақтың түбірі ішінде қысқы ұйқыға кетеді.

Күресу шаралары: Едәуір зақым кеміргіш түн көбелектердің картоп дақылында саны 5-10, астық дақылдарында 2-3, қызылша, жүгері, мақтада 0,5-2 жұлдызқұрт/м2 астам болса байқалады. Жерүстілік түн көбелектердің зиян тигізетін экономикалық шегі: карадринаның 1-3 жұлдызқұрт өсімдікте егер 30-50% өсімдік көлемінде табылса; мақта көбелектің 100 өсімдікке келетін саны 8-12 жұлдызқұрт болса; шалғын көбелек 10-20 жұлдызқұрт/м2, сабақ көбелектің 10 өсімдікте 5 жұмыртқа топтары батылса. Егер зиянкестердің саны ЭЗШ деңгейінен жоғары болса, жұлдызқұрттарды төменгі жастарында химиялық не болмаса биологиялық препараттармен жою керек. Инсектицидтер «тізімі...» регламенттары бойынша қолданылады.

Қабыршақ қанаттылардың көбеюінің алдын алу, жұлдызқұрттарының санын азайту үшін арамшөптермен жүйелі түрде күресу, топырақты ерте терең сыдыра жырту, отамалы дақылдардың қатар аралықтарын қопсыту қажет. Маусым кезеңінде өс-рді суарған жағдайларда да кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттарының саны азаяды. Сабақ көбелектермен күресу үшін өс-рді төмен шабу қажет (10 см жоғары емес). Жұлдызқұрттар қыстайтын жүгері, картоп, тарының өсімдік қалдықтарын, арамшөптерді танаптан шығарып жояды. Маусымды колонизация әдісімен трихограмма (Trichogrammatidae - тұқымдасы) көбелек құрттарының ішкі паразитін есебімен 60-80 мың дара/га екі мезгіл қолдану тиімді болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]