Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20114-2015. физкол.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.71 Mб
Скачать

Катализ.

Жоспар

1. Катализаторлардың жалпы қасиеті. Катализаторлардың өзіндігі. Оң және теріс катализ.

2. Катализаторлардың активтену энергиясына әсері. Негізгі түсініктер.

3. Гомогенді катализ (механизм).. Гомогенді катализдегі активациялық қисықтар

1. Катализаторлардың жалпы қасиеті. Катализаторлардың өзіндігі. Оң және теріс катализ.

Көптеген химиялық реакциялардың жылдамдығын реакцияға бөгде бір заттарды қатыстыру арқылы өзгертуге болады. Бөгде заттардың аз ғана мөлшері әсерінен реакция жылдамдығы кенеттен өседі, не азаяды., ал бөгде зат реакция аяғында таза күйінде бөліріп шығады. Бұл құбылысты катализ деп, ал реакция жылдамдығын өзгертетін бөгде затты катализатор деп атайды.

Катализ құбылысы ерте заманнан белгілі, бірақ оны ғылыми түрде зерттеу өткен ғасырдың басында басталған. Катализ дейтін терминді ғылымға 1836 ж. Берцелиус енгізген. Катализдік реакциялар табиғатта кең таралған және олардың химиялық технологияда және өмірде де маңызы зор. Химиялық өнеркәсіптің өте маңызды процестері – күкірт қышқылын алу, аммиакты синтездеу, азот қышқылын алу т.б. көптеген реакциялар катализатор қатысында жүреді. Тіпті кейбір катализаторсыз өтеді дейтін реакциялардың өзінде ыдыс қабырғасы, реакция жүретін орта немесе реакция өнімі катализдік қасиет көрсетіп реакция жылдамдығын өзгертеді. Катализаторсыз жер бетіндегі тіршілік те мүмкін емес деуге болады. Тірі клеткаларда белоктың, майдың, көмірсулардың синтезі мен олардың ыдырау процестері жүреді. Бұл процестер биологиялық катализаторлар – ферменттердің қатысында жүреді. Ферменттердің катализдік активтілігі химиялық катализаторлардың активтілігінен әлдеқайда жоғары. Мысалы, ферменттің 1 молі бөлме температурасында 1 секундта 720 моль спиртті сірке альдегидіне айналдырады, ал өндірісте қолданылатын катализатордың 1 молі (мысалы, мыстың 1 моль -атомы) 2000С температурады спирттің 0,1-1 молін ғана сірке альдегидіне айналдырады.

Химиялық реакциялардың жылдамдығын өзгертіп және осы реакциядан кейін өзі өзгеріссіз қалатын заттарды катализатор дейді.

Осындай реакцияларда, яғни катализатордың қатысуымен жылдамдығы өзгере жүретін реакцияларды катализ деп атайды.

Каталиттік реакциялар гомогенді және гетерогенді болып бөлінеді.

Әрекеттесетін заттар мен ондағы катализатор біртекті жүйеден тұрса, яғни олардың бәрі де бір фазада болса, онда мұны гомогенді катализ дейді.

2. Катализаторлардың активтену энергиясына әсері. Негізгі түсініктер.

Катализ құбылысының өзіне тән бірнеше ерекшеліктері бар:

  1. Катализатор реакцияласатын затпен ешқандай стехиометриялық қатынаста болмайды, реакция аяғында таза күйінде бөлініп шығады.

  2. Катализатор реакцияның тепе-теңдік күйін өзгерте алмайды, ол тек реакцияның тепе-теңдік қалыпқа тез жетуін қамтамасыз етеді. Бұл термодинамикалық мүмкін емес реакцияларды катализаор көмегімен жүргізуге болмайды деген сөз. Катализатор тек мүмкін болатын реакциялардың жылдамдығын арттырып, тепе-теңдікті тез тудырады.

  3. Катализатордың келесі бір ерекшелігі олардың талғағыштық қасиеті. Берілген катализатор барлық реакцияларға сәйкес келе бермейді. Катализ туралы ілімнің негізін қалаушылардың бірі Оствальдың айтуынша әр құлыптың өзінің кілті болатындай, әр реакцияның тек өзіне сай катализаторы болады.

  4. Катализаторға тән тағы бір жалпы ерекшелік – олардың селективтілігі. Катализаторлың берілген реакция үшін тиімділігі оның талғамалы әсерімен қатар, реакцияны қажетті бағытта жүргізе алатындығы. Катализатордың реакцияны белгілі бір бағытта жүргізе алатын қасиетін оның селективтілігі дейді.

Реакцияға түсетін заттар мен реакциядан шығатын өнімдердің және катализатордың агрегаттық күйлеріне қарап катализ гомогенді катализ және гетерогенді катализ болып екіге бөлінеді.

Гомогенді катализ деп реакцияласушы заттар, реакция өнімдері және катализатор барлығы да бір фазада болатын процестерді айтады. Гомогенді катализде реакция көбінесе сұйық, не газдық фазада өтеді.

Гетерогенді катализ деп реакцияласушы заттар, реакция өнімдері және катализатор барлығы да бір фазада болатын процесті айтады. Мұнда катализатор әдетте қатты күйде, ал басқа заттар сұйық, газ күйінде болады.

Гомогенді катализге қышқылдық-негіздік катализ де жатады. Қышқылдық-негіздік катализде катализатор ретінде қышқылдар мен негіздер қолданылады.

Кейбір жағдайларда катализатор ролін реакцияға түсетін немесе реакциядан шығатын заттардың бірі атқарады. Мұндай катализді автокатализ деп атайды.

Жалпы айтқанда, катализатор химиялық реакцияның жылдамдығын өзгертеді: егер жылдамдық артатын болса- оң катализ, ал кемитін болса – теріс катализ дейді