Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
457 Кб
Скачать
☆

3.Зиянды бунақденелілерге қарсы қолданылатын бактериялық препараттар.

Бактерияның түр тармағы бунақденелиілерге қарсы пайдаланылатын бактериялық препараттар дайындалуға кең түрде қолданылады.бактериялардың бұл тобына кристалл тәрізді белокты қоспалар түзу немесе параспоралды дене түзу тән.Мұндай қоспалар,әсіресе қабыршақ қанаттыларға залалды болады.Bacillus туысына кейбір түрлерге факультативті патоген (ауру қоздырғыш):Bacillus cereus Fr. жатады.Бұлар бунақденелілерге улы зат С-фосфолипазаны жеткіліті мөлшерде бөлгенде ол-ң ішкі клеткалары бұзылып,улы зат ие денесінің қуысына енеді. АҚ КӨБЕЛЕК, с.ұ.,титр не менее 50 млрд жизне-способных спор/г (споро-кристаллический комплекс культуры Bacillus thuringiensis, var. кurstaki, штамм 2123-3к)

ҚӨҚ&КҒЗИ ЖШС, Қазақстан Қырыққабаттың ақ көбелегі, шалқанның ақ көбелегі (1-3 жастағы жұлдызқұрты), қырыққабат күйесі, Алма күйесі,Американдық ақ көбелек Мақта көбелегі, карадрина (1-2 жастағы жұлдызқұрты)Жұпсыз жібек көбелегі, көктеректің тісті жібек көбелегі,долана жапырақ ширатқышы,Жүзім жапырақ ширатқышы

БИОТУРИН АСПОРОГЕННЫЙ, жентек(кристаллический комплекс культуры Bacillus thuringiensis, var. кurstaki)Биомедпрепарат-инжинирингтік орталық АҚ, ҚазақстанА-412.2019 ж. Дәннің сұр көбелегі (балаң құрттарының алғашқы кезеңінің 100 масаққа 20 данадан аспағанда

Мақта көбелегі (балаңқұрттары 1-3 жаста),Жұпсыз жібек көбелегі, қарағай мүркөбелегі, жапырақ ширатқыштар, шаңқан көбелегі

ЛЕПИДОЦИД, жентек,спорово-кристаллический комплекс культуры Bacillus thuringiensis, var. kurstaki Биокорм ЖШС, ҚазақстанА-412.2013 ж. Американдық ақ көбелек (жұлдызқұртары 1-3--ші жаста).Жұпсыз жібек көбелегі (1-3 жастағы жұлдызқұрты)

№3

1 Рапс дақылының зиянкестері & олармен күресу шараларының кешені.

Рапс егеуіші – Athaliacolibri Christ.(Hymenoptera отр, Tenthredinidaeтұқ). Айқышгүлді тұқ-на жат-н өс-рді, әсіресе қыша мен рапсты зақымдайды.Ересек дарақтар қызыл-сары түсті, арқасында 4 дақ & 2 жұп түссіз қанаттарының басында сары дақтар бар. Жәндіктің басы қара түсті. Ұрғашысының құрсаққа қарай созылған ара тәрізді жұмыртқа қоймасы бар. Денесінің ұз.7-8 мм. Құрты – жалған жұлдызқұрт, кіршең-жасыл түсті, басы қара. Қатпарлы денесінде ұзына бойына қара-қоңыр жолақтар мен ұсақ сүйелдер бар.ересек жалған жұлдызқұрттың ұз.18-25 мм.

Соңғы жастағы жұлдызқұрттар топырақта пілләларда қыстайды. Көктемде олар қуыршақтанады да, мамырдың аяғында – маусымның басында әртүрлі айшықгүлді & шатыр тәрізді ө-ң тозаңы мен балауызымен қоректенетін жәндіктер п.б. Жәндіктер жұптасып, жұмыртқа салады.

Ұрғашылары жапырақтардың төменгі жағына тарамыстарды бойлай жұмыртқа салады. Мұндайда ұрғашы жәндік жапырақ қабығын теседі де, әрбір тесікке жұмыртқа салып, оларды жылдам қататын сұйықтықпен жауып тастайды. Жұмыртқа салған жерлерде төмпешіктер түзіледі. Ұрықтық даму 5-12 күнге созылады. Жұмыртқадан шыққан жалған жұлдызқұрттар жапырақтармен қоректенеді, ол-ң шеті мен ортасын қалай болса солай жейді, бірақ жуан тарамыстарға тиіспейді (өрескел қоректену). 2-3 аптадан соң жұлдызқұрттар өз дамуын аяқтап, топыраққа енеді де, онда 7-15 см тереңдікте өте тығыз піллә жасап, сонда қуыршақтанады. 10-14 күннен кейін қуыршақтардан ІІ ұрпақтағы ересек жәндіктер шығады, ол-ң жұлдызқұрттары көбінесе тамыз айында зиян келтіреді. Зиянкес 2-3 ұрпақ береді.

Күресу шаралары.Арамшөптерді жою & зиянкес көп дамыған алқапты сүдігер өңдеу. Өңдеулерді «Тізімге...» сәйкес инсектицидтермен жүргізеді. ЭЗШ саны 12% егіс танабында 2-5 құрт өсімдікті құрайды.

Рапс қандаласы (Eurydema oleracea L.) ұз.5,5-8 мм. Алдыңғы арқасының ортасында қызыл, сары немесе ақ түсті, артына қарай ұлғайған жолақтар бар.

Ересек қандалалар түскен жапырақтардың астында, орман шетінде, көшетжайлар мен бақтарда ағаштардың түбінде, жыралардың шеттерінде & басқа жерлерде қыстайды. Ерте көктемде олар қыстаған орындарынан шығып, бастапқыда арамшөптерде, кейін крестгүлді дақылдарда қоректенеді. Ұрғашылары жұмыртқаларын (бөшке тәрізді, дөңес қақпақшасымен; жұмыртқалардың жоғарғы & төменгі жақтары қара құрсаумен жиектелген) жапырақтардың төменгі жағына салады; әрбір қоймада екі қатарға орналастырылған 12 дана жұмыртқа болады. Дернәсілдердің келтіретін зияны ересек қандалалардың тигізетін залалымен бірдей. Шаншылған жерлерде ақшыл дақтар п.б. Қатты зақымданған жапырақтар бірден сарғайып, қурап қалады, ал жас өс-р өліп қалуы да мүмкін. Гүл жаратын өркендердің зақымдануы салдарынан генеративтік мүшелері (гүлдері мен түйіндері) шашылып қалады, ал пайда болған бұршаққындардағы дәндер солғын болады. 1-2 айдан кейін дернәсілдер ересек жәндікке айналады. Айқышгүлді қандалалар 1-3 ұрпақ беріп дамиды.

Күресу шаралары. Тыңайтқыштар енгізу, арамшөптерді жою, қауданның түйнектелуі кезінде әрқайсысы 5 өсімдік құрайтын 20 сынамада тексеру жүргізеді & рапста 5-8қандала/м2 анықталған жағдайда, «Тізімге...» сәйкес инсектицидтермен өңдеу жүргізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]