- •1 Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау кезіндегі зиянкестермен күресудің профилактикалық & жойу шараларының жүйесі.
- •2 Бидай аурулары. Бидайды аурулар кешенінен қорғау шаралары.
- •3 Өсімдік қорғауда пайдалы бунақденелілерді қолданудың қағидалары.
- •1Қамба зиянкестерінің түр құрамы & ол-ң қамбаға ену жолдары.
- •2 Арпа аурулары. Арпаны аурулар кешендерінен қорғау шаралары.
- •3.Зиянды бунақденелілерге қарсы қолданылатын бактериялық препараттар.
- •1 Рапс дақылының зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •Рапс гүлжемірі – Meligethes aeneus f.(Coleoptera отр. Nitidulidae – жылтырақтар тұқ.).
- •2 Жүзім аурулары. Жүзімді аурулар кешенінен қорғау шаралары.
- •1. Бүлдірген зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Қара бидай аурулары. Қара бидайды аурулардан қорғау шаралары.
- •Бидайдың қатты немесе сасық қаракүйесі
- •Таңқурай зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Тары аурулары. Тарыны аурулардан қорғау шаралары.
- •3.Вирусты препараттар, ол-ң сипаттамасы & қолдану ерекшеліктері.
- •1 Қарақат, тұшала зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Қарақұмық аурулары. Қарақұмықты аурулардан қорғау шаралары
- •Система защитных мероприятий против болезней гречихи.
- •Көкөніс дақылдарына зиян келтіретін нематодтар мен кенелер. Олармен күресу шаралары.
- •1 Алхоры зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Жүгері аурулары. Жүгеріні аурулардан қорғау шаралары.
- •№ 9 Емтихан билеті
- •1 Алманың зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Күріш аурулары Күрішті аурулардан қорғау шаралары.
- •Күріштің пирикуляриозы
- •1 Бақша дақылдарының зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •3 Трихограмма мысалында энтомофагтарды жаппай көбейту әдістері.
- •1 Жабық грунттағы көкөніс дақылдарының зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2.Ас бұршақ аурулары. Ас бұршақ ауруларына қарсы жүйелі қорғау шаралары.
- •2 Қызылша аурулары. Қызылшаны аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •3 Ішкі карантин.
- •3 Қр аумағында шектеулі таралған карантиндік зиянкестер.
- •2 Мақта аурулары. Мақтаны аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •Карантинге жатқызылған өнімді, жүктер мен көлік құралдарын тексеру
- •1 Қызылша зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2.Рапс аурулары. Рапсты аурулардан қорғау шаралары.
- •3. Қр аумағында шектеулі таралған карантиндік арамшөптер.
- •1.Күнбағыс зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •Күресу шаралары:
- •Таңқурай аурулары. Аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •1 Жүзімнің зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •Күресу шаралары
- •2. Күнбағыс аурулары. Күнбағысты аурулардан қорғау шаралары.
- •№19 Емтихан билеті
- •1 Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2Картоп аурулары. Вегетация кезінде & сақтау мерзімінде картопты аурулардан қорғау шаралары.
- •3. Қамбалар мен көкөніс қамбаларында зиян келтіретін кеміргіштер. Олармен күресу шаралары.
- •Қамба мен қоражайларда тіршілік ететін кеміргіштермен күресу шаралары
- •№20 Емтихан билеті
- •1 Дәндібұршақ дақылдарының зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Қырыққабат аурулары. Қырыққабатты аурулардан қорғау шаралары.
- •3 Өсімдік иммунитетінің санаттары.
- •№21 Емтихан билеті
- •№22 Емтихан билеті
- •2 Алма мен алмұрт аурулары. Алма мен алмұртты аурулардан қорғау шаралары.
- •2 Сүйекті жеміс дақылдарының аурулары. Аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •№24 Емтихан билеті
- •2.Бақша дақылдарының аурулары. Бақша дақылдарын аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •Қара мойнаққа шалдыққан түйнектің өзегі шіриді. Түйнектің шіруі столонға бекіген жерінен басталады.
- •2 Тұшала аурулары. Аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •№26 Емтихан билеті
- •Дәннің кәдімгі көбелегі – Обыкновенная зерновая совка
- •№27 Емтихан билеті
- •2.Қияр аурулары. Ашық & жабық жайлардағы қиярды аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •№28 Емтихан билеті
- •1 Жүгері зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
- •2 Сәбіз аурулары. Вегетация кезінде & сақтау мерзіміңде сәбізді аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •№29 Емтихан билеті
- •№30 Емтихан билеті
- •2.Қызанақ аурулары. Ашық & жабық жайлардағы қызанақты аурулардан жүйелі қорғау шаралары.
- •Топырақ арқылы инфекциялау
№30 Емтихан билеті
1 Астық тұқымдас шөптердің зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.
Жоңышқа жапырағының бізтұмсығы немесе фитономус – Phytonomus variabilis Hbts. (Curculionidae-бізтұмсықтар тұқымдасы,Coleoptera-қоңыздар отряды). Дене тұрқы 4,5-5,5мм-ге дейін жетеді. Мұртшасы буын –буынға бөлінген, денесінің түсі сұр қоңыр. Қоңыздардың алдың арқасында 3 ақшыл жолақтар бар. Дернәсілдерінің ұзындығы 10мм, түсі жасыл, басы қара, арқасында ақшыл жолақ бар. Қоңыздар өсімдік қалдықтарында, топырақта қыстайды. Олар жоңышқаның жапырағымен қоректенді, сабағын кеміріп шұқырайтып тастайды.
Жұмыртқаларын жоңышқа сабағының жоғары бөлігіне салады. Жылына 1 ұрпақ береді. Дернәсілдері көп зиян келтіреді. Гүлдерін, жапырақ бүршігін кеміреді. Есейген дернәсілдер сабақпен, жапырақпен, гүлмен,гүлдің түйнегімен қоректенді.
Күресу шаралары. Фитономустардың санын азайту үшінерте көктемде егістікті бірнеше із салып, тырмалау жұмыстарын жүргізу керек. Жоңышқаны ауыспалы егіске пайдаланған кезде көп жылдық дақылдарға шек қою керек. Көпжылдық егістен жоңышқаның уческелері кем дегенде 500 м алыс болу керек. Жоңышқаның тұқымы мен шөбін кезектестіріп пайдалану керек. Энтомологиялық аулағышпен 10 сермеу жасағанда жоңышқаның көктеу кезеңінде – 3-8қоңыз, сабақтану мен шанақтану кезеңінде -10 дернәсіл түссе, онда инсектицидпен өңдейді.
Жоңышқа қандаласы – Adelphocoris lineolatus Goeze.( Hemiptera - жартылай қатты қанаттылар немесе қандалалар отряды, Miridae – мирида тұқымдасы). Қандала денсінің ұзындығы 7-9мм, түсі сары – жасыл, алдыңғы арқасында екі нүкте орналасқан, қанаттың үстінде қоңырау қара дағы бар. Жұмыртқаларф көпжылдық бұршақ дақылдарының сабақтарында қыстайды. 1 жылда 2-4 ұрпақ беріп дамиды. Дернәсілі мен ересек жәндігі жоңышқаны эспарцетті, түйежоңышқаны,бұршақты ж/е т.б. дақылдарды зақымдайды.сабақтың жоғары бөлігіне, генеративтік мүшелеріне & жапырақтың шырынын сорып, өсімдікке көп зиян тигізеді. Өсімдік мүшесінде өсудің нашарлауы, гүлдің & гүлшанақтың түсуі байқалады.
Күресу шаралары. Көпжылдық бұршақ дақылдарын жинау кезінде кесіндіні төмен 5см-ге дейінгі биіктікте шауып алып, егістен қандала жұмыртқасын сабақпен бірге шеттету керек. Егер 1м2 5-15 қандала есептелсе инсектицидпен өңдейді.
Беде бізтұмсығы: сабақты Apion seniculus Kby., жасылдау A.virens Hbst. . (Curculionidae-бізтұмсықтар тұқымдасы,Coleoptera-қоңыздар отряды). Сабақты қоңыздар жасылдау, аяқтары қара болып келеді. Сабақты бізтұмсықтың дене тұрқы 2- 3,5мм. Қоңыздарының денсі сұр тікенектермен жабылған. Қоңыздар қыстайды. Көктемде олар беде жапырағын шұқырайтып кеміртеді. Жұмыртқаларын біржен кемірейген жерге орналастырады. Дернәсілдер сабақтың ішіне бойлай жүретін жол жасайды. Қуыршақтану сол жерде өтеді. Қоңыздардың жаңа ұрпағы кішкене саңылау кеміріп, сыртқа шығады.
Күресу шаралары. Жемшөп бедесін шанақтану – алғашқы гүлеу кезеңінде шапса, оны жинау & шөпті тез кептірген кезде жұмыртқалар мен жас дернәсілдері өліп қалады. Тұқымдыққа беденің екінші шабылған шөбін қалдырған дұрыс. Егістікті жаппай өскен & шанақтану кезінде инсектицидпен өңдеуге болады.
Сары тихиус тұқым жемірі – Tychius flavus Beck. . (Curculionidae-бізтұмсықтар тұқымдасы,Coleoptera-қоңыздар отряды). Қоңыздар ақшыл сары немесе қызғылт –сары, денесінің ұзындығы 2,5-4мм. Қоңыздар жоңышқа алқабының топырағының беткі қабатында қыстайды. Жұмыртұаларын тесік істеп, жемісбұршақтың ішіне салады. Қуыршақтану топырақта өтеді. Қоңыздың жаңа ұрпағы сол жерде қыстауға қалады. 1жылда 1 ұрпақ береді. Негізгі қауіпті қоңыздар мен дернәсілдер тигізеді. Қоңыздар өсімдік жапырағының төменгі жағынан жағалай паренхимасын кеміріп, зиян келтіреді. Кейінгілері генеративтік мүшерлерді – гүлді & гүл шанақты зақымдайды. Дернәсілдері жоңышқаның бұршағында қыстап, тұқымды құртады.
Күресу шаралары. Тұқымдықты сақтау үшін оны көп жыл өсірілген жоңышұадан кеңістікті оңашалау керек. Егер 1м2 5-8 & одан да көп қоңыз есептелсе, онда жоңышқа егісіне сабақтану мен шанақтану кезеңінде инсектицид қолдануға болады.
Жоңышқа жуан аяқтысы – Bruchophagus roddi. (Hymenoptera- жарғақ қанаттылар отряды, Eurotomidae – жуанаяқтылар тұқымдасы). Кішкене мөлшерлі бунақденелілер, ересектің дене ұзындығы -2,1мм, дернәсілдерінікі – 1,5-2мм. Үлкен араларына қара түс сипатталған, кеуденің үстіңгі бөлігі дөңестеу, құрсағы сабақ тәрізді, мұртшалары мен аяқтары сары – қоңыр. Дернәсілі ақ,иілген. Дернәсілері қоймадағы немесе егін жинау кезінде шашылған тұқымдардың ішінде қыстайды. Қуыршақтану осы жерде өтеді. Имаго тұқым қабығы арқылы ұшады. Потенциалды көп циклді түр. Жұмыртқаны тұқым ішіне салады. Дернәсілдер тұқымның ішіндегісін жеп зиян келтіреді.
Күресу шаралары. Зиянкестің санын азайту үшін дер кезінде шығынғы ұшырапай жинап алу керек. Тұқым қалдықтарын астық тазалау машиналарынан кейін міндетті түрде жойып жіберу керек. Жоңышқа егістігіне көктемде & күзде тырмалау жұмыстарын жүргізіп отыру керек. Егер шанақтану кезінде аулағышпен 10 сермеу жасағанда, ересекткрдің саны 10-20 дана болса, онда егістікті инсектицидпен өңдейді.
