
- •1.Қаржылық қызметтің түсінігі, маңызы, мақсаты.
- •2.Қр банкілік жүйесі.
- •4.Қаржылық қызметтің міндеттері ж/е функциялары: ақша қорларын қалыптастыру, бөлу ж/е бақылау функциялары.
- •5.Қ р Ұлттық Банкісінің құқықтық жағдайы.
- •6.Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу тәртібін корсетіңіз.
- •7.Қаржының материалды категория ретіндегі ж/е экономикалық категория ретіндегі түсінігі.
- •8. Қазақстын Республикасындағы салықтық жүйе.
- •11.Қазақстан Респуликасындағы міндетті сақтандыру түрлері.
- •14.Жергілікті бюджеттер дегеніміз не?
- •15.Чекте міндетті түрде қандай мәліметтер көрсетілуі керек?
- •21.Республикалық бюджет жобасын қарау тәртібі.
- •22.Қаржылық құқықтың реттеу әдістері, олардың белгілері.
- •23.Қ р Ұлттық Банкісінің ақша банкноталары мен монеталарын эмиссиялау функциясы.
- •24.Жергілікті бюджет жобасын қарау тәртібі.
- •25.Қаржылық құқықтық нормалар, түсінігі,белгілері, ерекшеліктері, құрылысы.
- •26.Ақша айналымын реттеу әдістеріне қандай әдістер жатады?
- •27.Республикалық бюджет жобасын бекіту тәртібі.
- •28.Қаржылық құқықтық нормалардың түрлері.
- •29.Қ р ақша жүйесінің ерекшеліктері, белгілері.
- •30.Жергілікті бюджет жобасын бекіту тәртібі.
- •31.Қаржылық-құқықтық қатынастар, түсінігі, мазмұны, ерекшеліктері, түрлері.
- •32.Қаржылық қызметтің ақша қорларын пайдалануды ұйымдастыру әдістері.
- •35.Сақтандырудың күрделі формалары.
- •36.Банктік шот шартымен банктік салым шартының мазмұны.
- •37.Қаржылық бақылаудың тәсілдері.
- •39.Бюджетті нақтылау қандай жағдайларда жүргізіледі?
- •40.Қаржылық бақылаудың түрлері.
- •41.Қ р қаржылық құрылғысы, оның элементтері.
- •42.Республикалық ж/е жергілікті бюджеттерді түзетуге қандай жағдайларда жол беріледі?
- •44.Қ р қаржылық жүйесі, оған кіретін институттар (құрамы).
- •45.Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті табыс ету тәртібі.
- •46Қаржылық қызмет саласындағы басқаруды жүзеге асырушы органдардың жалпы сипаттамасы.
- •47.Қ р Ұлттық Банкісінің ақша-кредит саясатын жүзеге асырудағы қолданатын құралдары.
- •48.Сақтандыру ұймдарының құрылу тәртібі.
- •49.Қаржы министрлігі қаржылық қызметті жүзеге асырушы басты орган ретінде, оның функциялары, жанынан құрылған департаменттері.
- •50.Қаржылық құқығының құқықтар жүйесіндегі алатын орны.
- •51.Сақтандыру ұймдары қызметінің тоқталу тәртібі.
- •52.Экономика ж/е бюджетті жоспарлау министрлігі, атқаратын функциялары, оның жанынан құрылған департаменттер.
- •53.Қаржылық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі, тоқтауы негіздері.
- •57.Инкассолық өкім қалай жүзеге асырылады?
- •60.Кеден ж/е салық заңнамасына сәйкес берешекті ақшалай өндіріп алу.
- •61.Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің құқықтық жағдайы.
- •65.Қр экономикалық ж/е сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржылық полициясы) агенттігінің құқықтық жағдайы.
- •67.Қ р жалпы құзыретті қаржылық қызметті жүзеге асырушы органдары, олардың құқықтық жағдайы.
- •68.Қаржылық құқықтың жүйесі, оның қарастыратын институттары.
- •69.Банктерді ерікті ж/е еріксіз түрде тарату тәртібі.
- •70.Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері.
- •71.Қ р Ұлттық қоры, оның құқықтық жағдайы.
- •72.Салық төлеушінің салықтық міндеттемені орындауы.
- •73.Қр өкілетті органының сақтандыру саласын қадағалау ж/е бақылаудағы функциялары.
- •74.Қ р ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
- •77.Валюталық айналым режимі.
- •79.Қ р ақша жүйесінің элементтері.
- •80.Сақтандыру қатынастарының қатысушылары.
- •81.Салықтық тексеруді жүргізу тәртібі.
- •82.Қаржылық қызметтің құқықтық формалары.
- •83.Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы.
- •86.Республикалық бюджетте көрсетілетін мәліметтер.
- •87.Банктердің құрылу тәртібі.
- •89.Мемлекеттің бюджеттің түсінігі, маңызы, қабылдануы мақсаты.
- •90.Банкті консервациялау қалай жүзеге асырылады?
1.Қаржылық қызметтің түсінігі, маңызы, мақсаты.
Мемлекеттің ақша қорын пайдалануды ұйымдастыруға, бөлуге және қалыптастыру б\ша, сондайақ елдің ақша инфрақұрылымын, тиісті қызметін қамтамасыз ету б\ша құзыретті органдардың немесе тұтасымен қатысатын елдің қызметін қаржылық қызмет деп атаймыз. Мемлекет қаржылық қызметті іске асыра отырып, бір уақытта екі бағытта қатысады: Саяси жүйенің субектісі ретінде және белгілі қорларда жинақталған ақша құралдарының меншік иесі ретінде. Қаржылық қызмет кәсіпкерлік қызметтің тұрі ретінде болмауы керек. Қаржылық қызметтің коммерциялизациялануы теріс экономикалық салдарға әкеліп соғады. Қаржылық қызметтің басты мақсаты қоғамның әлеументтік экономикалық құрылымының қалыпты қызметіне тиімді жағдай жасау. Қаржылық қызметті іске асыра отырып, мемлекет 3 басты тапсырманы орындайды: 1. Қоғамның ақша инфрақұрылымын құру және қалыпты қызметін қамтамасыз ету. 2. Өз өзін және өз қызметін қалыптастыру үшін ақша қаражатты тарту. 3. Қоғамда болып жатқан әлеументтік экономикалық процестерге ақша ричактарының көмегімен ықпал ету. Мемлекеттің қаржылық қызметі келесідей қағидаларға сүйенуі тиіс. 1. Қоғам қажеттілгін есепке алу және оның мүддесіне ағыну. 2. Қоғамның жариялылығы ашықтығы бақылау астында болуы. 3. Заңдылық 4. Ғылыми негізділік тиімділік және рационалдық 5. Ақша қаражат шығындарының үнемділігі. 6. Жоспарлық және нормативтік. Қаржылық қызметті іске асырғанда қаржылық қатынаспен қатар, тауар ақша қатынастарыда орнауы мүмкін. Мысалы: Мемлекет ақша іздеуде тек салықты пайдаланбайды. Сонымен қатар өзіне тиесілі мүлікті сату арқылы бюджетке кіріс түсіруі мүмкін.
2.Қр банкілік жүйесі.
Қ Р екi деңгейлi банк жүйесi бар. Ұлттық Банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады ж/е ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады. Ұлттық Банкiнiң мiндеттерi, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi ж/е өкiлеттiгi "Қ Р Ұлттық Банк туралы" Қ Р Заңымен белгiленедi. Ұлттық Банк өзiнiң құзыретi шегiнде банк қызметiнiң жекелеген мәселелерi б\ша реттеудi ж/е қадағалауды жүзеге асырады ж/е банктердiң ж/е банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға жәрдемдеседi. Банктерге ж/е банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты Ұлттық Банктiң реттеу ж/е қадағалау функциялары Қ Р ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған.
Қ Р заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкiлердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады. Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы Қ Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде ж/е/н/е басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк. Ислам банкі - уәкілетті органның лицензиясы негізінде банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк. Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қ Р Үкiметi мен сол шартқа қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк
3.Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерді әзірлеу тәртібі Бюджеттiк өтiнiмге:1) стратегиялық жоспар жобасының құрамына енгiзiлген әрбiр бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстар түрлерi бойынша есеп-қисаптар;2) байланысты гранттар сомасын жұмсалу бағыттары бойынша мiндеттi түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты гранттар туралы ақпарат;3) ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты емес гранттар туралы ақпарат;4) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша өз билiк етулерiнде қалатын, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының болжамы;5) түсiндiрме жазба;6) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган сұрататын басқа да қажеттi ақпарат кiредi.Егер бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi стратегиялық жоспардың жобасында қосымша шығыстарды немесе бюджет түсiмдерiн қысқартуды қажет ететiн нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеудi немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi ұсынса, онда бюджеттiк өтiнiммен бiр мезгiлде тиiстi нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы енгiзiледi.Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы республикалық бюджет туралы заңда немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгермейтiн болса, онда осы бағдарламалар бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есеп-қисаптар жасалмайды.Осы бағдарламалар бойынша шығыстар түрлерi бойынша есеп-қисаптар тек қана үшiншi жылға жасалады.9. Бюджеттiк өтiнiмге түсiндiрме жазба жоспарлы кезеңге қаражат жұмсаудың негiзгi бағыттарын, мәлiмделген бюджеттiк бағдарламалардың қысқаша сипаттамасы мен баяндалуын, базалық шығыстарды ұлғайту негiздiлiгiн, нәтижелердiң қол жеткiзiлген көрсеткiштерiнiң талдамасын, сондай-ақ өткен жылғы бюджеттiк өтiнiмнiң құрамына енгiзiлген бюджеттiк бағдарламалар бойынша ауытқулардың себептерiн қамтиды. 10. Бюджеттiк өтiнiм жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасы бюджеттiк заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган оны қарамастан бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне қайтарады.11. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi бюджеттiк өтiнiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамудың және бюджеттiк параметрлердiң болжамында көзделген бюджеттiк қаражаттың көлемi шегiнде енгiзедi.12. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттiк өтiнiмдегi ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етедi.13. Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну тәртiбiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.