Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қ А Р Ж Ы шпор новый.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
377.34 Кб
Скачать

42.Республикалық ж/е жергілікті бюджеттерді түзетуге қандай жағдайларда жол беріледі?

Қ Р Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың қаулылары және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде түсiмдер мен төлемдер б\ша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, кезектi қаржы жылына арналған мiндеттемелер б\ша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу арқылы бекiтiлген (нақтыланған) бюджеттiң көрсеткiштерiн өзгерту бюджеттi түзету б.т. Республикалық бюджеттi түзету: 1) орталық мемлекеттiк органдар мен оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, функциялары өзгертiлген жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджеттi түзету аталған жағдайларға байланысты тиiстi бюджеттiк бағдарламаларды республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiлген осы бюджеттiк бағдарламалардың жалпы сомасы шегiнде бiрiктiрудi, бөлудi, берудi бiлдiредi; 2) бюджетте бюджеттiк бағдарламалардың белгiлi бiр әкiмшiсiнiң бюджеттiк бағдарламалары құрамында бекiтiлген бюджеттiк бағдарлама қаражаты бюджеттiк бағдарламалардың түрлi әкiмшiлерi арасында бөлiнген; 3) БК\де көзделген жағдайларда жүзеге асырылады. Жергiлiктi бюджеттердi түзету: 1) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, функциялары өзгертiлген жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджеттi түзету аталған жағдайларға байланысты тиiстi бюджеттiк бағдарламаларды мәслихаттың жергiлiктi бюджет туралы шешiмiнде бекiтiлген осы бюджеттiк бағдарламалардың жалпы сомасы шегiнде бiрiктiрудi, бөлудi, берудi бiлдiредi; 2) төмен тұрған бюджетке қаржы жылы iшiнде ҚР Үкiметiнiң немесе облыстың атқарушы органдарының резервiнен қаражат бөлiнген; 3) бюджетте бюджеттiк бағдарламалардың белгiлi бiр әкiмшiсiнiң құрамында бекiтiлген бюджеттiк бағдарлама қаражаты бюджеттiк бағдарламалардың түрлi әкiмшiлерi арасында бөлiнген; БК\де көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

43.Ревизия қаржылық бақылаудың ерекше түрі ретінде, оның түсінігі, түрлері, маңызы. Ревизия – бұл кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қаржылық шаруашылық қызметінің заңды түрде ж/е мақсатқа сәйкес жүргізілуінің, қаржылық тәртібінің сақталуын тексеру. Ревизияның түрлері: толық тексеру, іріктеп тексеру, құжаттарды тексеру, жалпы тексеру, тақырыпты тексеру, жоспарлы тексеру, жоспардан тыс тексеру, кенеттен тексеру, күнтізбелік тексеру, жергілікті тексерулер. Ревизия негізінде, қандай да болмасын кәсіпорын мен ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін мүмкіндігінше толық ж/е жан-жақты қарап тексеру мақсатында жүргізіледі. Қаржылық бақылау, мемлекеттің қаржы қайраткерлігінің ең басты бағыты. Қаржылық бақылау белгілі бір принциптерді сақтау арқылы жүзеге асырылады.

Қаржылық бақылауды жүзеге асыру үш сатыдан тұрады: 1) Мағлұматтар жинау, 2) Жиналған мағлұматты бағалау, 3) Жиналған ж/е анализден өткен мағлұматтарға әрекет ету. Тәсілі ретінде, қаржылық бақылаудың әдістері мен түрлері қарастырылады. Мемлекеттік қаржылық бақылауды мем-к органдардың әрекеті ретінде ж/е өзінің мем-т алдында міндеттемелерін орындау табылады.