Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қ А Р Ж Ы шпор новый.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
377.34 Кб
Скачать

23.Қ р Ұлттық Банкісінің ақша банкноталары мен монеталарын эмиссиялау функциясы.

Ұлттық банк- заңды төлем құралын яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар ҰБ –ның эмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма-қолсыз эквивалент алу формасында болады. ҰБ банкнота мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталуын, жою және қолма-қол ақшанаң инкассация тәртібін орнатады. Эмиссия- бұл иемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін. Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия- айналысқа банкнота мен монелардың қосымша шығарылуын сипаттайды. Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі себептерінің бірі-кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп айырысулардың біртіндеп қолма-қол есеп айырысуларға ауысуы, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады. Депозиттік банктердің эмиссиясын депозиттік қарыздық операциялардың процесінде іске асады. Банкідегі депозиттер сомасы несие ақшаны құру үшін қажет потенциалын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар құрылады. Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу ҰБ-ның ақша базасы сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді. Ақша базасы бұл ҰБ шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы қолма-қол ақшалар міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер-бекітілген нормативтерге сәйкес ҰБ-де арнайы шотта несие корриспонденттік шотында сақталуына міндееті банк депозиттерінің бөлігі. Артық резервтер дегеніміз банктердің ҰБ-індегі корриспонденттік шоттардағы қалған қалдықтары.

24.Жергілікті бюджет жобасын қарау тәртібі.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жоба-сын тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей енгізеді.

Ауданның жергілікті атқарушы органы аудан (облыс-тық маңызы бар қала) бюджетінің жобасын тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей енгізеді. Тиісті мәслихаттар облыстықбюджеттің, республикалық маңызы бар қаланың, аста-наныңбюджеттерін ҚР Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей бекітеді.

Мәслихат ауданның бюджетін облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей бекітеді.Егер мәслихат белгіленген мерзімде жергілікті бюджет туралы шешімді қабылдамаған болса, тиісті әкімшілік-аумактық бірліктің жергілікті атқарушы органы кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы қаулы шығаруға құқылы, ол мәслихат жергілікті бюджетті бекіткенге дейін қолданылады. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет болжамыныңтөрттен бір бөлігі көлемінде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары бекіт-ілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс. Мәслихаттың жергілікті бюджеттуралы шешімі қосымшаларымен біргежәне кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы қосымшаларымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.