Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қ А Р Ж Ы шпор новый.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
377.34 Кб
Скачать

7.Қаржының материалды категория ретіндегі ж/е экономикалық категория ретіндегі түсінігі.

Материалдық категория ретінде, қаржы – мемлекеттің меншігіндегі ақша қаражаттарының жиынтығы. Мемлекеттің ақша қаражаттары – нақты ақшалай сомада, сонымен қатар қолда жоқ (ақшасыз) ақшалай нысанда болады. Мемлекеттің ақша қаражаттары нысаналы мақсаттарға қарай қорларға бөлінеді. Қорларға бөлінуіне байланысты ақша – мемлекеттің меншігін білдіреді. Осыған байланысты, материалдық категория ретінде, мемлекеттің ақша қаражаттары – мемлекеттің қаржылық қорларының жиынтығын білдіреді. Мемлекетің қаржысы, экономикалық категория ретінде, мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру және бөлу жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығы. Мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру – мемлекеттің ақшаны қорларға жинау болып табылады. Мемлекет ақша қорларын қалыптастыру кезінде ерікті түрде (мемлекеттік займдар) немесе мәжбүрлі түрде (салық) қалыптастырады. Ақша қорларын бөлу – мемлекет өзінің қарыздарын, өзінің шығыстарын жабу үшін қолданады (аппаратын қаржыландыру, мәдениетті, қауіпсіздікті, ғылымды қаржыландыру)

8. Қазақстын Республикасындағы салықтық жүйе.

ҚР-ғы салықтық жүйе дегеніміз – заңмен көзделген салықтардан және бюджетке төленетін міндетті төлемдер. Салықтық жүйенің одан әрі дамуы үшін келесідей критерийлерді сақтау керек:

салықтық міндеттердің теңдігі; салықтық жүйенің ақпараттылығы икемділігі және экономикалық тұрғыдан тәуелсіз; салық төлеушілер тарапынан бақылау. ҚР салықтық жүйе - әртүрлі объектілірге салынатын салыққа негізделеді. ҚР салықтық жүйе: 1) Салықтар:1. Корпорациялық табыс салығы. 2. Жеке табыс салығы. 3. Қосылған құн салығы. 4. Акциздер. 5. Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығы. 6. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi. 7. Әлеуметтiк салық. 8. Жер салығы. 9. Көлiк құралдары салығы. 10. Мүлiк салығы. 11. Ойын бизнесі салығы. 2)Алымдар: 1Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi үшiн. 2.Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн. 3.Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалған мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн. 4. Жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн. 5. Радиоэлектрондық құралдарды және жиiлiгi жоғары құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн. 6. Көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн. 7. Дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн. 8. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттiк тiркеу үшiн. 9. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру. 10. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшiн. 11. Аукциондардан алынатын. 12. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық. 13. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым. 3) Төлемақылар: 1. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн.  2. Жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн. 3. Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы. 4. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн . 5. Орманды пайдаланғаны үшiн. 6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн. 7. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн. 8. Қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін. 9. Кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн. 10. Сыртқы жарнаманы  орналастырғаны үшiн. 4) Мемлекеттiк баж. 5) Кеден төлемдеі: 1. Кеден бажы. 2. Кеден алымдары. 3. Алдын ала шешiм қабылдағаны үшiн төлемақы. 4. Алымдар. 

9.Тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті туралы шешімнің жобасын әзірлеу тәртібін көрсетіңіз. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстық бюджет, рес-публикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері жобасыныңтүпкілікті нұсқасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комисси-ясының қарауына енгізеді. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен кешіктірілмей аяқталады.

Облыстық бюджеттуралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері туралы шешімнің жобасына:

1) БК-де және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы б\ша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған облыстықбюджеттің, республикалықмаңызы бар қала, астана бюджеттерініңжобасы қоса беріледі.

2) кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде республикалықбюджеттуралы заңда белгіленген, кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі;3) кезекті қаржы жылына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне түсімдер көлемі;4) қаладағы әрбір ауданның бюджеттік бағдарламалары;5) басқа да деректер қоса беріледі.Облыстықбюджеттердің, республикалықмаңызы бар қала, астана бюджеттерінің бекітілетін тапшылығының мөлшері ақшалай түрде көрсетіледі. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерініңжобасын облыстың, республика-лық маңызы бар қаланың, астананыңжергілікті атқарушы органдарының қарауына ағым-дағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей ұсынады.

10.Қаржылық қызметтің ақша қорларын қалыптастыру әдістері. Қаржы қызметі- қаражат табу процестері және оларды бөлу арқылы жұмсау. Қаржылық қызметтің ақша қорларын қалыптастыру әдістері: 1) мәжбүрлі-қайтарымсыз М., салық 2) мәжбүрлі-қайтарымды М., мәжбүрлі заем-мемлекет ақшаны мәжбүрлі түрде алады, бірақ міндетті түрде қайтарады. 3) ерікті-қайтарымсыз М., қайырымдылық, азаматтардың және заңды тұлғалардың ақшаны немесе бағалы қағаздарды сыйлауы 4) ерікті-қайтарымды М., ақшаны мемлекеттік банктерде сақтау, займ шарты, мемлекеттік замдар (ұтыстық, пайыздық, заттық және т.б.) 5) мемлекеттің қызмет көрсету арқылы ақша қорларын қалыптастыру М., сот, нотариалдық контораның, милицияның көрсеткен қызметтері үшін төлем (мемлекеттік пошлина) 6) мемлекеттік мүлікті пайдаланғаны немесе өткізгені үшін түскен түсімдер 7) эмиссия (ақша шығару)