- •5В072800 «Өнімді өңдеу технологиясы» мамандықтарына
- •Мазмұны
- •4.9.2 Жұмыс бағдарламасы
- •Физколлоидты химия
- •5В072800 «Өнімді өңдеу технологиясы» мамандықтарына
- •4.9.3 Оқу бағдарламасы
- •5В072800 «Өнімді өңдеу технологиясы» мамандықтарына
- •Tycihikteme жазба
- •Пәннің мазмұны
- •I бөлім. Химиялық термодинамикалық негізі және оны химиялың процестерге қолдану
- •II бөлім. Фазалык, тепе-теңдік және электролит емес ерітінділердің ілімі
- •III бөлім.Электрохимия
- •IV бөлім. Химиялық кинетика және катализ
- •Ұсынылатын лабораториялық жұмыстардың
- •Ұсынылған hегізі әдебиеттер:
- •4.9.3 Оқу бағдарламасы
- •5В072800 «Өнімді өңдеу технологиясы» мамандықтарына
- •1 Оқытылатын пәннің сипаттамасы
- •Пәннің мақсаты мен міндеттері
- •3 Алдыңғы реквизиттер мен кейінгі реквизиттер
- •Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •Пәннің мақсаты мен міндеттері
- •6.Пәннің мазмұны
- •Дәрістік сабақтар тақырыптары
- •Практикалық сабақтар тақырыптары
- •Зертзханалық сабақтар тақырыптары
- •Соөж / моөж тақырыптары
- •Сөж / мөж тақырыптары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Баға жайында ақпарат Бағалау критерийі
- •Баллдар щкаласы
- •Студенттердің тәртіп саясаты және процедурасы
- •Студенттің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар (оқытушылар таңдауы).
- •10. Ұсынылған әдебиттер:
- •8.1. Негізгі және косымша әдебиеттер:
- •4.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •4.2 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі
- •4.3 Пән бойынша соөж, сөж тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі
- •Дәрістік сабақтардың мазмұны
- •4.4. Сөж және сөож сабақтарының мазмұны
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Глоссарий физколлидты – химия.
- •Химиялық термодинамика
- •Энергияның түрлері
- •Термодинамиканың 1-ші заңы
- •1. Термодинамиканың бірінші бастамасы, анықтамалары, мәні.
- •2. Термодинамиканың 1-ші заңының математикалық сипатталуы.
- •1. Жылу сыйымдылық, сипаттама
- •2. Меншікті және молярлы жылу сыйымдылық түрлері. 3.Нақты жылу сыйымдылық,орташа жылу сыйымдылық
- •2. Меншікті және молярлы жылу сыйымдылық түрлері.
- •3. Нақты жылу сыйымдылық,орташа жылу сыйымдылық
- •Гесс заңдары
- •2. Гесс заңының салдарлары
- •3. Химиялық реакциялардың жылу эффектілерінің температураға тәуелділігі. Кирхгофф теңдеуі.
- •Термодинамиканың екінші бастамасы.
- •1. Өздігінен жүретін және өздігінек жүрмейтін процесстер. .Термодинамиканың екінші заңы:анықтамлары, мәні .Карно циклі
- •2.Қайтымды, қайтымсыз процесстердің жұмысы мен жылуы.
- •Бірінші және екінші занның теңдеулерін біріктіріп жазсақ
- •Темодинамикалық тепе-теңдік
- •1. Тепе - теңдік константасы Ле - Шателье принципі а) қысымның әсері б) температура әсері в) концентрация әсері
- •2. Изотерма, изобара және Вант-Гофф изохораның теңдеулері.
- •3.Клаузиус-Клапейрон теңдеуі. Ле - Шателье принципі
- •Изотерма теңдеуі
- •4. Химиялық потенциал.Парциалды мольдік шамалар.
- •Фазалық тепе-теңдік.
- •1. Фаза, фаза туралы түсінік. Гиббс фазаларының ережесі.
- •2.Біркомпонентті диаграммалар. Судың күй диаграммасы.. Біркомпонентті гетерогенді жүйелер
- •Сурет 1 Судың күй диаграммасы.
- •3. Екі компонентті диаграммалардың негізгі түрлері. Олардың құрастыру принциптері.
- •Ерітінділер. Идеалды ерітінділер.
- •Идеалды ерітінділер. Рауль заңы.
- •Генри заңы.
- •Коновалов заңдары. Коноваловтың 1 заңы.. Коноваловтың екінші заңы.
- •Таралу заңы.
- •Электролит ертінділері. Реалды ерітінділер.
- •1. Электролиттік диссоциация теориясының кемшіліктері
- •2..Күшті электролиттердің теориясы
- •3. Термодинамикалық белсенділік және оның анықтау әдістері.
- •Реалды ерітінділердің термодинамикасы.
- •Химиялық кинетика.
- •1. Негізгі түсініктері мен анықтамалары.
- •2. Статикалық жағдайлардағы қайтымсыз реакциялардың кинетикасы.
- •4. Реакция жылдамдығына температураның әсері. Гофф ережесі.
- •Катализ.
- •1. Катализаторлардың жалпы қасиеті. Катализаторлардың өзіндігі. Оң және теріс катализ.
- •2. Катализаторлардың активтену энергиясына әсері. Негізгі түсініктер.
- •3. Гомогенді катализ (механизм).. Гомогенді катализдегі активациялық қисықтар
- •Гетерогенді процестердің кинетикасы
- •1. Гетерогенді химиялық реакция
- •2. Гетерогенді катализ..
- •3. Гетерогенді катализдің механизмі Дифффузия мен адсорбцияның ролі.
- •Электрохимия.
- •Электродты процестер
- •1. Стандартты потенциал Гальваникалық элементтер.
- •2. Гальваникалық элементтердің термодинамикасы.
- •3. Стандартты потенциал Нернст теңдеуі.
- •4. Электродтардың жіктелуі
- •5. . Химиялық элемент.
- •Электродтық процестердің кинетикасы.
- •1. Электролиз. Электролиз заңдары. Фарадей заңдары.
- •2. Электролиз. Электролиз заңдары. Фарадей заңдары.
- •3. Диффузиялық потенциал, диффузиялық поляризация
- •Бөлшектерінң шамасына қарай
- •Лиофобты зольдердің каогуляциясы мен тұрақтылығы
- •Конденсациялық әдіс арқылы дисперстік жүйелерді алу
- •Химиялық конденсация
- •Дисперстік жүйелерді тазалау
- •Дисперстік жүйелердің оптикалық қасиеттері
- •1.Дисперсік жүйелерде жарықтың шашырауы
- •2.Жарықтың жұтылуы (адсорбциясы)
- •3.Фарадей- Тиндаль эффектісі
- •Дисперстік жүйелердің электрлік қасиеттері. Қос электрлік қабаттың құрылысы Қос электрлік қабаттың пайда болу механизмі
- •Электрокинетикалық құбылыстар
- •Микрогетерогенді жүйелер
- •Фазааралық бөлу беттеріндегі молекулалық әрекеттесулер-беттік құбылыстар Беттік қабаттың термодинамикалық сипаттамалары
- •Когезия мен адгезия. Когезия және адгезия жұмыстары
- •Капиллярлық қысым
- •Капиллярдың бойымен сұйықтың көтерілуі
- •Адсорбция құбұлысы
- •1.Адслрбция, оның түрлері
- •2.Ертінді-газ шекарасындағы адсорбция
- •3. Сұйытылған ерітінділердегі адсорбция
- •Сұйытылған ерітінділердегі адсорбция
- •Шишковский теңдеуі
- •Лэнгмюр теңдеуі
- •4.9.9. Зертханалық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар
- •2. Тапсырма: Химиялық, реакцияның жылу тиімділігін есептеу.
- •Тапсырманы орындау реті:
- •2. Ерітіндінің парциальдық молярлы жылуын жөне еру энтропиясын анықтау
- •Тапсырманы орындау реті:
- •Тапсырманы орындау реті:
- •Тапсырманы орындау реті:
- •1.4. Химиялық тепе-теңдктіі экспериментады. Зертгеудің пршщипі
- •9. Лабораториялық жұмыс: Үш компонентті (системалар) жүйелер
- •2 Үш құралас бөлікп жүйелердің өзара ерігіштігі
- •Тапсырманы орындау реті:
- •Жұмыстың барысы:
- •Тапсырманы орындау реті:
- •Нәтижелер мен есептеулерді теориялық түсіндіру
- •4.9.7 Практикалық (семинарлық) сабақтар жоспары
- •4.9.7 Практикалық (семинарлық) сабақтар жоспары Методикалық нұсқаулар
- •2.8.Курс бойынша емтихан сұрақтары
Микрогетерогенді жүйелер
Беттік белсенді заттардың тіршілікте және мұнай өңдірісінде маңызы зор микрогетерогенді жүйелердің суспензия және эмульсия сияқты түрлерін жасақтауға ролі өте ерекше. Суспензия кезінде қатты дисперсті фаза бөлшектерінің сулы ортада тұрақтылығы ББЗ молекуласының қатысуына тікелей байланысты. Эмульсияның негізгі шарты – дисперсіленуші фазаның дисперсті ортада ерімеуі. Эмульсияның екі түрі бар: 1. майдың судағы эмульсиясы, 2. судың майдағы эмульсиясы. Эмульсияның түрлерінің жақсы сақталуында ББЗ молекулаларының ролі өте зор. Олар дисперсіленген бөлшектерге адсорбцияланады. Фазалар шегінде олар сольват қабатын жасақтайды. Мысалы, қаймақты сүт эмульсиясының тұрақтылығына сүт құрамындағы белоктардың тигізер әсері өте зор, олар майдың сыртқы қабатын өздерінің радикалдар жағымен қоршап тұрады. Ал қан құрамындағы оның қызыл түйіршіктері эмульсиясының тұрақтылығына белоктар, амин қышқылдары т.б. молекулалар эмульгатор ролін атқарады. Адам организмі майды эмульсия түрінде қорытады. Сүт, қаймақ, сары май бұлар эмульсияның мысалдары. Ал өсімдік немесе жануар майын тамақ ретінде пайдаланған кезде оларды эмульсияға айналдыру алғашында асқазанда жүреді, одан кейін жіңішке ішекте жалғасады. Эмульсияның түзілуіне көмектесетін өт, өйткені оның құрамында хол қышқылдары кіреді, сілтілік ортада олардың тұздары жақсы эмульгаторлар. Ал судың майдағы эмульсиясына сары май, маргарин жатады. Бұған сонымен қатар жер астынан өндірілетін мұнайды да алуға болады. Бұнда су түйіршіктері эмульсиялары ББЗ молекулалары көмегімен мұнай ішінде сақталады.
Енді осы қарастырған мысалдар негізінде сабын және басқа да кір алғыш ұнтақтар құрамындағы ББЗ молекулаларының кірді алудағы ролін негізінде қарастырайық.
Кез келген бет үстіне жабысқан кір бөлшегі гидрофобты, яғни оған су жұқпайды. Сондықтан бет үстінен кір бөлшегін алу үшін ББЗ – дың коллойдты ерітінділері қолданылады. ББЗ ерітіндісі немесе сабынның сулы ерітіндісіндегі ББЗ молекулалары өздерінің көмірсутек радикалдары жағымен кір бөлшегі үстіне адсорбцияланады. Мұның нәтижесінде ББЗ ерітіндісінің концентрациясы өзгермейді. Олардың саны ББЗ мицелінің ыдырауымен толтырылады. БАЗ молекулалары қатты кірге және тазаланатын бетке адсорбцияланып, олардың арасына біртіндеп енеді. Мұның нәтижесінде оларды бір бірінен ажырататын қысым пайда болады. Кір бөлшектері су ерітіндісіне көтеріліп, эмульсияға не суспензияға ұшырайды, ал БАЗ молекулалары бұл процестерде кір бөлшектерінің беттен алшақтауында үлкен роль атқарады.
Көбіктер деп дисперсті фаза – газ, ал дисперсионды орта сұйық болатын ірі дисперсті, жоғары концентрациялы системаларды айтады. Көбікті газдың сұйықтықтағы концентрациялы эмульсиясы деп қарастыруға болады. Егер системада газдың концентрациясы аз болатың болса, онда оның көпіршіктері шар тәріздес болады да, өзара бірікпей сұйықтық көлемінде еркін қозғалыста болады. Мысалы, қатты ағынды кран суын және жоғары қысымдағы көмір диоксиді мен қаныққан суды алатың болсақ, олар сүттей ақ түсті болып келеді, яғни бөгде бір бөлшектермен, жүзінділермен ластанғандай болып көрінеді. Ол қысымның төмендеуіне байланысты ерітіндіден бөлінетін газ көпіршіктері. Газ көпіршіктері эмульсия түсіп тез жіктеледі де, су тез арада мөлдірленеді. Бұл типтегі системаларды көбіктер деп атамай, жай ғана газдардың сұйықтықтағы эмульсиясы деп атайды. Нағыз көбіктерде газ фазасы система көлемінің негізгі бөлімін (98-99%) құрайды. Газ көпіршіктері сұйықтақтың өте жұқа қабатымен бөлінген көп қырлы формада болады. Көбік структурасы ұяшық типтес болады. Бұл типтегі көбіктер эмульсиялар сияқты тұрақсыз. Көбіктер газ көпіршіктермен сұйықтың жанасу беті өте үлекен болғандықтан және система тұрақты күйге келу үшін шектеулі беті кішірейетіндіктен, олар тез бүлінеді, яғни тұрақсыз болады. Тұрақты көбік алу үшін системаға беттік энергияны кішірейтетін үшінші компонент – стабилизатор қосу керек. Көбіктін тұрақтылығын арттыратын заттарды көбік түзгіштер деп атайды. Көбік түзгіштер ретінде сабындар, жоғары молекулалы қосылыстар, фенол және т.б. заттар пайданылады. Стабилизаторлар газ – ерітінді жанасу бетінде адсорпцияланып, механикалық берік және бағытталған молекулалар қабатың түзеді. Сондықтан көбіктердің тұрақтылығы артады.
Эмульсиялар бір – бірінде ерімейтін сұйықтардың ірі дисперсті қоспалары. Бұл типтегі системаларда бір сұйықтық дисперсионды орта ролін атқарса, екіншісі біріншісінде өте ұсақ бөлшектер түрінде таралып, дисперсті фаза ролін атқарады. Эмульсиялар табиғатта көп таралған. Мысалы, мұнай, түрлі шырындар, сүт, сары май, маргарин, қаймақ және т.б.
Әдетте, эмульсиялар судан және «май» деп аталатын екінші сұйықтан тұрады.«Май» ролін сумен араласпайтын кез келген сұйықтық атқарады. Мысалы, эмульсия құрамына кіретін сумен араласпайтын сұйықтықтар: бензин, керосин, бензол, минерал, жануар және өсімдік майлары және т.б. полярсыз сұйықтықтар майлар деп белгіленеді. Екі сұйықтықты бірінде бірін дисперстеу арқылы судағы май (М/С) және майдағы су (С/М) эмульсиясы түрлерін алуға болады. Мысалы, бензолды суда дисперстеу арқылы оның судағы эмульсиясын және керісінше суды бензолда дисперстеу арқылы судың бензолдағы эмульсиясын алуға болады. Бірінші жағдайда судағы май (М/С), ал екінші жағдайда майдағы су (С/М) эмульсиясын аламыз.
Эмульсияны дисперсионды ортаның қасиетіне қарай үшке бөлуге болады: 1) Өзінің дисперсионды ортасымен сәйкес келетін сұйықтармен еркін араласатын эмульсиялар; 2) дисперсионды ортада ерімтал бояулармен оңай боялатын эмульсиялар; 3) электр өткізгіштігі жоғары эмульсиялар. Әдетте, судағы май типтес эмульсиялар майдағы су типтес эмульсияларға қарағанда электр тогын әлде қайда жақсы өткізеді. Құрамындағы дисперсті фазаның мөлшеріне байланысты эмульсияларды тағы да үш топқа боледі: 1) сұйық эмульсиялар, 2) концентрациялы эмульсиялар; 3) жоғары концентрациялы эмульсиялар.
ДӘРІС 14
