- •1.Қаржылық қызметтің түсінігі, маңызы, мақсаты.
- •2.Қр банкілік жүйесі.
- •4.Қаржылық қызметтің міндеттері ж/е функциялары: ақша қорларын қалыптастыру, бөлу ж/е бақылау функциялары.
- •5.Қ р Ұлттық Банкісінің құқықтық жағдайы.
- •6.Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу тәртібін корсетіңіз.
- •7.Қаржының материалды категория ретіндегі ж/е экономикалық категория ретіндегі түсінігі.
- •8. Қазақстын Республикасындағы салықтық жүйе.
- •11.Қазақстан Респуликасындағы міндетті сақтандыру түрлері.
- •14.Жергілікті бюджеттер дегеніміз не?
- •15.Чекте міндетті түрде қандай мәліметтер көрсетілуі керек?
- •21.Республикалық бюджет жобасын қарау тәртібі.
- •22.Қаржылық құқықтың реттеу әдістері, олардың белгілері.
- •23.Қ р Ұлттық Банкісінің ақша банкноталары мен монеталарын эмиссиялау функциясы.
- •24.Жергілікті бюджет жобасын қарау тәртібі.
- •25.Қаржылық құқықтық нормалар, түсінігі,белгілері, ерекшеліктері, құрылысы.
- •26.Ақша айналымын реттеу әдістеріне қандай әдістер жатады?
- •27.Республикалық бюджет жобасын бекіту тәртібі.
- •28.Қаржылық құқықтық нормалардың түрлері.
- •29.Қ р ақша жүйесінің ерекшеліктері, белгілері.
- •30.Жергілікті бюджет жобасын бекіту тәртібі.
- •31.Қаржылық-құқықтық қатынастар, түсінігі, мазмұны, ерекшеліктері, түрлері.
- •32.Қаржылық қызметтің ақша қорларын пайдалануды ұйымдастыру әдістері.
- •35.Сақтандырудың күрделі формалары.
- •36.Банктік шот шартымен банктік салым шартының мазмұны.
- •37.Қаржылық бақылаудың тәсілдері.
- •39.Бюджетті нақтылау қандай жағдайларда жүргізіледі?
- •40.Қаржылық бақылаудың түрлері.
- •41.Қ р қаржылық құрылғысы, оның элементтері.
- •42.Республикалық ж/е жергілікті бюджеттерді түзетуге қандай жағдайларда жол беріледі?
- •44.Қ р қаржылық жүйесі, оған кіретін институттар (құрамы).
- •45.Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті табыс ету тәртібі.
- •46Қаржылық қызмет саласындағы басқаруды жүзеге асырушы органдардың жалпы сипаттамасы.
- •47.Қ р Ұлттық Банкісінің ақша-кредит саясатын жүзеге асырудағы қолданатын құралдары.
- •48.Сақтандыру ұймдарының құрылу тәртібі.
- •49.Қаржы министрлігі қаржылық қызметті жүзеге асырушы басты орган ретінде, оның функциялары, жанынан құрылған департаменттері.
- •50.Қаржылық құқығының құқықтар жүйесіндегі алатын орны.
- •51.Сақтандыру ұймдары қызметінің тоқталу тәртібі.
- •52.Экономика ж/е бюджетті жоспарлау министрлігі, атқаратын функциялары, оның жанынан құрылған департаменттер.
- •53.Қаржылық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі, тоқтауы негіздері.
- •57.Инкассолық өкім қалай жүзеге асырылады?
- •60.Кеден ж/е салық заңнамасына сәйкес берешекті ақшалай өндіріп алу.
- •61.Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің құқықтық жағдайы.
- •65.Қр экономикалық ж/е сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржылық полициясы) агенттігінің құқықтық жағдайы.
- •67.Қ р жалпы құзыретті қаржылық қызметті жүзеге асырушы органдары, олардың құқықтық жағдайы.
- •68.Қаржылық құқықтың жүйесі, оның қарастыратын институттары.
- •69.Банктерді ерікті ж/е еріксіз түрде тарату тәртібі.
- •70.Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері.
- •71.Қ р Ұлттық қоры, оның құқықтық жағдайы.
- •72.Салық төлеушінің салықтық міндеттемені орындауы.
- •73.Қр өкілетті органының сақтандыру саласын қадағалау ж/е бақылаудағы функциялары.
- •74.Қ р ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
- •77.Валюталық айналым режимі.
- •79.Қ р ақша жүйесінің элементтері.
- •80.Сақтандыру қатынастарының қатысушылары.
- •81.Салықтық тексеруді жүргізу тәртібі.
- •82.Қаржылық қызметтің құқықтық формалары.
- •83.Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы.
- •86.Республикалық бюджетте көрсетілетін мәліметтер.
- •87.Банктердің құрылу тәртібі.
- •89.Мемлекеттің бюджеттің түсінігі, маңызы, қабылдануы мақсаты.
- •90.Банкті консервациялау қалай жүзеге асырылады?
67.Қ р жалпы құзыретті қаржылық қызметті жүзеге асырушы органдары, олардың құқықтық жағдайы.
Қаржылық қызмет саласындағы басқаруды жүзеге асырушы органдар: 1. Мемлекеттік өкімет органдары: а) Парламент э) Жергілікті өкілді органдар - маслихаттар, 2. Мемлекеттік басқару органдары: а) Жалпы күзыретгі органдар: Президент; Министрлер Кабинеті; Жергілікті атқарушы органдардың бас шылары - әкімдер;ә) Салалық жөне функциялық құзыретті органдар: министрліктер, ведомстволар; жергілікті атқарушы органдарды, басқармалары; кәеіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың болімдеріКРМинистрлер Кабинеті: республикалық бюджеттің жобасын жасайды, оның орындалуы туралы есептерді қарайды; қаржылық ресурстардың барлық түрлерін жүмылдыру және пайдалану есебінен республика аумағындағы кешенді экономикалық, әлеуметтік жөне мәдени дамуларды қамтамасыз етеді; министрліктер, ведомстволар және басқа мемлекеттік басқару орғандары арқылы кәсіподакдардың, үйымдар мен мекемелердін қаржылық қызметтерін бақылайды. Жергілікті атқарушы органдардың басшылары - әкімдер: бюджет жобасын әзірлеп, тиісті маслихатқа бекітуге табыс етеді және бюджеттің орындалуын қамтамасыз етеді; бюджеттен тыс қорлар қүрып, олардың нысаналы мақсатын анықтайды және оларға енген қаржыны жұмсайды; несие, заем және басқа да ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер туралы шешім қабылдайды, шарттарға, және басқа да құжаттарға қол қояды; сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асырады жеке т.б. Салалық құзыретті органдар - министрліктер мен ведомстволардың өкілеттіліктері: өздерінің қарамағына берілген бюджеттік қаржылар мен кредиттік ресурстарды өздеріне бағынышты кәсіпорындар мен бірлестіктердің арасында бөледі; сала б\ша қаржылық ресурстарды жоспарлайды; өздеріне бағынышты кәсіпорындар мен бірлестіктердің бақылау сандарын және нормативтері мен лимиттерін бекітеді, өндірісті дамыту, әлеуметтік-мәдени шараларға, ғылым мен техникакы дамытуға, материалдық ынталандыруға арнап сала ішінде орталыктандырылған ақша қорларын қүрады жене т.б.
68.Қаржылық құқықтың жүйесі, оның қарастыратын институттары.
Қаржылық құқықтың жүйесі-ол оның ішкі құрылымы және ол бір-бірімен байланыста болатын көптеген құрама элементтерден тұрады. Дамып келе жатқан қаржылық құқықтық қатынастардың обьективті себептер болған жүйеден қаржылық қызметті жүзеге асыру процесінде пайда болған, қаржылық нормалардың кезектілігінің бірігуі мен орналастырылуы.Жалпы бөлімнің институттары:Қаржылық құрылымның құқықтық негізіҚаржы жүйесінің құқықтық негіздері
Мемлекеттік қаржылық басқару
Мемлекеттік қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері
Қаржылық құқықтық жауапкершілікті құқықтық реттеу
Ерекше бөлім институттары:
Бюджет құқығы
Бюджеттен тыс қорларды құқықтық реттеу
Банк қызметінің жария құқықтық негіздері
Сақтандыру қызметінің жария құқықтық негіздері
Қаржылық шаруашылық құқық
69.Банктерді ерікті ж/е еріксіз түрде тарату тәртібі.
Ерiктi тарату Банк акционерлерiнiң жалпы жиналысы оны ерiктi тарату туралы шешiм қабылдағаннан кейiн банк жеке тұлғалардың депозиттерiн оларды тiкелей төлеу жолымен қайтару не оларды депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару жөнiндегi шараларды қолдануға мiндеттi. Жеке тұлғалардың депозиттерiн қайтару, сондай-ақ оларды басқа банкке аудару тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады. Жеке тұлғалардың депозиттерiн қайтаруды жүзеге асырғаннан кейiн банк уәкiлеттi органға өзiн ерiктi таратуға рұқсат беру туралы өтiнiшхатпен жүгiнуге құқылы. Өтiнiшхатқа акционерлердiң жалпы жиналысында бекiтiлген банктiң өз қызметiн тоқтатуға дайындалу мерзiмдерi мен кезеңдерi туралы iс-шаралар тiзбесi, банктiң өз мiндеттемелерi бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшiн қаражатының жеткiлiктi екендiгi туралы куәландыратын баланстық есеп, тарату комиссиясының мүшелерiне кандидаттардың, оның iшiнде филиалдарында не өкiлдiктерiнде құрылатын бөлiмшелерiнiң тiзiмi және басқа да қажеттi мәлiметтер қоса берiлуге тиiс. Қажеттi мәлiметтер тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi. Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат алу туралы өтiнiшiн уәкiлеттi орган тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды қабылдаған күннен бастап екi ай iшiнде қарауға тиiс. Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган бұл туралы дәлелдi шешiм қабылдап, банкке хабарлайды. Ерiктi түрде тарауға рұқсат алған жағдайда банк банктiң филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, тарату комиссиясын құрады, оған банктiң мүлкi мен iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк ауысады. Ерiктi түрде таратылатын банктердiң тарату комиссиялары қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. Ерiктi таратылатын банктiң тарату комиссиясының қызметiне бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Ерiктi түрде тарауға рұқсат алғаннан кейiн банк бұл туралы ақпаратты әдiлет орталық органының ресми басылымдарында жариялауға тиiс. Тарату комиссиясы банктi тарату туралы баланс пен есептi бекiткеннен кейiн жетi күн мерзiмде оны Әдiлет министрлiгi мен уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi. Банктi тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi. Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға қаржысы жеткiлiксiз болған жағдайда, банк банкроттық негiздер бойынша ерiксiз түрде таратылуы тиiс. Ерiктi түрде таратылу процесiн аяқтаудың мүмкiн еместiгiне байланысты уәкiлеттi орган банктiң жұмысын ерiксiз тоқтату (тарату) туралы сотқа жүгiнуге құқылы. Банктердi ерiксiз тарату түрлерi Банктердi ерiксiз таратуды сот: а) банк банкроттығына; б) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген негiздер бойынша банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензиялардан айыруға; в) банк заңдарында көздеген басқа негiздер бойынша банк қызметiн тоқтату туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың, заңды немесе жеке тұлғалардың өтiнiшiне (қуынымына) байланысты жүргiзедi.
