Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
на каз ВВСТ_Не трогать.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.17 Mб
Скачать

Желілік операциялық жүйе. Желіні администрациялау

3.1Желілік ож түрлері және жұмыс жасау принциптері

3.2 Желіні администрациялау. Dns – серверлер. Виртуалды машинаны орнату және баптау.

4 Бөлім

Ауқымды Интернет желісі

4.1 Интернет сипаттамасы және оған қосылу

Интернет– бұл, көптеген жергілікті желілерді, аймақтық және корпоративтік желілерді біріктіретін және ондаған миллион компьютерлерден тұратын асауқым компьютерлік желі. Немесе Іntеrnet - бұл, байланыс арналары және деректерді қабылдау мен таратудың бірегей қалыптары арқылы біріктірілген өзара байланысты компьютерлер мен компьютерлік желілердің жиынтығы. Ол – жер шарын қамтитын дүниежүзілік жүйе болып табылады.

Бүгінгі күні бұл ақпараттық кеңістікке 120 миллионнан астам тұтынушылар қосылған. Әр адам өзіне керектісін тауып, қажет нәрсені бере алады. Осының арқасында Іntеrnet-ті тұрақты түрде ақпарат ресурстарымен толықтыру жүріп жатады. Іntеrnet-тің нақты көрініп тұрған иесі де жоқ, ұлттық меншігі де жоқ. Кез келген желі Іntеrnet желісімен байланыса алады және оның бөлігі санала алады. Бүгінгі күні практика жүзінде кез келген желі Іntеrnet-ке шыға алады, себебі, оның әрқайсысында, кем дегенде Іntеrnet-ке қосылған бір компьютер бар. Іntеrnet серверлеріне жергілікті желілер немесе коммуникацияланатын телефон жол сызықтары көмегі арқылы жүздеген миллион Іntеrnet тұтынушылары қосыла алады.

Іntеrnet - бұл хаттама жиынтығының бiртұтас байланысы үшiн пайдаланылатын желiлердiң, шлюздердiң, серверлер және компьютерлердiң бүкiләлемдiк бiрiгуi.

Интернет - ақпараттар мен ресурстарға кең ауқымды пайдалануға мүмкiндiк бередi. Сiз үйiңiз бен офистен шықпай-ақ, көптеген басқа мемлекеттерге саяхат жасай аласыз. Интернетте университеттерден, үкiметтiк және әскери ұйымдардан немесе кiтапханалардан алынған ақпараттардың мол қоры жинақталған.

Соңғы жылдары Интернеттi зерттеу қызығушылығы коммерциялық болып өзгердi. Бизнесте және күнделiктi өмiрде Интернетпен ай сайын мыңдаған қолданушылар хабарласады. Адамдар оның ресурстарын меңгерiп, ал компаниялар өздерiнiң жарнамаларын және өз өнiмдерiн сатуда жаңаша жол табады. Интернет арқылы сiз де ұйымдастырушы болып, желiлiк өнiмдер, технологиялар жайында және де өз мәселеңiздi шешуге хабарлама ала аласыз. Сiз бұдан спорттық, саяси жаңалықтарды, ауа райы және нарық жағдайы туралы ақпараттар табасыз. Интернет почтасымен байланысып, барлық тақырыптарды қамтитын, өзiңiзге керектi хабарламалар, каталогтар мен форумдар туралы бiле аласыз.

Іntеrnet-тің даму тарихы. Интернет желiсiн алғашқы дүниеге келтiрген АҚШ қорғаныс министрлiгiнiң ARPANET (Advanced Research Projects Agency Network) жүйесi болып саналады. Бұл жүйе коммутациялық пакет үшiн, тест ретiнде құрылған. ARPANET-те қолданып келе жатқан TCP/IP хаттамасы, бүгiнде интернетте пайдаланылады.

Іntеrnet АҚШ қорғаныс министрлігі тапсырысы бойынша 1969 жылы АҚШ-та істеліп жасалған Arpanet желісінен пайда болады. Arpanet оқу мекемелерін, әскерилер мен әскери мердігерлерді біріктірген желі болды. Ол ақпарат алмасуда зерттеушілерге көмек ретінде және де ядролық шабуыл жағдайында байланысты қалай үзбеуді үйрену үшін жасалды. Бастапқыда, тек жүйеге кіріп, қашықтағы компьютердің бағдарламасын жіберуге ғана мүмкіндік беретін. Жақында бұл мүмкіндіктерге желі тұтынушыларының қатынасуына мүмкіндік туғызу үшін файлдарды тарату, электрондық пошта және жіберу тізімдері қосылып, желі тұтынушыларының қатынасуына мүмкіндік туды. Бірақ, Arpanet-тің өсу шамасына қарай басқа желілер де дамып жатты, желілердің бір-бірімен өзара қосылу қажеттілігі туындады. Осылай Іnternet желісі дүниеге келді.

Іnternet-тегі адрестеу. Ақпарат алмасу барысында компьютерлер бір-бірін таба алуы үшін Іnternet-те ІP-адресті пайдалануға негізделген адрестеудің бірегей жүйесі бар. Әрбір компьютердің Іnternet-те бірегей адресі бар (ІP-адрес). Адрес төрт бөлікке бөлінген, әрбір бөлік төрт саннан тұрады. Олардың арасы нүктемен ажыратылған, әрқайсысы 0-ден 255-ке дейінгі диапазон аралығында жатады. Мысалы, Ортаазиялық Техника-Экономикалық Колледжі серверінің ІP-адресі 192.168.100.1 түрінде жазылады.

Компьютерлер санды, ал адамдар есімді қалайды. Сондықтан да Іnternet-те ыңғайлылық үшін Есімдердің Домендік жүйесі (DNS – Domaіn Name System) енгізілген болатын. Есімдердің Домендік жүйесі әрбір компьютердің сандық ІP-адресіне бірегей домендік есімді сәйкестендіреді. Ол компьютерлерді тақырыптық және географтық-табиғи аймақтарға бөледі. “Domaіn” ағылшыннан аударғанда “аймақ” дегенді білдіреді. Сондықтан да бұл есімдер жүйесі “домендік” деп аталады. Есімдердің домендік жүйесі шендескен құрылымды: жоғарғы деңгей домендері – екінші деңгей домендері - үшінші деңгей домендері. Жоғарғы деңгей домендері екі типті болады: географиялық (екіәріпті - әр елге екі әріптік код сәйкес келеді) және әкімшілік (үшәріптік). Домендік жүйедегі есім оңнан солға қарай оқылады. Оң жағында бірінші болып жоғары деңгей домені, одан кейін төменгілері.

Кесте. Жоғарғы деңгей домендерінің кейбір есімдері

Әкімшілдік

Ұйым типі

Com

Коммерциялық

Edu

Білім

Gov

АҚШ үкіметтік

Іnt

Халықаралық

Mіl

АҚШ әскери

Net

Компьютерлік желі

Org

Коммерциялық емес

Географиялық

Ел

Ca

Канада

De

Германия

Іp

Жапония

Kz

Қазақстан

Ru

Россия

Su

Бұрынғы ССРО

Uk

Англия

Us

АҚШ

Мысалы, Ортаазиялық Техника-Экономикалық Колледжінің есімдік адресі: www.catek.kz. Жоғарғы деңгей домені kz компьютердің Қазақстанда екендігін білдіреді, scі – екінші деңгей домені, ғылыми мекемелерге беріледі, unі - үшінші деңгей домені университеттер желісіне жататындығын көрсетеді, және тағы басқа.

22-cурет. Есімдердің домендік жүйесі.

Іnternet хаттамасы. Іnternet-те TCP/ІP деректерді тарату хаттамасы пайдалынылады. Бұл әріптер мынаны білдіреді: Transmіssіon Control Protocol/Іnternet Protocol (таратуды басқару хаттамасы/желіаралық хаттама) ІP желідегі адрестеуге, ал TCP хабарларды тиісті адреске жеткізуді қамтамасыз етеді. Сондықтан да, Іnternet-ті TCP/ІP хаттамаларын пайдаланатын желілердің желісі деп атауға болады.

Осы хаттама жұмысын кәдімгі пошта көмегімен ақпарат тарату сияқты қарастырайық. Хат жіберген жеріне жету үшін конвертте алушының адресі (хат кімге) және жіберушінің адресі (хат кімнен) көрсетіледі. Осылай, жіберілген ақпарат “конвертке оралады”, оған жіберуші мен алушы компьютерлерінің ІP-адресі “жазылады”. Мысалы, “Кімге: 198.78.213.185”, “Кімнен: 193.124.5.33”. Конверттің ішіндегісі компьютер тілінде ІP-қаттама деп аталады жіне байттар жиынтығы болып табылады. Кәдімгі хаттарды жіберу барысында олар алдымен ең жақын пошта бөлімшесіне, жіберушіге жеткізіледі, содан соң пошта бөлімшелерінің тізбегі бойынша алушыға беріледі. Аралық пошта бөлімшелерінде хаттар сұрыпталады, яғни, келесі хатты қай бөлімшеге жіберу қажеттілігін анықтайды.

Енді, бізге көппарақтық қолжазбаны пошта арқылы жіберу қажет болатын болды делік, бірақ пошта бандеролдар мен посылкаларды қабылдамайды. Идея қарапайым: егер қолжазба кәдімгі пошта конвертіне сыймайтын болса, оны парақтарға тартып, бірнеше конвертте жіберу керек. Бұл жағдайда қолжазба парақтары нөмірленуі тиіс. Ол алушының бұл парақтарды кейін қандай ретпен біріктіруді білуі үшін қажет. Іnternet-те компьютерлер жоғары көлемді файлдармен алмасқанда мұндай жағдайлар жиі кездесіп тұрады. Егер мұндай файлды түгел жіберер болсақ, ол байланыс арнасын көпке дейін “тығындап” тастауы мүмкін, оны басқа хабарлар жіберуге жабық етеді. Мұндай жағдай болмауы үшін компьютер-жіберушідегі үлкен файлды бөлшектеп, нөмірлеп, жеке ІP-қаттамаларда компьютер алушыға дейін тасымалдау керек. Компьютер-алушыда бастапқы файлды жеке бөліктерден дұрыс тізіп жинастыру қажет. Transmіssіon Control Protocol (ТСР), яғни, тасымалдау хаттамасы беру барысында файлдарды ІР-қаттамаларына бөлшектеуді, алу барысында файлдарды жинақтауды қамтамасыз етеді. Маршруттандыруға жауапты ІР-қаттамасы үшін, бұл қаттамалар өзара мүлде байланысты емес. Сондықтан да, соңғы ІР-қаттама жол бойына бірінші ІР-қаттаманы басып озуы әбден мүмкін. Бұл қаттамаларды жеткізу маршруттарының өзі мүлде басқа болып қалыптасуы мүмкін. Дегенмен, ТСР хаттамасы бірінші ІР-қаттамасын күтіп алып, бастапқы файлды дұрыс ретпен жинап алады.

Іздеуді ұйымдастыру

Кез келген Іnternet желісін тұтынушыға, бәрінен бұрын, ақырсыз ақпарат парақтары тасқынында қажетті ақпаратты іздеу маңызды. Іnternet желісі өте жылдам шапшаңдылықпен өсіп келеді, жүздеген миллион Web-парақтар мен файлдардың арасынан қажет ақпаратты табу қиындап барады. Ақпаратты іздеу үшін арнайы іздеу серверлері пайдаланылады. Оларда ондаған миллион Іnternet серверлерінде сақталған Web-парақтары, файлдар тағы басқа құжаттар туралы толықтығы үлкен-кішілі ақпарат бар.

WWW жүйесінде іздеуді ұйымдастыру былай мүмкін болады:

  • гипербайланыс бойынша навигация;

  • адрес бойынша қарау;

  • іздеу серверлерін пайдалану;

Гипербайланыс бойынша навигация Web-серверді дұрыс таңдауда болып табылады. Бұл жағдайда қажетті ақпаратқа жету сервердің ішкі гиперсілтемелері бойынша өту немесе басқа серверлерге өту есебінен іске асады.

Адрес бойынша қарау кезінде қажетті ақпарат бар керекті ақпараттық парақтың электрондық адресі енгізіледі. Бұл жағдайда ақпаратты іздеу жылдамырақ жүргізіледі, себебі гипербайланыстар бойынша одан әрі өту қажеттілігі жоқ.

Word Wіde Web гипермәтін жүйесінде іздеу серверлерін пайдалана отырып, ақпаратты іздеу барысында тірек сөздерін (іздеу сөздері) сауатты көрсету қажет. Іздеу нәтижесінде іздеу шарттарын қанағаттандыратын Web-парақтары мен серверлерінің тізімі жасалады. Қажетті құжатты немесе серверді таңдағаннан кейін ғана керекті ақпаратқа көшу мүмкін болады.

Іздеу серверлері (іздеу машиналары)

Әртүрлі іздеу серверлері әртүрлі іздеу, сақтау және тұтынушыға ақпарат беру механизмдерін пайдалана алады. Іnternet-тің іздеу серверлерін үш топқа бөлуге болады:

  • жалпы міндетті іздеу жүйелері;

  • іздеу каталогтары;

  • кәсібилендірілген іздеу жүйелері;

Жалпы міндетті іздеу жүйелері. Іздеу жүйелері құжаттарды Дүниежүзілік шырмауықтан тірек сөздері бойынша табуға мүмкіндік береді. Іздеу жүйелері, шын мәнінде, Интернет ресурстары туралы ақпараты бар деректер қоры болып табылады.

Деректер қорын толтыру Web-серверлері оқтын-оқтын “айналып өтетін” арнайы робот-программалардың көмегімен жүзеге асырылады. Робот-программалар барлық кездескен құжаттарды оқиды, олардағы тірек сөздерді бөліп алып, құжаттардың URL-адрестерін деректер қорына енгізеді.

Интернеттегі ақпарат тұрақты түрде өзгеріп тұратындықтан, іздеу жұмыстары бұл өзгерістердің бәрін бірдей қадағалап үлгере бермейді. Іздеу жүйелерінің деректер қорында сақталған ақпарат Интернеттің нақ күйінен өзгеше болуы мүмкін және тұтынушы кейде осы мезетте жоқ немесе орын ауыстырған құжаттың адресін алуы мүмкін.

Деректер қорының мазмұны мен нақты Интернет арасында ең жоғарғы сәйкестікті қамтамасыз ету үшін іздеу жүйелерінің көбі жаңа немесе орын ауыстырған Web-сайт авторының өзіне анкета толтырып, деректер қорына ақпарат енгізуіне рұқсат етеді.

Іздеу жүйесі деректер қорынан құжат іздеу, іздеу аймағына сұрау салу арқылы жүзеге асырылады. Қарапайым сұраныс бір немесе бірнеше тірек сөздерден тұрады. Біздің ойымызша, олар бұл құжат үшін басты нәрселер болып табылады. Логикалық амалдар, шаблондар т.б. пайдаланатын күрделі сұраныстарды да пайдалануға болады.

Сұранысты жөнелткеннен кейін бірер секундтан соң іздеу жүйесі сізге өзіңіз көрсеткен тірек сөздер табылған құжаттар тізімін қайтарып береді. Іздеу жүйесіне Интернеттің орыстілдік бөлігі бойынша Rambler сервері, ал бүкіл Интернет бойынша Yahoo мысал бола алады.

Іздеу каталогтары. Іздеу каталогтары тақырыптық іздеу үшін қызет етеді. Каталогтар интерфейсінде аса қажетті құжаттардың URL-адрестеріне сілтемелер топтастырылған бөлімдер тізімі бар. Әрбір сілтеме әдетте, аннотацияланған, яғни, онда құжат мазмұнының қысқаша түсінігі бар. Каталогтарды жеке құрастырушылар жасайды, дегенмен, онан соң олардың дамуына осы сайтқа келушілер өз үлестерін қосады. Тарихи тұрғыда Интернеттің Россиялық ресурстарының бірінші каталогы Russіa on the Net сервері болып табылады. Іздеу жүйелері мен каталогтары таза күйінде сирек кездеседі, әдетте іздеу жүйелерінде каталог болады да, керісінше, каталогтар тұтынушыға іздеуге мүмкіндік береді. Мұндай қосымды іздеу серверлерінің интерфейсінде каталог бөлімдерінің тізімі мен іздеу аймағы бар. Іздеу аймағына тұтынушы құжатты іздеу үшін тірек сөздерді енгізе, ал каталогтан белгілі бір бөлімді таңдай алады. Ол іздеу аймағын тарылтып, оны жылдамдатады.

Кәсібилендірілген іздеу жүйелері. Іnternet-тің өзге ақпараттық “қабаттарынан” ақпарат іздеуге мүмкіндік береді. FTP-серверлерінен файлдар іздеу үшін де іздеу жүйелері бар. Lycos (http //fіpsearch. lycos.com.) аса қуатты іздеу жүйесі болып табылады.

Кәсібилендірілген іздеу жүйелері электрон пошта адресін адам аты бойынша немесе, керісінше, электрон поштаның белгілі адресін адам аты, қожайыны бойынша іздеуге мүмкіндік береді. Мұндай жүйеге Who Where іздеу жүйесі мысал бола алады.