Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қ А Р Ж Ы шпор новый.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
377.34 Кб
Скачать

73.Қр өкілетті органының сақтандыру саласын қадағалау ж/е бақылаудағы функциялары.

Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, сақтандыру рыногындағы iстiң жайына мемлекеттiк бақылау жасауды қамтамасыз етудi қоса, уәкiлеттi мемлекеттiк орган және мемлекеттiң өзге де органдары өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган - ҚР заңдарына сәйкес сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау жөнiндегi функциялар мен өкiлеттiктi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.Уәкiлеттi мемлекеттiк органның функциялары және өкiлеттiгi 1) Қ Р сақтандыру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын қалыптастыруды, сақтанушылардың және сақтандыру рыногының өзге де қатысушыларының заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзедi; 2) сақтандыру рыногын реттеу принциптерi мен әдiстерiн, сақтандыру қызметiн қадағалауды ұйымдастыру тәртiбiн белгiлейдi; 3) сақтандыру ұйымдарын құруға рұқсат бередi; 4) сақтандыру ұйымының iрi қатысушысы мәртебесiн алуға рұқсат беру және оны керi қайтарып алу тәртiбiн айқындайды, сақтандыру ұйымының iрi қатысушысы мәртебесiн алуға рұқсат бередi, iрi қатысушының сақтандыру ұйымының дауыс беретiн акцияларын тiкелей және жанама иелену үлесiн белгiлейдi ; 5) сақтандыру ұйымының акцияларымен мәмiле жасауға келiсiм бередi; 6) сақтандыру ұйымының өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына және таратылуына келiсiм бередi; 7) сақтандыру ұйымының еншiлес ұйым құруына, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қомақты қатысуына рұқсат бередi ; 8) сақтандыру ұйымдары үшiн тәуекелдердi басқару жүйесiнiң болуы жөнiнде талаптар белгiлейдi; 8) сақтандыру қызметiн, сақтандыру брокерiнiң қызметiн, сақтандыру рыногындағы актуарий қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру тәртiбiн осы Заңның талаптарын ескере отырып айқындайды және лицензиялар бередi; 9) сақтандыру портфелiн берудiң тәртiбiн айқындайды; 10) сақтандыру ұйымы үшiн пруденциялық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi, жарғылық капиталдың, кепiлдiк беру қорының, төлем қабiлеттiгi маржасының ең аз мөлшерiн қоса, белгiлейдi және олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi; 11) Қ Р заң актiлерiне сәйкес өзге де функцияларды, өкiлеттiктер мен құқықтарды жүзеге асырады.

74.Қ р ақша жүйесінің құқықтық негіздері.

ҚР ақша жүйесі – құқылық нормалармен ретке келтірілген, еліміздің ақша айналымын жоспарлы түрде ұйымдастыратын формалар мен тәсілдердің жиынтығы. Ақш жүйесінің құқықтық негіздері д/з еліміздің ақша бірлігін «теңге» және оның құрамын, оларды айналымға шығару және қамтамаыз етутәртібін, ақша жүйесін және ұлттық валютаны қорғау шараларын, аақша айналымын ұйымдастырудың негіздерін белгілейтін н.қ.а б.т. Қазіргі ақша жүйесі 1993 ж. 15 қарашадан «ҚР Ұлттық валютасын енгізу туралы» 1993 ж. 12 қарашадағы Президент Жарлығына сәйкес жүзеге аса бастады. Осы кезден бастап ҚР ұлттық валюта – теңге заңды төлем құралы б.т., және ол 100 тиыннан тұрады. «ҚР-ның Ұлттық Банкі туралы» ҚР-ның 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңға сәйкес, Ұлттық Банк ақша айналысын басқаруды, ҚР-ның мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзудi ж.асырады, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрден-бiр эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды,  ҚР-да валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады,   төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етеді, қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етеді. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР-ның 2005 жылғы 13 маусымдағы Заңы ҚР-да валюталық құндылықтардың айналысының тәртiбiн белгілеу; ҚР-ның дүниежүзілік экономикаға одан әрi кiрiгуi үшін жағдайлар жасау; валюталық операциялар мен капитал легi жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз етуді көздейді.

75.Қайтыс болған тұлғаның ж/е хабар-ошарсыз кеткен тұлғаның салықтық міндеттемесі қалай орындалады? Жеке тұлғаның салық мiндеттемесi ол соттың күшiне енген шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен деп танылған кезден бастап тоқтатыла тұрады. Сот хабарсыз кеткен деп таныған жеке тұлғаның салық берешегiн хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның мүлкiне қорғаншылық жасау жөнiндегi мiндет жүктелген адам өтейдi. Егер хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның мүлкi салық берешегiн өтеу үшiн жеткiлiксiз болса, онда оның салық берешегiнiң өтелмеген бөлiгiн салық органы мүлiктiң жеткiлiксiздiгi туралы сот шешiмi негiзiнде есептен шығарады. Сот адамды хабарсыз кеткен деп тану туралы шешiмнiң күшiн жойған кезде, бұрын салық органы есептен шығарған салық берешегiнiң күшi осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмiне қарамастан, сот тәртiбiмен қайта басталады. Жеке тұлғаның қайтыс болған күнгi, сондай-ақ оны соттың күшiне енген шешiмi негiзiнде қайтыс болды деп жариялау күнгi жиналып қалған салық берешегiн оның мұрагерi (мұрагерлерi) мұраға қалдырылған мүлiктiң құны шегiнде және мұраны алған күнгi ондағы үлесiне барабар өтейдi. Егер қайтыс болған жеке тұлғаның, сондай-ақ соттың күшiне енген шешiмi негiзiнде қайтыс болды деп жарияланған жеке тұлғаның мүлкi салық берешегiн өтеу үшiн жеткiлiксiз болса, онда салық берешегiнiң өтелмеген бөлiгiн салық органы мүлiктiң жеткiлiксiздiгi туралы сот шешiмi негiзiнде есептен шығарады. Егер мұрагер (мұрагерлер) кәмелетке толмаған болса, онда жеке тұлғаның қайтыс болған күнгi немесе оны қайтыс болды деп жариялау күнгi жиналып қалған салық берешегiн өтеу бойынша мiндеттеме соттың күшiне енген шешiмi негiзiнде ғана осындай мұрагерге (мұрагерлерге) мұраға қалдырылған мүлiктiң құны шегiнде және мұраны алған күнгi ондағы үлесiне барабар шекте жүктеледi. Жеке тұлғаның қайтыс болған күнгi немесе оны соттың күшiне енген шешiмi негiзiнде қайтыс болды деп жариялау күнгi жиналып қалған салық берешегi, егер: 1) кәмелетке толмаған мұрагер (мұрагерлер) соттың күшiне енген шешiмi негiзiнде осындай берешектi өтеу жөнiндегi салық мiндеттемесiнен босатылса; 2) мұрагерi (мұрагерлерi) жоқ болса, өтелген болып саналады. Сот жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмнiң күшiн жойған кезде бұрын салық органы есептен шығарған салық берешегiнiң күшi осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмiне қарамастан, сот тәртiбiмен қайта басталады. Осы баптың ережелерi, қайтыс болған немесе соттың күшiне енген шешiмi негiзiнде қайтыс болған деп жарияланған дара кәсiпкерге де, жекеше нотариусқа да, адвокатқа да қолданылады.

76.Қ Р Ұлттық Банкісі –Үкіметтің, мемлекттік органдардың банкі, кеңесшісі, агенттігі ретіндегі функциясы.ҰБ Қ Р орталық банкі болып табылады және ҚР банк жүйесінің жоғары(бірінші) деңгейін білдіреді. ҰБ басқа елдердің орталық банктерімен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы –кредит ұйымдарында өз құзыреті шегінде ҚР мүддесін білдіреді.

Қазақстан Ұлттық Банкі:Қазақстан Республикасының мемлекеттің ақша кредит-саясатын жүргізеді, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бірден-бір эмитенті болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды.Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім б\ша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қарыздарына қызмет көрсетеді;

Банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі б\ша Қазақстан Ұлттық банкінде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға кредит беруге құқылы.Банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілейтін тәртіппен және шартпен банктердің және басқа да ұйымдардың алған кредиттері б\ша Қазақстанның Ұлттық Банкі алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы;

Банк операцияларының мынадай түрлерін жүргізу тәртібін айқындайды: банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденьттік шоттарын ашу және жүргізу; жеке жіне заңды тұлғалардың метал шоттарын ашу және жүргізу, оларды осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардың жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетіледі;кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру, аккредитив ашу және растау мен ол б\ша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ банкаралық клирингті жүзеге асыру ,төлем карточкалары мен чек кітапшаларын шығару және пайдалану тәртібін айқындайды;