- •1.Қаржылық қызметтің түсінігі, маңызы, мақсаты.
- •2.Қр банкілік жүйесі.
- •4.Қаржылық қызметтің міндеттері ж/е функциялары: ақша қорларын қалыптастыру, бөлу ж/е бақылау функциялары.
- •5.Қ р Ұлттық Банкісінің құқықтық жағдайы.
- •6.Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу тәртібін корсетіңіз.
- •7.Қаржының материалды категория ретіндегі ж/е экономикалық категория ретіндегі түсінігі.
- •8. Қазақстын Республикасындағы салықтық жүйе.
- •11.Қазақстан Респуликасындағы міндетті сақтандыру түрлері.
- •14.Жергілікті бюджеттер дегеніміз не?
- •15.Чекте міндетті түрде қандай мәліметтер көрсетілуі керек?
- •21.Республикалық бюджет жобасын қарау тәртібі.
- •22.Қаржылық құқықтың реттеу әдістері, олардың белгілері.
- •23.Қ р Ұлттық Банкісінің ақша банкноталары мен монеталарын эмиссиялау функциясы.
- •24.Жергілікті бюджет жобасын қарау тәртібі.
- •25.Қаржылық құқықтық нормалар, түсінігі,белгілері, ерекшеліктері, құрылысы.
- •26.Ақша айналымын реттеу әдістеріне қандай әдістер жатады?
- •27.Республикалық бюджет жобасын бекіту тәртібі.
- •28.Қаржылық құқықтық нормалардың түрлері.
- •29.Қ р ақша жүйесінің ерекшеліктері, белгілері.
- •30.Жергілікті бюджет жобасын бекіту тәртібі.
- •31.Қаржылық-құқықтық қатынастар, түсінігі, мазмұны, ерекшеліктері, түрлері.
- •32.Қаржылық қызметтің ақша қорларын пайдалануды ұйымдастыру әдістері.
- •35.Сақтандырудың күрделі формалары.
- •36.Банктік шот шартымен банктік салым шартының мазмұны.
- •37.Қаржылық бақылаудың тәсілдері.
- •39.Бюджетті нақтылау қандай жағдайларда жүргізіледі?
- •40.Қаржылық бақылаудың түрлері.
- •41.Қ р қаржылық құрылғысы, оның элементтері.
- •42.Республикалық ж/е жергілікті бюджеттерді түзетуге қандай жағдайларда жол беріледі?
- •44.Қ р қаржылық жүйесі, оған кіретін институттар (құрамы).
- •45.Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті табыс ету тәртібі.
- •46Қаржылық қызмет саласындағы басқаруды жүзеге асырушы органдардың жалпы сипаттамасы.
- •47.Қ р Ұлттық Банкісінің ақша-кредит саясатын жүзеге асырудағы қолданатын құралдары.
- •48.Сақтандыру ұймдарының құрылу тәртібі.
- •49.Қаржы министрлігі қаржылық қызметті жүзеге асырушы басты орган ретінде, оның функциялары, жанынан құрылған департаменттері.
- •50.Қаржылық құқығының құқықтар жүйесіндегі алатын орны.
- •51.Сақтандыру ұймдары қызметінің тоқталу тәртібі.
- •52.Экономика ж/е бюджетті жоспарлау министрлігі, атқаратын функциялары, оның жанынан құрылған департаменттер.
- •53.Қаржылық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі, тоқтауы негіздері.
- •57.Инкассолық өкім қалай жүзеге асырылады?
- •60.Кеден ж/е салық заңнамасына сәйкес берешекті ақшалай өндіріп алу.
- •61.Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің құқықтық жағдайы.
- •65.Қр экономикалық ж/е сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржылық полициясы) агенттігінің құқықтық жағдайы.
- •67.Қ р жалпы құзыретті қаржылық қызметті жүзеге асырушы органдары, олардың құқықтық жағдайы.
- •68.Қаржылық құқықтың жүйесі, оның қарастыратын институттары.
- •69.Банктерді ерікті ж/е еріксіз түрде тарату тәртібі.
- •70.Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері.
- •71.Қ р Ұлттық қоры, оның құқықтық жағдайы.
- •72.Салық төлеушінің салықтық міндеттемені орындауы.
- •73.Қр өкілетті органының сақтандыру саласын қадағалау ж/е бақылаудағы функциялары.
- •74.Қ р ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
- •77.Валюталық айналым режимі.
- •79.Қ р ақша жүйесінің элементтері.
- •80.Сақтандыру қатынастарының қатысушылары.
- •81.Салықтық тексеруді жүргізу тәртібі.
- •82.Қаржылық қызметтің құқықтық формалары.
- •83.Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы.
- •86.Республикалық бюджетте көрсетілетін мәліметтер.
- •87.Банктердің құрылу тәртібі.
- •89.Мемлекеттің бюджеттің түсінігі, маңызы, қабылдануы мақсаты.
- •90.Банкті консервациялау қалай жүзеге асырылады?
60.Кеден ж/е салық заңнамасына сәйкес берешекті ақшалай өндіріп алу.
Белгіленген мерзімде кедендік төлемдерді және салықтарды төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда берешек пайда болады. Берешекті кеден және салық органдары өндіріп алады.Салық заңнамасына сәйкес Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасау жағдайларын қоспағанда, салық органдары салық төлеуші заңды тұлғаның, заңдық тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкер-ң, жекеше нотариустың, адвокаттың салық берешегіне мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады. Мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшерінен аз мөлшерде салық берешегі бар салық төлеушілерге қатысты қолданылмайды.Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіпппен: 1) банк шоттарындағы ақша есебінен; 2) дебиторлар шоттарынан; 3) билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен; 4) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде жүргізіледі.
Кеден заңнамасына сәйкес кеден органдары берешекті өндіріп алу үшін:-Кеден кодексінде көзделеген тәртіппен төлеушіні хабардар ету,-Кедендік төлемнің немесе салықтың берешек бар түрі бойынша артық төленген кедендік төлемдер және салықтар сомасы есебінен немесе қайтаруға жататын депозит есебінен берешекті өндіріп алу;
61.Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің құқықтық жағдайы.
Тиіст комитет республикалық бюджеттің орындалуын бақылау б\ша мемлекеттік орган болып табылады. Ол ҚР ның Президентіне тікелей бағынышты және есеп береді. Есеп комитетінің басты тапсырмаларымен функциялары: 1)Респуликалық бюджеттің орндалуы б\ша ҚР ның заңдарымен өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылау. 2)Елбасының тапсырмаларын орындау. 3)Республикалық бюджетке түсетін қаражаттардың толықтығын және олардың пайдалану заңдылығын пайдалану. 4)Мемлекеттік бағдарламаларды орындауға бөлінген Республикалық бюджет қаражаттарының мақсатты пайдалануының қадағалау. 5)Республикалық бюджеттің орындалуы есептігін ҚР Парламентіне бекітуге беру.
Есеп комитеті өз тапсырмаларымен функцияларын орындау барысында мынандай құқықтарға ие. А)Республикалық бюджет қаражаттарының түсу толықтығымен пайдалануына қатысты мәселелер б\ша барлық меншік нысанындағы ұйымдар мен мемлекеттік органдарды ревизиялау және тексеруді іске асыру. Б) Республикалық бюджет қаражаттарына қатысты құжаттармен ақпараттарды ҚР Үкіметінен және өзгеде мемлекеттік органдардан сұрау және алу. Тексеру мен ревизиялау кезінде меллекеттік органдармен республикалық ұйымдармен мамандарын тарту. В) Республикалық орындалу мәлелелері б\ша Мемлекеттік органдармен ұйымдардың лауазымды тұлғалардың есебін тыңдау. Г) Бюджет қаражаттарын пайдалануда лауазымды тұлғалардың әрекетінде қылмыс белгілері анықталған жағдайда тексерумен ревизиялаудың материялдарын құқыққорғау органдарына беру. Есеп комитетінің құрамы 9 адамнан тұрады және оған: ҚР Президентімен тағайындалатын Төраға, Парламентпен тағайындалатын 4 мүше, (әр палата 2 мүшеден) ҚР ның үкіметімен тағайындалатын 4 мүшені құрайды. Есеп комитетінің барлық мүшелері 5 жыл мерзімге тағ. Есеп комитеті каулы қабылдайды.
62.Сақтандыру қатынастарына қатысушы субъектілердің түсінігі, олардың құқықтық жағдайы (сақтанушы, сақтандырушы, сақтандырылған тұлға, пайда көруші).Сақтандыру нысандары: Міндеттілік дәрежесі б\ша ерікті және міндетті. Сақтандыру обектісі б\ша жәке және мүліктік. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру негіздері б\ша жинақтаушы және жинақтаушы емес болып табылады. Міндетті сақтандыру заң актілері талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Міндетті сақтандырудың түрлері, тәртібі мен талаптары заң актілері мен белгіленеді. Өз өмірін не денсаулығын сақтандыру міндетін азаматқа заң актілері мен де, шартпен де жүктеуге болмайды. Міндетті сақтандыру сақтанушы есебінен жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру тараптардың еркіне карай жүзеге асырылатын сақтандыру. Сақтанушы деп сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Заңды тұлғалармен азаматтар сақтанушылар бола алады. Сақтандырушы деп сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға шартта айқындалған соманың шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті тұлға. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқықына лицензиясы бар заңды тұлға не ҚР ның өзара сақтандыру заңнамалық актісіне сәйкес өзара сақтандыру қоғамы ғана сақтандырушы бола алады. Пайда алушы деп Сақтандыру шартына және сақтандыру туралы заң актілеріне сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға, Заңды тұлға да азаматта пайда алушы бола алады. Сақтандырылған адам өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға. Егер шартта өзгеше көзделмесе сақтанушы бір мезгілде сақтандырылған адам болып табылады.
63.Уәкілетті орган банктерге санкция ретінде қандай шаралар қолдана алады? Уәкiлеттi орган төменде көрсетiлген негiздер бойынша банкiге бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан оған санкциялар қолдануға құқылы. Санкциялар ретiнде уәкiлеттi орган мынадай шаралар қолдануға: а) айыппұл салуға; б) барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұруға не одан айыруға; в) банкiнi консервациялауға;г) банк ашуға берiлген рұқсаттан айыруға құқылы;д) банк акцияларын уәкiлеттi орган белгiлеген баға бойынша акцияларды, кейiннен жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша мiндеттi түрде дереу сату, сонымен бiр мезгiлде банк пен оның акционерлерiнiң барлық құқықтары мен мiндеттемелерiн беру шартымен, мәжбүрлеп сатып алу туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күнгi оның мiндеттемелерiнiң сомасы шегерiлген банк активтерiнiң құнын негiзге ала отырып шешiм қабылдау; е) банктiң басшы қызметкерi лауазымына тағайындауға келiсiмiн бiр мезгiлде керi қайтарып ала отырып басшы қызметкерiнiң iс-әрекетiнiң қолданылып жүрген заң талаптарына сай келмейтiнiн тануға жеткiлiктi мәлiметтер негiзiнде лауазымды мiндеттерiн атқарудан шеттету. з) банктiң және банк конгломератының өз капиталы жеткiлiктiлiгiнiң коэффициенттерiнiң мәндерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарымен белгiленген нормативтерден елу проценттен аз деңгейге дейiн төмендеген жағдайда, банк ж\е уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен кредиттiк серiктестiк болып қайта құрылуға мiндеттi. Акционерлер акцияларын сенiмгерлiкпен басқаруға беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгiнуге құқылы. Уәкiлеттi орган санкцияны қолданған жағдайда, қызметiнен шеттетiлген қызметкерлердi жұмыстан босату туралы шешiмдi оларды тиiстi қызметтерге тағайындаған немесе сайлаған органдар қабылдайды.
64.Жергілікті бюджеттің түсім көздері ж/е қаражаттардың жұмсалуы мақсаты. Облыстық бюджетке түсетiн түсiмМыналар:1) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша жеке табыс салығы; 2) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша әлеуметтiк салық 3) қоршаған ортаға эмиссия төлемақысы; 4) облыстық маңызы бар мемлекеттiк ақылы автомобиль жолдарымен жүргенi үшiн алым; 5) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы; 6) жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы; 7) орманды пайдаланғаны үшiн төлемақ?8) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы облыстық бюджетке түсетiн салық түсiмдерi болып табылады. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiне түсетiн түсiмдер 1. Мыналар: 1) жеке табыс салығы; 2) әлеуметтiк салық 3) жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсiпкерлердiң мүлкiне салық 4) жер салығы; 5) бiрыңғай жер салығы; 6) көлiк құралдарына салық 7) тiркелген салық 8) мыналарға: Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген спирттiң барлық түрiне; Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген алкоголь өнiмiне; Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңiл автомобильдерге (мүгедектерге арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейiмделген автомобильдерден басқа); бензинге (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынына акциздер; 9) жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы; 10) орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы; 11) қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы; 12) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы; 13) жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы; 14) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым; 15) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым 16) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi, сондай-ақ оларды қайта тiркегенi үшiн алым; 17) аукциондардан алым; 18) республикалық маңызы бар қаланың, астананың ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүргенi үшiн алым;19қалалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiне салық түсiмдерi болып табылады.
