Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қ А Р Ж Ы шпор новый.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
377.34 Кб
Скачать

65.Қр экономикалық ж/е сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржылық полициясы) агенттігінің құқықтық жағдайы.

Қаржы полициясы органдары :

- Жалпы және арнайы жедел-ісздестіру шараларын жүзеге асыруға;

-Іс жүргізуде жатқан материалдар мен қылмыстық істер б\ша құжаттарға, материалдарға, статистикалық деректерге және өзге мәліметтерге қол жеткізуге, сондай-ақ ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарынан, жеке тұлғалардан оларды беруді талап етуге, олардың көшірмелерін түсіруге, түсініктемелер алуға.- Іс жүргізуде жатқан қылмыстық істер б\ша шақыру б\ша келуден жалтарып жүрген адамдарды күштеп әкелуге;

- ҚР қылмыстық іс жүргізу заңдарына және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып қоюға немесе арасынан алуды жүргізуге; - ҚР заңдарында көзделген тәртіппен тиісті уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторын пайдалануға;

Ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды күзетпен алып жүруге; - ҚП органдарының қарауына жатқызылған мәселелер б\ша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен, халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас жасауға; - Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді хаттамаға түсіру және қарау, әкімшілік ұстауды жүзеге асыру. - ҚР заңдарында көзделген жағдайларда уәкілетті органдардан және лауазымды адамдардан ревизиялар, тексерістер, аудит және баға беру ісін жүргізуді талап етуге; - ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен ҚП органдарына жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпарат жүйелерін құру және пайдалану, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер б\ша алдын ала тергеу, анықтау, іс жүргізу барысында зерттеулер ұйымдастыруға; - ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен ғылыми-зерттеу, оқыту, баспа қызметін жүзеге асыруға; - Жеке және заңды тұлғаларға қылмыстар және өзге де құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуға міндетті нұсқамалар мен ұсынымдар беруге құқылы;

66.Банктерді ерікті ж/е еріксіз түрде қайта құру тәртібі. Банкiлердi ерiктi түрде қайта құру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. Осы банк акционерлерiнiң жалпы жиналысы шешiмiнiң болуы банкiнi ерiктi түрде қайта құруды жүргiзуге рұқсат алу үшiн уәкiлеттi органға өтiнiш беруге негiз болып табылады.

Банкiнi ерiктi қайта құруға уәкiлеттi органның рұқсатын алу туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса тiркелуге тиiс: а) банкiнiң жоғары органының оны қайта құру туралы шешiмi; б) банкiнi қайта құрудың көзделiп отырған шарттарын, түрлерiн, тәртiбi мен мерзiмдерiн сипаттайтын құжаттар; в) банкiнiң ол қайта құрылғаннан кейiнгi және (немесе) банкiнi қайта құру нәтижесiнде құрылған заңды тұлғалардың есеп айырысу балансын қоса, қайта құру салдарының қаржылық болжамы. Банкiнi қайта құруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган оны қабылдаған күннен бастап екi ай iшiнде қарауға тиiс. Қайта құрылатын банк қайта құруды жүргiзуге уәкiлеттi органнан рұқсат алған күннен бастап екi апта iшiнде алдағы болатын өзгерiстер туралы өзiнiң барлық депозиторларын, клиенттерiн, корреспонденттерi мен қарыз алушыларын тiкелей хабардар ету арқылы және кемiнде екi республикалық газетке тиiстi хабарландыру жариялау арқылы хабардар етуге мiндеттi. Қайта құру нәтижесiнде құрылған заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу немесе қайта тiркеу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi.

Банктi ерiксiз қайта құру. Оңалту рәсiмдерi

 Банктi ерiксiз қайта құру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес соттың шешiмiмен, осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып жүргiзiледi. Банкке қатысты оңалту рәсiмi соттың шешiмi бойынша банктi мәжбүрлеп тарату жөнiндегi шаралар шеңберiнде, оның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шарттар мен талаптарды орындау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi. Сот банктi ерiксiз қайта құру не банкке қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзу туралы мәселенi уәкiлеттi органның тиiстi қорытындысы негiзiнде ғана шешуге құқылы. Банктi ерiксiз қайта құруды жүргiзудiң, оңалту рәсiмдерiнiң мiндеттi шарты банктiң өзiнде бар барлық депозиттердi мүдделi адамдарға ерiксiз қайта құру туралы шешiм қабылдаған күннен бастап бiр жылдың iшiнде қайтаруы болып табылады. Осы шартты рындамау банктi ерiксiз таратуға әкеп соғады. Банк өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және (немесе) анықталған кемшiлiктердi жою мүмкiндiгi болған кезде оның банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы мәселенi қарауына байланысты оған қатысты оңалту рәсiмдерiн қолдану туралы сотқа өтiнiш мәлiмдеуге құқылы. Банктi оңалту жоспары банктiң өтiнiшiмен қоса берiлуге тиiс. Банк өтiнiшiнiң бiр данасы қоса берiлетiн құжаттармен бiрге уәкiлеттi органға ұсынылады.Банктi ерiксiз таратуды жүзеге асырумен байланысты шығыстар оның қаржысы есебiнен жүргiзiледi.

Банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруды және оған қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзудi жүзеге асырудың өзге де мәселелерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.