Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
на каз ВВСТ_Не трогать.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1.1.2 Компьютерлік желінің даму тарихы

ЭЕМ-ді желіге біріктіру идеясы кемінде екі машинаның арасында ақпарат алмасу қажеттілігінен пайда болды. Ең бірінші желілер алғашқы ЭЕМ-ден кейін әлемге ене бастады. Сол кезде біріктірулер аздаған ЭЕМ арасында ғана болды, сондықтан толық желілер туралы айту қиынға соғады. Демек, әңгіме машина арасындағы ақпарат алмасу төрінде ғана өрбуі тиіс.

Есептеу техникасы мен техникалық және бағдарламалық құрылғыларды дамыту жұмысы барысында мынадай ой болған: жылдам жұмыс істейтін ЭЕМ-дер орасан зор мүмкіндіктерге ие, сондықтан сол машинада жұмыс істейтін адам сол мүмкіндіктерді толығымен енгізуге шамасы жетпейтін, яғни басқаша айтқанда, машиналық уақыт қымбатқа түсетін, демек, әрбір қамтылмаған уақыт шығынға әкелетін.

Осыған орай, келесе шаралар жүргізілді.

Есептердің пакеттік өңделуі. Бұл жағдайда ЭЕМ операторы көптеген қолданушылардан бағдарламаларды жинап, алдыңғы бағдарламалардың орындалу жылдамдығына байланысты, бірінен кейін бірі жүктейтін. Нәтижені күткен бағдарламашы орындалғалы жатқан бағдарлама циклінің аяқталғанын күтеді.

Уақыт болу режимі. Бұл нағыз бағдарламалық шара. Негізі идеясы мындай:ЭЕМ-ге оператор - адаммен «тілдесетін» бірнеше құрылғарды қосқанда, жылдам орталық процессор сол құрылғылардан келіп түскен бірнеше командалар тізбегін адамға білінбейтін үзілістермен өңдеуге үлгереді.

Екінші қадам анағұрлым нәтижелі, ЭЕМ-нің жылдамдығының жоғары болуы – уақыт болу режиміндегі бағдарламалық жүйелерді орналастыруында адамның ақырын енгізу командаларын ғана емес, ЭЕМ-ге қатысты сыртқы жағдайларға байланысты бағдарламалық үрдістерге де байланысты еді.

Бұл жерде компьютерлік желінің пайда болуына және дамуына процессорлық уақыттың ықпалына тоқтап кету керек. Алғашында, қолданушы терминалдары интеллектуальды емес кезінде, яғни құрылымды процессор мен жады, сонымен қатар құрылымды бағдарламалық қамсыздандыру болмаған кезінде бұл пульт ЭЕМ-ге байланыс жүйесі қосылатын болған. Орталық ЭЕМ-мен бір уақытта бірнеше қолданушы жұмыс істей алды.

Егер қолданушыларды интеллектуальды терминалдары болса, яғни өзіндік процессоры, оперативті және сыртқы жадысы бар мини-ЭЕМ, дәл осындай тәсілмен бір-біріне неге жалғамасқа? Мұндай схеманы 70-ж WANG фирмасы ұсынды.

Мұндай желіде компоненттердің барлығы метрмен және ондаған метрмен өлшенетін қашықтықта орналасты. Желідегі компьютерлік станциясы мен басқа да құрылғылар арасында ақпарат алмасу қалың және қысқа сымдар арқылы жүзеге асты. Мәліметтердің жоғалу немесе бүліну сияқты жағдайлар мүмкін емес еді.

Желіге қосылған ЭЕМ-дер кеңістікте үлкен қашықтықта орналасса, басқа жағдай болар еді. Өте үлкен әрі әртүрлі байланыс жүйесі арқылы алмасу ақпаратты жоғалту немесе бүлдіруге әкеп соғады. Әртүрлі байланыс жүйесі деп біз мәліметтер алудың бір бөлігі сымдар, ал бір бөлігі радиоарналар (радиоканалдар) арқылы жүзіге асырылады деп түсінеміз.

Осыған орай, кіші және үлкен қашықтықта ақпарат тасымалдау кезінде мынандай терминдер пайда болды:

Жергілікті есептеу желісі ЖЕЖ(ағыл. LOCAL AREA NETWORK-LAN)және территориалды (аумақтық/ауқымды) тараған желі (ағылш.WIDE AREA NETWORK-WAN).

Бұл терминдер қазір де қолдануда, дегенмен мұндай желілер арасында желілік бағдарламалық қамсыздандыруды құрастыруда айтарлықтай ерекшелік жоқ, өйткені онда ақпарат алмасу хаттамалары (протоколдары) бірдей.

Бақылау сұрақтары

1. Радиоарналар дегеніміз не?

2. Уақыт бөлу режимі дегеніміз не?

3. Сым деген ұғымды қалай түсінесіз?

4. Ақпарат алмасу қалай жүзеге асады?

5. Жергілікті желі мен ауқымды желі айырмашылығы неде?

6. LAN және WAN деген не?