Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
457.02 Кб
Скачать

2 Қызылша аурулары. Қызылшаны ауру­лардан жүйелі қорғау шаралары.

Қызылша тамырының қатерлі ісігі. Қоздырғышы - Pseudomonas tumefaciens бактериясы. Қызылша тамырының қатерлі ісігін тудыратын бактериялар қызылшадан басқа, ө-ң 60-қа жуық түрлерін залалдайды. Көбінесе қант қызылшасында кездеседі, бірақ соңғы уақытта суармалы жерлерде өсірілетін ас қызылшасына да тарай бастаған. Залалданған тамырда ісік п.б. Ол өсе келе тамыржемістің өзінен де үлкен болып кетеді. Оның үстіңгі беті тегіс немесе кедір - бұдыр болады. Осы өсіндінің тамырмен байланысқан жері жіңішке & жеңіл сынады. Қатерлі ісік көбіне тамыржемістің мойынында п.б, ал тамырдың төменгі жағында сирек кездеседі. Өсіп даму кезеңінде ісіктің ұлпалары шірімейді & ол-ң ішінде қуыстар болмайды.Зақымданған өс-р нашар дамып, аз өнім береді. Сақтау кезінде ісігі бар жемістер шіріп кетеді. Ісіктер бактериялардың әсерінен жасушалардың көп бөлінуінен п.б. Ісік өсінділерді тексергенде Pseudomonas tumefaciens табылмайды. Бактериялар топырақта сақталып, жиналады & өсімдікке тамырдағы жаралар арқылы енеді.Ол-ң дамуына қолайлы жағдайлар – топырақ РН реакциясының 7-ге тең болуы & жоғары (25-30° С) температура. Күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану; аурудан сау аналық өс-рді отырғызу.

Қызылша церкоспорозы - Cercospora beticola Sacc. (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales реті).Негізінен шеткі жапырақтарда, дақтар түрінде байқалады. Дақтардың пішіні сопақша, ұзындығы 2-4 мм, түсі сұрғылт қоңыр, шеттері қызыл-күлгін түспен жиектелген. Ең алғашқы жапырақтардағы дақтар ірі болады (диаметрі 0,5-1 см). Ылғалды ауа-райы жағдайында дақтарда саңырауқұлақ споротүзгіштерінің сұрғылт өңезі байқалады. Конидиилер жел мен су арқылы тарап, ауру келесі жапырақтарға жұғады. Ауру қатты дамығанда дақтар тұтасып кетеді де, жапырақ түгелдей қурап қалады. Бірінші кезекте ең ірі шеткі жапырақтар, ал одан кейін келесі қатардағы зақымданған жапырақтар өледі. Ең жас жапырақтар ауруға төзімді, сондықтан жасыл болып қала береді.Зақымданған өсімдік қалдықтарында жуан жіпшелердің жиынтығы қыстайды. Көктемде ескі церкоспороздық дақтарда саңырауқұлақтың конидиялық споратүзгіштері дамиды. Кейбір жағдайларда аурудың қоздырғыштары тұқымда сақталып таралуы мүмкін. Аурудың әсерінен ассимиляция төмендейді, қанттану азаяды, жапырақтар жаппай қурап, тамырдың өсуі тоқтайды. Күресу шаралары: егін орағынан кейін танаптан өсімдік қалдықтарын жинап алу керек, терең жыртуды уақытылы жүргізіп, арамшөптерді жою, қызылшаны минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру, топырақта ылғал жинау & оны сақтау бойынша шаралар (қар тоқтату, қопсыту, арамшөптерді жою) жүргізу қажет. Тұқымды «...Тізім » бойынша дәрілеп, ал өсу кезеңінде қажет болған жағдайда фунгицидтерді пайдалану.

Қызылшаның тамыр жегісі. Қоздырғыштардың, қолайсыз жағдайлардың әсерінен & тұқым сапасы төмен болған жағдайда пайда болатын ауру. Қоздырғыштары –2...3 жұп жапырақтары қалыптасқанға дейін әлсіз өскіндердің тамырын, тұқым жарнағының сағағын & тұқым жарнағы асты буынын қарайтып шірітеді. Негізгі қоздырғыштары: Aphanomyces cochlioides Drechsl. (Oomycetes класы, Saprolegniales ќатары), Pythium debaryanum Hesse (Oomycetes класы, Peronosporales ќатары), Phoma betae Fr. (Deuteromycetes класы, Sphaeropsidales ќатары), Rhizoctonia solani Kuhn. (Deuteromycetes класы, Mycelia sterilia ќатары), Fusarium (Deuteromycetes класы, Hyphomycetales ќатары). Аурудың алғашқы белгілері тұқым жарнағы асты буынында немесе тамырында шыны тәріздес дақ, қара сызықтар немесе жолақтар түрінде байқалады. Кейін олар жіңішкереді, қарайып шіріп кетеді. Ауруға шалдыққан өскіндер өліп қалады, немесе нашар дамып өнімді аз береді (40%-ке дейін).Аурудың қоздырғыштары топырақта, қызылша қалдықтарында & тұқымда сақталады. Қызылшаның тамыр жегісіне төзімді сорттары жоқ. Қызылша өскіндері алғашқыда жақсы өсіп дамыса тамыр жегісі ауруына ұшырамайды. Күресу шаралары: ауыспалы егісті, жақсы алдыңғы дақылды пайдалану; тұқымды іріктеп егу; көктеу кезінде топырақты қопсытып тұру; құрғақшылық жылдары тұқымды еккеннен кейін топырақты тығыздау & тұқымды «Тізім » бойынша дәрілеу қажет.

Ақ ұнтақ - Erysiphe communis f. betae (Ascomycetes класы, Erysiphales қатары).Аурудың алғашқы белгілері жаздың ортасына қарай, құрғақшылық & ыстық кезде байқалады. Жапырақтардың бетінде алғашқыда азғантай, кейіннен тұтасып жапырақты толық басып кететін ақ ұнтақ п.б. Жапырақ қурайды. Жаз бойы саңырауқұлақ конидийлерімен тарайды. Аурудың қоздырғыштары өсімдік қалдықтары мен тұқымда клейстотецийлер түрінде сақталады. Күресу шаралары: өсімдік қалдықтарын жою; ауыспалы егісті пайдалану; минералдық тыңайтқыштарды енгізу & уақытымен суару. Қажет болған жағдайда «...Тізім » бойынша фугицидтермен өңдеу.

Қызылшаның пероноспорозы - Peronospora schachtii Fuck. (Oomycetes класы, Peronosporales қатары). Пероноспороз бірінші жылғы & тұқымдық қызылшаны залалдайды. Ауру негізінен ө-ң жас мүшелерінде байқалады. Орталық жапырақтар ақшылданып, шеттері қайрылады, жуандайды & сынғыш келеді. Жапырақтардың астыңғы бетінде ылғалдылық жағдайында конидийтүзгіштерден & конидийлерден тұратын сұрғылт-күлгін түсті µњез түзіледі. Саңырауқұлақ танаптағы өсімдік қалдықтарында ооспоралар, сондай-ақ тамыржемістің жоғарғы бөлігінде немесе тұқымда мицелий түрінде сақталады, кейін одан ооспоралар дамиды. Залалданған тамыржемістерді көшіріп отырғызғанда, өсіп келе жатқан жапырақтарында жалған ақ ұнтақтың белгілері байқала бастайды. Мұндай тамыржемістер аурудың бастапқы көзі болып табылады. Өсіп даму кезеңінде саңырауқұлақ конидийлер арқылы тарайды. Аурудың тұқымда & өсімдік қалдықтарында сақталатын ооспоралардан тарауы да мүмкін. Күресу шаралары: ауыспалы егісті пайдалану; бірінші жылғы мен тұқымдық қызылша танаптарын бір - бірінен алыс орналастыру (1 км ); өсімдік қалдықтарын жою; топырақты терең жырту; тұқымды дәрілеу & тазалау; зақымданбайтын сорттарды таңдау; ауру қатты дамығанда тұқымдық алқаптарды «...Тізім » бойынша фунгицидтермен өңдеу қажет.

Қызылща фомозы - Phoma betae Fr. (Deuteromycetes класы, Sphaeropsidales ќатары). Фомозбен қызылшаның барлық түрі & саумалдық ауырады.Жапырақта түсі сары-қоңыр, дөңгелек пішінді, ірі (диаметрі 0,2-1 см), шоғырланып орналасқан дақтар п.б. Дақтардан қара нүктеге ұқсаған саңырауқұлақ пикнидтерін көруге болады. Сабақтың зақымданған жері ағарып, оларда да пикнидтер дамиды. Жаңбыр кезінде немесе шық болғанда пикнидтерден көп споралар бөлінеді. Phoma betae қызылша тамыр жегісінің де қоздырғышы болып табылады & тамыржемістерді қыста сақтағанда, әсіресе үйінділерде сақтағанда қара құрғақ шіріктің тууына әкеп соқтырады. Залалданған тұқымдық қызылшаларды отырғызғанда олар өспей қалады немесе солғын, зақымданған дәндер береді. Мұндай тұқымдарды сепкенде ауру өскіндер шығады. Аурудың қоздырғышы топырақта, өсімдік қалдықтарында, тамыржемісте & тұқымда сақталады. Күресу шаралары: тыңайтқыштар енгізу; механикалық зақымдануды болдырмау; қоймаға салар алдында ауру жемістерден тазарту; «...Тізім » бойынша дәрілермен тұқымды дәрілеп & тұқымдықтарды фунгицидпен өңдеу қажет.

Қызылша таты - Uromyces betae (Pers) Lev. (Basidiomycetes класы, Uredinales қатары).Қызылшаның барлық түрлерін зақымдайды. А.қ бір қожалық тат саңырауқұлағы. Өс-р бірінші & екінші жылдары зақымданады. Жаздың басында өскіндердің тұқым жарнағы жапырақтарында & тұқымдықтардың жас жапырақтарында ұсақ, сары ұнтақ түріндегі саңырауқұлақтың эцидиалды сатысы дамиды. Эциоспоралар желмен тарап қызылшаның сау жапырақтарын зақымдайды. Жазда жапырақтардың екі бірдей жағында, жапырақ сағағында диаметрі 1 мм дейін жеке немесе біріккен ашық-қоңыр түсті урединилер п.б. Пісіп жетілген урединиоспоралар жаз бойы тарап қызылшаны зақымдайды. Күзде ескі жапырақтарда көбінесе урединиилердің айналасында қара-қоңыр түсті телиопустулалар шығады. Ауру топырақтағы өсімдік қалдықтарында сақталатын телиоспоралардан тарайды, & аналық қызылша мен тұқым да ауру көзі болып табылады. Көктемде телиоспоралар өсіп қызылшаны зақымдайды. Таттың дамуына жылы, ылғалды ауа-райы қолайлы. Күресу шаралары: өсімдік қалдықтарын жою;

Шоқа шірігі – тамыржемістерді сақтау кезінде саңырауқұлақ & бактериялар тудыратын ауру. Қоздырғышына байл өс-рінің бетінде түрлі-түсті (ақ, сұр, қызғылт & басқа да түрлі) зең дамиды. Ауру қызылшаны дұрыс өсірмеуден, тасымалдамаудан & сақтамаудан п.б. Көп жағдайда зақымданған тамыржемістер сұр, қоңыр немесе қара түске боялады. Егер ауру саңырауқұлақтан дамыса онда шірік құрғақ болады, ал бактериялардан болса онда тамыржемістер кілегейленіп жұмсарып кетеді. Ауру тамыржемістің механикалық зақымдануынан басталады & ол-ң қанттылығы азаяды. Күресу шаралары: тыңайтқыштар салу; зиянкестермен & аурулармен күресу; механикалық зақымдануды болдырмау, қоймаға салардың алдында ауру тамыр жемістерден тазарту қажет.

Ризомания. Қант қызылшасының әлемнің барлық елдерінде таралған қауыпты вирус ауруы. Қоздырғышы плазмодиофоралық Polymyxa betae Keskin саңырауқұлағы арқылы тарайтын, қызылша тарамыстарын сарғайтып, бүлдіретін вирус (Beet necrotic vein yellow virus, BNVYV). Аурудың қоздырғышы топырақта жиналып сақталады. Вируспен залалданған тамыржемістерде көптеген қосалқы тамырлар п.б, сондықтан бұл ауруды «тамыржемістердің сақалдануы» деп атайды. Залалданған тамыржеміс кішкентай & қатты болады. Аурудың дамуына жоғары температура (25°С), топырақтың ылғалдылығы, мөлшерден көп суару, жер асты суының жақын орналасуы, сондай-ақ топырақтың бейтарап немесе сілтілі реакциясы қолайлы болады.