Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қ А Р Ж Ы шпор новый.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
377.34 Кб
Скачать

14.Жергілікті бюджеттер дегеніміз не?

Қ Р мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалықбюджет; облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері; аудан бюджеті бекітіледі, атқарылады және дербес б.т.Облыстықбюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері, аудан бюджеті жергілікті бюджеттерге жатады.

БК-менн айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қаланың, астананыңжергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумактық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталыктандырылған ақша қоры облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері б.т. Облыстықбюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері тиісінше облыстық мәслихаттардың, республикалықмаңызы бар қала, астана мәслихаттарының шешімдерімен бекітіледі.

БК-мен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомство-лықбағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге жәнетиісті ауданда мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан бюджеті б.т. Аудан бюджеті аудан мәслихатының шешімімен бекітіледі.

15.Чекте міндетті түрде қандай мәліметтер көрсетілуі керек?

Чектер — өзінің шотынан чекті ұсынған адамға белгілі бір ақша қаражаттары сомасын төлеу жөніндегі төлеушінің банк мекемесіне берген жахбаша бұйрығы;

16.Төтенше бюджет дееніміз не?Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде қалыптастырылады және ҚР дағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніңдегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен ҚР Президентінің жарлығымен бекітіледі. ҚР бүкіл аумағында төтенше соғыс жағдайые енгізу және оның күшін жою туралы ҚР Президентінің жарлығы төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып табылады. Төтенше мемлекеттік бюджет қабылданғаны туралы ҚР республикасының парламенті дереу хабардар етіледі.Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытына тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтата тұрылады. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады. Төтенше мемелекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылған күннен бастап республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес жүзеге асады. ҚР жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді. ҚР бірнеше аймақтарының аумақтарында бір мезгілде төтенше жағдай енгізу төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және республиканың экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз бола алады.

17.Қ Р Қаржы нарығын ж/е қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу ж/е қадағалау агенттігінің құқықтық жағдайы. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды ҚР қадағалау рыногы агенттігі ж.а. ҚР қадағалау рыногы агенттігі ҚР Президентiне тiкелей бағынады және есеп бередi және Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн ол туралы Ереженiң негiзiнде әрекет етедi. ҚР қадағалау рыногы агенттігін қаржыландыру ҚР Ұлттық Банкiнiң бюджет қаражаты есебiнен ж.а. ҚР қадағалау рыногы агенттігі қаржылық ұйымдардың қызметiн реттеу және қадағалау мақсатында: - қаржылық ұйымдарды ашуға, оларды ерiктi түрде қайта құру мен таратуға рұқсат бередi және оны керi қайтарып алады, қаржылық ұйымдардың бөлiмшелерiн ашуға келiсiм бередi, сондай-ақ аталған рұқсаттар мен келiсiмдердi беру тәртiбiн айқындайды; - қаржылық ұйымдардың басшы қызметкерлерi лауазымдарына адамдарды сайлауға келiсiм бередi не келiсiм беруден бас тартады, сондай-ақ аталған келiсiмдi берудiң не беруден бас тартудың тәртiбiн айқындайды; - қаржы рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру, қолданылуын тоқтату және айыру тәртiбiн белгiлейдi, аталған лицензияларды бередi, қолданылуын тоқтатады және одан айырады; - қаржылық ұйымдар, қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар үшiн ҚР аумағында орындалуы мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады; -қаржылық ұйымдар үшiн, шоғырландырылған негiзде пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi; - қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғалары есептілігінің тiзбесiн, нысандарын, табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбiн белгілейді; - ҚР бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру және бухгалтерлiк есеп стандарттары туралы  заңдарын қаржылық ұйымдардың сақтауын бақылауды ж.а.; - қаржылық ұйымдар акционерлерінің жалпы жиналысына қатысу үшін өз өкілін жібереді; - аудиторлық ұйымды тарту арқылы қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғаларының қызметiн тексередi; - қаржылық ұйымдарға ҚР заң актiлерiнде көзделген шектеулi ықпал ету шаралары мен санкциялардың қолданылу тәртiбiн айқындайды және қолданады; - ҚР Үкiметiмен келiсе отырып, қаржылық ұйымдардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдайды;

- ҚР заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың тарату комиссияларының қызметiн бақылауды ж.а.;

18.Кеден заңнамасына сәйкес төлеушінің банк есеп шотынан берешек пен өсімпұлды өндіріп алу қалай жүзеге асырылады?Белгіленген мерзімдер ішінде төлеуші берешек пен өсімпұлды өтемеген жағдайда, кеден органдары жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банк шоттарынан даусыз тәртіппен ақша өндіріп алу туралы шешім шығарады. Даусыз өндіріп алу туралы шешім төлеушінің шоты ашылған банкке қажетті ақшаны төлеушінің шотынан есептен шығаруға және мемлекеттік бюджетке аударуға кеден органының инкассолық өкімін жіберу нысанында қабылданады. Шоттардан даусыз тәртіппен берешекті және өсімпұлды өндіріп алу ҚР-ның ұлттық валютасымен және шетел валютасымен жүргізіледі. Шоттардан берешек пен өсімпұлды шетел валютасымен өндіріп алу ҚР-ның заңдарына сәйкес айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ҚР-ның ұлттық валютасымен төленуге тиісті сомаға барабар сомада жүргізіледі. Кеден органының инкассолық өкімін орындауды банк ҚР-ның заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырады

19.Қаржылық құқықтың пәні, қаржылық қатынастардың ерекшеліктері. Мемлекеттің қаржылық қызметінің, яғни мемлекеттің ақша каражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар қаржылық құқықтың пәні болып табылады.Қаржылық экономикалық қатынастардың өздеріне тән ерекшеліктер мыналар: 1)Бұлар ақшаға байланысты қатынастар. 2)Қаржылық қатынастар мемлекеттің өсіп дамуымен, өркендеуімен байланысты болады және осы мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру процесін ақшалай қамтамасыз етеді.

3)Қаржылық қатынастар бөлу түрінде жүргізіледі және осы қатынастар арқылы қаржылардың алдында 3 функцияны ж.а. 4)Бұл қатынастар мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесінде п.б. 5)Қаржылық қатынастардың өздеріне тән, ерекше қасиеті олар балама түрінде ешқашан кездеспейді. Балама түрінде болмайтын себебі, олар «ақша тауар», тауар ақша қатынастарын жүзеге асырмайды. Қаржылы қатынастар тауар түріндегі құнның қарсы қозғалысына араласпайтын, ақша түріндегі құнның біржақты қозғалысын ғана білдіреді. 6)Бұл қатынастар экономикалық қатыначтар болып есептелгендіктен базмстің құрамына жатады.

7)Қаржылық қатынастар әрқашанда құқықтық формада кездеседі және олар тек қаржылық құқықтық қатынастар түрінде болады.

20. ҚР Ұлттық Банкісінің Басқару органдары, олардың құзыреті. Қазақстан ҰБ органдары Басқарма мен Директорлар кеңесі (директорат) б.т. ҰБ құрамына департаменттерден тұратын орталық аппарат пен басқа бөлімшелер, филиалдар, өкілдіктер мен ұйымдар кіреді. ҰБ Төрағасын Парламенттін келісімімен ҚР Президенті 6 жыл мерзімге сайлайды. Төраға ҚР ҰБ атынан іс әрекет етеді және мемлекеттік органдармен, банктермен, қаржы ұйымдармен, халықаралық, шетелдік және басқа ұйымдармен қарым қатынаста ҚР ҰБ сенім хатсыз ақ білдіреді. ҰБ ең жоғарғы органы Басқарма б.т. ҰБ Басқармасының құрамына ҰБ Төрағасы және ҰБ төрт лауазымды адамы ҚР Президентінен бір өкіл және ҚР Үкіметінен екі өкіл, сондай ақ уәкілетті органның басшысы кіреді, ҰБ Басқармасының негізгі функциялары: -мемлекеттік ақша кредит саясатын қолдау; - ҰБ банк қызметінің, бухгалтерлік есепке алудың, ақша төлемдері мен аударымдарының, вексель айналысының, валюталық операцияларды ж.а. және оларды сақталуын қадағалаудың жекелеген мәселелеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерін бекіту; -Банктерде операциялар жасауға сенімхат беру тәртібін белгілеу; -ҚР Президенті бекіткен тұжырымдама негізінде банкноттар мен тиындардың көрсетілген құны мен дизайнын анықтау, ҚР ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын шығару, олардың дизайны мен нысаны өзгерген кезде банкноттар мен монеталарды ауыстыру туралы шешім қабылдау, тозған және бүлінген банкноттар мен монеталарды айырбастау тәртібін белгілеу; -Алтын валюта активтерін басқаруды негізгі принциптерін белгілеу; - ҰБ жұмысы туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және ҚР Президентінің бекітуіне ұсыну; - ҰБ Директорлар кеңесінің құрамын бекіту және т.б. ҰБ оралымды басқару органы ҰБ Директорлар кеңесі б.т. Директорлар кеңесінің құрамына ҰБ төрағасы, оның орынбасарлары, банктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді. Директорлар кеңесі ҚР ҰБ қарауындағы мәселелер б\ша шешім қабылдайды, бұған ҰБ Басқармасы мен Төрағасының құзыретіне енетін мәселелер ғана қосылмайды. Директорлар кеңесі өз құзыретіне енетін мәселелер б\ша қаулылар қабылдайды. Директорлар кеңесі ҰБ жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік құрылымын анықтайды.