Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қ А Р Ж Ы шпор новый.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
377.34 Кб
Скачать

21.Республикалық бюджет жобасын қарау тәртібі.

ҚР Үкіметі республикалықбюджеттуралы заңның жобасын Қ Р Парламентіне ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей енгізеді. Республикалық бюджетағымдағы қаржыжылының 1 желтоқсанынан кешіктірілмей, әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы палаталардың бөлек отырысында бекітіледі.

Егер ҚР Парламенті ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін республикалық бюджеттуралы заңды қабылдамаса, ҚР Президенті кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджет туралы заңды Қ Р Парламенті бекіткенге дейін қолданылады. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс. Республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен бірге, Р Президентінің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

22.Қаржылық құқықтың реттеу әдістері, олардың белгілері.

Қаржылық құқықтық реттеу әдісі ретінде қаржылық қатынасқа қатысушыларға мемлекет құқықтар мен міндетттерді белгілей отырып ықпал ету тәсілі.Қаржылық құқық 2 әдісті қолданады: императивті және диспозитивті. Императивті әдісте қатысушылар міндетті түрде орындауы керек құқықтар мен міндеттерді белгілеумен сипатталады. Императивті әдіс белгілері: 1) ол 2 жақтың тәртібін тиянақты,нақты реттейді. 2) 2 жақ мемлекетпен белгіленген жағдайлардан ауытқи алмайды, олар міндетті сипатқа ие. 3) 2 жақтың өзара құқықтары мен міндеттері мемлекетттен туындайды. 4) міндетттерді орындамау заңды жауапкершілігінің туындауына әкеп соғады. 5) мемлекеттің талаптарын орындау оның мәжбүрлеу механизмі болуымен кепілдендіріледі. 6) 2 жақтың таңдау мүмкіндігінің шектеулі немесе мүлдем жоқ екендігі 7) мемлекет атынан шығатын субъект көп жағдайда 2-ші жаққа қарағанда кең құқықтарды иеленеді. Диспозитивті әдіс- императивті әдіске қарағанда ондай қатал емес,барлық құқықтар мен міндетттер құқықтық актпен реттелмеген,кейбір құқықтар мен міндеттер 2 жақтың келісімімен шешіледі Диспозитивті әдіс белгілері: 1) 2 жақтың құқықтары мен міндеттері 2 құқықтық қайнар көзбен қалыптасады: а) осы қатынасты реттейтін нормативтік-құқықтық актілер б) 2 жақпен келісілген келісім 2) мемлекеттің талаптарды міндетттеуші сипатымен емес, оларға яғни субъектілерге өз еркін білдіру мүмкіндігін берумен сипатталады. 3) қатынасты реттейтін акт мемлекеттің атынан шығатын субъектілерге құқықтармен қатар міндеттерді туғызады 4) 2 жақтың қаржылық құқықтық қатынастары теңдік сипатта 5) диспозитивті әдіспен реттеу барысында қаржылық қатынастың заңды нысаны болып қаржылық құқықтық келісім болады. 6.) қаржылық құқықтық шарт 2 жақты, яғни мемлекетке кең көлемде құқықтар бурумен сипатталады.