Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
на каз ВВСТ_Не трогать.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.17 Mб
Скачать
      1. TokengRing желілік технологиясы

Token Ring. 1984 жылда IBM фирмасы шығарып жатқан компьютерлер және компьютер жүйелерiн бiрiктiру мақсатында ұсынылған бөлiк ретiнде Token Ring желiсiн нарыққа ұсынды. Оның iшiнде:

  • Дербес компьютерлер;

  • Орташа ЭВМ;

  • Мейнфреймдер және Systems Network Architecture (SNA) (IBM жүйелiк архитектура) орталар.

13-сурет. Token Ring технологиясына пакеттің берілуі

Token Ring желiсiн өңдеу барысында IBM фирмасы қабырғалық розетка арқылы компьютердi тораппен жалғайтын қос топсымды өңдеу қолайлығын өзiне мақсат ретiнде қойған едi. Осы негiзгi процесс орталықтандырылып өткiзiлген. 1985 жылы IBM Token Ring ANSI/IEEE жүйесiнiң стандарты болды.

Негiзгi қасиеттерi

Token Ring желiсi IEEE 802.5 стандартының iске асырылған түрi болды. Басқа желiлерден айырмашылығы тек топсымдық жүйеде ғана емес, маркердi тасымалдау арқылы қол жеткiзу тәсiлi қолданылды.

Token Ring желiсi келесi мiнездемелердi қамтиды:

2-кесте

Аралас топология

Жұлдызды-сақина

Қол жеткiзу тәсiлi

Маркердi тасымалдау арқылы

Топсымдық жүйе

Экрандалған және экрандалмаған қосақталған сым

Деректердi тасымалдау жылдамдығы

4 и 16 Мбит/с

Тасымалдау типi

Модульденбеген

Спецификациясы

802.5

Архитектурасы

Token Ring желiсiнiң топологиясы – “сақина”. Алайда, IBM ұйғарымында “жұлдызды-сақина” топологиясы деген, өйткені компьютерлер желiге орталық концентратор арқылы қосылады, ал маркер логикалық сақина арқылы тасымалданады. Физикалық сақина концентраторда iске асырылады. Қолданушылар – олар сақинаның құрама бөлiктерi, бiрақ олар концентратор арқылы сақинаға қосылады.

Кадр форматы

Token Ring кадрының негiзгi форматы төменгi кестеде сипатталған.Осы мәліметтер кадрдың негiзгi бөлiгiн құрайды.

3-кесте

Кадрдың алаңы

Сипатталуы

Бастапқы бөлгiш

Кадрдың басталуы туралы мәлiмет бередi

Қол жеткiзу процесiн басқару

Кадрдың приоритетiн, маркердiң кадрiн және деректер кадрiн тасымалдауын белгiлейдi

Кадрдi басқару

Ортаға қол жеткiзудi басқару мәлiметiн қамтиды. Барлық компьютерлер немесе мәлiметтер тек бiр компьютер үшiн мәлімет жеткізеді.

Қабылдаушы мекен-жай

Алушы – компьютердiң мекен-жайы

Жiберетiн мекен-жай

Жiберушi компьютердiң мекен-жайы

Деректер

Тасымалданатын мәлiмет

Кадрдың бақылау тiзбегi

CRC

Соңғы бөлгiш

Кадрдың аяқталуы жайында мәлiмет бередi

Кадрдың статусы

Кадрдың танылуы және көшiрiлуi туралы хабарлайды

Бақылау сұрақтары

1. Token Ring желiсiн өңдеу барысында IBM фирмасы қалай қолданды?

2. Token Ring желiсiнiң топологиясы?

3. Басқа желiлерден айырмашылығы?

4. Token Ring қай жылы және қандай фирмамен нарыққа ұсынылды?

5. Кадрдың статусы неде?