Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
на каз ВВСТ_Не трогать.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.17 Mб
Скачать

6.1 Html. Құжаттарды құру және редакциялау

6.1.1 Html құжаттарының сапасы

HTML құжаттарын қалыптастырудың шығармашылық сипаты бағдарламалаумен бірдей болады, сол себепті бұл жағдайда, белгілі бір қиындықтарға әкеліп соқтыратын немесе қалыптастырылған құжатты Интернетте оқу мүмкіндігін бермейтін қателіктер орын алуы мүмкін. Сонымен қатар, Интернетке қосылған компьютерлердің әр алуан түрлі болуы, қалыптастырылған құжаттың, нақты тұтынушы компьютерінің экранында қандай көрініс беретінін алдын ала болжау мүмкіндігін бермейді.

Web – парақтары кең ауқымды тұтынушыларға арналған, сондықтан HTML құжаттарын әзірленген кезде осы ерекшелікті ойдан шығармау керек. Жақсы HTML құжатын қалыптастыру үшін, бірқатар қарапайым ережелерді басшылыққа алудың өзі жеткілікті.

6.1.1 Html құжатының негізгі элементтері

HTML тілінде негізгі элементтер ретінде үшбұрышты жақшалармен қоршалған сөздер қолданылады. Мұндай құрылым тег деп аталады.Тегтер жалғыз немесе жұбымен болады.

Құжат құрылымы:

<html>

<head>

<title> Терезе тақырыбы</title>

</head>

<body>

Құжат денесі

</body>

</html>

Тегтердің белгіленуі:

<html> ... </html> - браузерге гипермәтінді құжатпен жұмыс істеп отырғанымызды білдіреді

<head> ... </head> - Құжат тақырыбының сипатталуы

<title> ... </title> - Тегтер арасындағы мәтін терезе тақырыбына кіреді

<body> ... </body> - құжат денесін шектейді (біздің экранда көретініміз)

Кейбір тегтердің аттрибуттары бар (құрастырудағы өзгешеліктер):

<body text="мәтін түсі" bgcolor="фон түсі" background="фондық суретке жол">

Түс RGB-палитрасының көмегімен беріледі: #RRGGBB

Әрбір екі символ сәйкесінше түстің жарықтағын береді (R - қызыл, G - жасыл, B – көк).

Символдар ретінде 16-қ жүйенің сандарын қолдануға болады (0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,a,b,c,d,e,f).

Жарықтылық 0 ... 255 (00 ... ff) аралығында жатады.

Түстік тегтердің белгіленуі:

# 000000 - қара

#ff0000 - қызыл

#00ff00 - жасыл

#0000ff – көк

#ffff00 - сары

#ff00ff – ақшыл қызыл

#00ffff – ақшыл көк

#ffffff - ақ

Түсті сөзбен де беруге болады (black, red, green, blue, white, ...), олар өте көп.

Мәтін түсі жэәне фон түсі бір-бірінен ерекше болуы керек.

RGB-палитрасын қолдануды ұсынамын: бұл жолмен қажет түсті дәл таңдауға болады.

Егер де қандай да себептермен сізге фон түсі сай келмесе, онда оған фондық суретті беруге болады.

Фон түсін суреттің негізгі түсіне едәуір жақын етіп орнатқан жөн.

Анимацияларды қолданбаған жөн – браузердің жұмысы баяу болуы мүмкін!

Жолдарды беру амалдары:

1. background="http://www.arhiv.ru/fp_0008.gif" - басқа сайттағы сурет

2.background="C:/users/arhiv.www/fp_0008.gif" - сіздің компьютеріңіздегі сурет

3. background="pic/fp_0008.gif" - pic директориясындағы сурет

4. background="../fp_0008.gif" - бастапқы директориядағы сурет

5. background="fp_0008.gif" - сол директориядағы сурет

1,2 - абсолюттік жол (міндетті түрде беріледі, белгілі бір сайт немесе компьютермен байланысқан)

3,4,5 – қатынасты жол (қолданған жөн, басқа компьютерлерге жақсы беріледі)

сіздің құжатты интернетте орналастыру кезінде атауындағы әріптер регистріне мән беріледі!