
- •1.Қаржылық қызметтің түсінігі, маңызы, мақсаты.
- •2.Қр банкілік жүйесі.
- •4.Қаржылық қызметтің міндеттері ж/е функциялары: ақша қорларын қалыптастыру, бөлу ж/е бақылау функциялары.
- •5.Қ р Ұлттық Банкісінің құқықтық жағдайы.
- •6.Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу тәртібін корсетіңіз.
- •7.Қаржының материалды категория ретіндегі ж/е экономикалық категория ретіндегі түсінігі.
- •8. Қазақстын Республикасындағы салықтық жүйе.
- •11.Қазақстан Респуликасындағы міндетті сақтандыру түрлері.
- •14.Жергілікті бюджеттер дегеніміз не?
- •15.Чекте міндетті түрде қандай мәліметтер көрсетілуі керек?
- •21.Республикалық бюджет жобасын қарау тәртібі.
- •22.Қаржылық құқықтың реттеу әдістері, олардың белгілері.
- •23.Қ р Ұлттық Банкісінің ақша банкноталары мен монеталарын эмиссиялау функциясы.
- •24.Жергілікті бюджет жобасын қарау тәртібі.
- •25.Қаржылық құқықтық нормалар, түсінігі,белгілері, ерекшеліктері, құрылысы.
- •26.Ақша айналымын реттеу әдістеріне қандай әдістер жатады?
- •27.Республикалық бюджет жобасын бекіту тәртібі.
- •28.Қаржылық құқықтық нормалардың түрлері.
- •29.Қ р ақша жүйесінің ерекшеліктері, белгілері.
- •30.Жергілікті бюджет жобасын бекіту тәртібі.
- •31.Қаржылық-құқықтық қатынастар, түсінігі, мазмұны, ерекшеліктері, түрлері.
- •32.Қаржылық қызметтің ақша қорларын пайдалануды ұйымдастыру әдістері.
- •35.Сақтандырудың күрделі формалары.
- •36.Банктік шот шартымен банктік салым шартының мазмұны.
- •37.Қаржылық бақылаудың тәсілдері.
- •39.Бюджетті нақтылау қандай жағдайларда жүргізіледі?
- •40.Қаржылық бақылаудың түрлері.
- •41.Қ р қаржылық құрылғысы, оның элементтері.
- •42.Республикалық ж/е жергілікті бюджеттерді түзетуге қандай жағдайларда жол беріледі?
- •44.Қ р қаржылық жүйесі, оған кіретін институттар (құрамы).
- •45.Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті табыс ету тәртібі.
- •46Қаржылық қызмет саласындағы басқаруды жүзеге асырушы органдардың жалпы сипаттамасы.
- •47.Қ р Ұлттық Банкісінің ақша-кредит саясатын жүзеге асырудағы қолданатын құралдары.
- •48.Сақтандыру ұймдарының құрылу тәртібі.
- •49.Қаржы министрлігі қаржылық қызметті жүзеге асырушы басты орган ретінде, оның функциялары, жанынан құрылған департаменттері.
- •50.Қаржылық құқығының құқықтар жүйесіндегі алатын орны.
- •51.Сақтандыру ұймдары қызметінің тоқталу тәртібі.
- •52.Экономика ж/е бюджетті жоспарлау министрлігі, атқаратын функциялары, оның жанынан құрылған департаменттер.
- •53.Қаржылық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі, тоқтауы негіздері.
- •57.Инкассолық өкім қалай жүзеге асырылады?
- •60.Кеден ж/е салық заңнамасына сәйкес берешекті ақшалай өндіріп алу.
- •61.Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің құқықтық жағдайы.
- •65.Қр экономикалық ж/е сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржылық полициясы) агенттігінің құқықтық жағдайы.
- •67.Қ р жалпы құзыретті қаржылық қызметті жүзеге асырушы органдары, олардың құқықтық жағдайы.
- •68.Қаржылық құқықтың жүйесі, оның қарастыратын институттары.
- •69.Банктерді ерікті ж/е еріксіз түрде тарату тәртібі.
- •70.Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері.
- •71.Қ р Ұлттық қоры, оның құқықтық жағдайы.
- •72.Салық төлеушінің салықтық міндеттемені орындауы.
- •73.Қр өкілетті органының сақтандыру саласын қадағалау ж/е бақылаудағы функциялары.
- •74.Қ р ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
- •77.Валюталық айналым режимі.
- •79.Қ р ақша жүйесінің элементтері.
- •80.Сақтандыру қатынастарының қатысушылары.
- •81.Салықтық тексеруді жүргізу тәртібі.
- •82.Қаржылық қызметтің құқықтық формалары.
- •83.Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы.
- •86.Республикалық бюджетте көрсетілетін мәліметтер.
- •87.Банктердің құрылу тәртібі.
- •89.Мемлекеттің бюджеттің түсінігі, маңызы, қабылдануы мақсаты.
- •90.Банкті консервациялау қалай жүзеге асырылады?
53.Қаржылық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі, тоқтауы негіздері.
Қаржылық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі, тоқтауына қаржылық заңнамамен көзделген заңды айғақтар негіз болады. Қаржылық құққықта заңды айғақтарға басқа құқық салалары сияқты, әрекеттер мен оқиғалар жатады. Әрекеттер – заңды ұйымдардың, лауазымды адамдардың ерік білдірулерінің нәтижесі б.т. Оқиғалар – адам еркінен тыс жайларды айтамыз. Қаржылық құқықтық қатынастардың пайда болуына негіз болатын з.айғақтар – әрекеттер: қаржылық органның жеке қаржылық актісін шығару, тұлғаның салық салынатын объектіні иеленуі, тұлғаның - нәтижесінде салық төлеуші статусын алатын әрекеттер жасауы, қаржылық шарт жасасуы. Қаржылық құқықтық қатынастардың өзгеруіне негіз болатын әрекеттер: салық төлеушінің статусының өзгеруі, салық салу объектісінің өзгеруі, қаржылық шарттың өзгеруі, салық міндеттемесінің негізінде жатқанқаржылық жоспарлау актісінің өзгеруі. Қарж.құқ-қ қат.-дың өзгеруіне негіз болатын оқиғалар: салық төлеуші – азаматтың отбасы жағдайы өзгеруі, заң салық салу шартының өзгеруін көздейтін салық төлеушінің белгілі бір жасқа келуі, заң мемлекет алдындағы міндеттемелерінің өзгеруін көздейтін субъектінің әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Қарж.құқ-қ қат.-дың тоқтауына негіз болатын әрекеттер: қаржылық шартты бұзу, мемлекеттің басқа тарап алдында өз қаржылық міндеттемелерін орындаудан біржақты бас тарту, салық төлеушінің салық салу объектісі болатын мүліктен айрылуы. Қарж.құқ-қ қат.-дың тоқтауына негіз болатын оқиғалар: жеке тұлғаның қайтыс болуы, заңды тұлғаның таратылуы/ликвидация/, табиғи апат нәтижесінде салық салынатын мүлікті н/се табысты жоғалту, заң салық төлеуден босатылуын көздейтін азаматтың отбасы н/се әлеуметтік жағайының өзгеруі.
54.Банк есеп шотынан салық берешегін өндіріп алу қандай тәртіппен жүзеге асырылады Салық берешегiн өтеу туралы хабарлама табыс етiлген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде салық берешегi сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, салық органы салық берешегiнiң сомасын Салық Кодексінде көрсетiлген салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) банк шоттарынан мәжбүрлеу тәртiбiмен өндiрiп алады. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) банк шоттарынан салық берешегi сомасын өндiрiп алу, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым берген қарыздар бойынша қамту болып табылатын ақша сомасын қоспағанда, көрсетiлген қарыздың өтелмеген негiзгi борышы мөлшерiндегi салық органының инкассалық өкiмi негiзiнде жүргiзiледi. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) бiр банктiк шотынан салық берешегiн өндiрiп алу туралы салық органының инкассалық өкiмiн орындаған кезде, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым салық органына салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) аталған банктенемесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкiмдердi, егер салық органы мұндай инкассалық өкiмдердi сол сомаға, берешектiң сол түрi бойынша, сол күнмен шығарған болса, салық органына орындаусыз қайтарады. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) бiрнеше банктiк шотынан инкассалық өкiмде көрсетiлген жалпы сомаға ақшаны есептен шығару жолымен салық берешегiн өндiрiп алу туралы салық органының инкассалық өкiмiн толық орындаған кезде, салық органына салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкiмдердi, егер салық органы мұндай инкассалық өкiмдердi сол сомаға, сол күнге, берешектiң сол түрi бойынша шығарған болса, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым салық органына орындаусыз қайтарады.Инкассалық өкiм Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген нысан бойынша шығарылады және онда салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық берешегi сомаларын өндiрiп алуы жүргiзiлетiн сол банк шотын көрсетудi қамтиды.Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) теңгемен жүргiзiлетiн банк шотында ақша болмаған жағдайда, салық берешегiн өндiрiп алу салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шетел валютасымен жүргiзiлетiн банк шоттарынан салық органдары теңгемен шығарған инкассалық өкiмдерi негiзiнде жүргiзiледi.
55.Қ Р бюджеттерінің жүйесі. ҚР-да мынадай деңгейдегi бюджеттер бекiтiледi, атқарылады және дербес б.т: 1. республикалық бюджет; 2.облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi; 3. аудан бюджетi. ҚР-да төтенше мемлекеттiк бюджет әзiрленуi, бекiтiлуi және атқарылуы мүмкiн.Салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және орталық мемл/к органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттiк саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет б.т. Республикалық бюджет ҚР заңымен бекiтiледi. Салықтық және басқа да түсiмдер, есебiнен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегi жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджетi, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi бт. Облыстың бюджетi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының шешiмiмен бекiтiледi. Салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және ауданның жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиiстi аудандағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан бюджетi б.т. Аудан бюджетi аудан мәслихатының шешiмiмен бекiтiледi.
Төтенше мемлекеттiк бюджет республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң негiзiнде қалыптастырылады және ҚР төтенше немесе соғыс жағдайларында енгiзiледi. Ол бюджеттi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және ол ҚР заңдарында белгiленген тәртiппен ҚР Президентiнiң Жарлығымен бекiтiледi. Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қабылданғаны туралы Парламент дереу хабардар етiледi. Төтенше мемлекеттiк бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген мерзiм iшiнде қолданыста болады.
56.Қ Р өкілетті органының банктерге қадағалау жүргізу функциялары.
Уәкiлеттi орган банк қызметiн реттеудi және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:1) жеке және заңды тұлғалардың банктiң және банктiк холдингтiң iрi қатысушысы мәртебесiне ие болуына, банктердiң еншiлес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту тәртiбiн айқындайды, аталған рұқсаттарды бередi не беруден бас тартады;2) банктердiң меншiктi капиталының ең аз мөлшерiн белгiлейдi;3) банктердiң резервтiк капиталын қалыптастыру жөнiндегi талаптарды белгiлейдi;4) банктiк топтар үшiн пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi;5) салымдарға (депозиттерге) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) тәртiбiн белгiлейдi;6) активтердi және шартты мiндеттемелердi сыныптау мен оларға қарсы провизиялар құру тәртiбiн белгiлейдi. Активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және сенiмсiз санаттарға жатқызу тәртiбiн мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органмен келiсе отырып айқындайды;7) банктердiң және банктерге аудит жүргiзуге лицензиясы бар аудиторлық ұйымдардың тiзiлiмiн жүргiзедi;8) банктiң аффилиирленген тұлғаларына Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртiбiн айқындайды және оларды қолдану туралы шешiм қабылдайды;9) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген жағдайларда банктi консервациялау туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (банктi уақытша басқарушыны) тағайындайды;10) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген жағдайларда Қазақстан Республикасының банк заңдарында көзделген барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) тағайындайды;11) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.