Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
на каз ВВСТ_Не трогать.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.17 Mб
Скачать

6.5 Flash Macromedia тілінің сипаттамасы

Графикалық файлдардың пішімі

Macromedia Flash тілінің негізгі түсініктері мен мүмкіндіктері.

6.6 Macromedia Flash интерфейсі

Macromedia Flash интерфейсі: құрал палитрасы (Tools), мәзір жолы, монтаждау сызғышы (Timeline), қасиеттер палитрасы (Proporties), сцена (Scene). түстік модель.

6.7 Растрлық графиканы импорттау, объектілерді түрлендіру (бұрмалау).

Motion Tween анимациясы. Motion Guide Layer анықталған траекториясын(бағытын) құру және қабат параметрлерін баптау. Объекттерге түрлендіру эффектілерін қолдану.

6.8. Сайт құру принциптері.

Баннер ұғымы мен құрылуы.

Батырмалар және олардың күйі. Батырма белгілері. Логотип және оның түрлері. Сайт жоспарлау. Клипті импорттау.

6.9. Аction Script тілінің түсінігі

Скриптер құру. Батырмаларға іс-әрекеттерді байланыстыру. Батырмаларды тестілеу.

Баннер құру және анимация қолдану.

Телеконференция

Телеконференция – бұл, жеке конференцияларда (жаңалық топтарында) топтап пайдалануға арналған ақпаратқа қол жеткізу.

Телеконференция телекоммуникациялық жүйе жұмысын қолдайтын компьютер жадының арнайы құрылған аймағы болып табылады. Жадтың осы аймағына телеконференцияға қол жеткізе алатын абоненттердің бәрінің осы мезетте жадтың сол аймағында тұрған мәтінді түгелдей өз компьютерлеріне алуына, не оған өз мәтінін қосып алуға мүмкіндігі бар. Телеконференцияға қатысушылар жіберген мәтіндер мен репликаларды қосу есебінен жалпы мәтін жай конференцияның стенограммасына барынша ұқсас бола бастады. Осыдан барып, аты – телеконференция.

Әдетте, телеконференция қандай да бір тақырыпты (мәселені) талқылауға арналған және олардың әрбіріне Интернет серверлерінде жеке пошта жәшігі бөлінеді. Конференцияның пошта жәшігіне қол жеткізуге тақырыпты таңдау үшін конференция қызметіне жүгіну және қызықтыратын тақырыпқа жазылу қажет. Бұдан соң телеконференция қатынасушысы электрон адресіне барлық қатысушылардың мәліметтері түсе бастайды және бастапқыда бос келетін біресімді конференция папкасы жасалады. Конференциялар мына сүлбе бойынша құрылады: тақырып, біртіндеп нөмірленген пікірлер. Телеконференция тақырып беретін кейбір мәтіннен басталады. Сосын әрбір қатысушы пікір айтуға және өз репликасын қосуға мүмкіндігі бар. Репликаның бәрі өздерінің түсу ретімен тізіле орналасады және бірден барша телеконференция қатысушылары оған қол жеткізе алады.

Телеконференцияда жұмыс істеу принципі іс жүзінде электрон пошта жұмысына ұқсас. Төменде электрон поштамен телеконференция қызметтерінің салыстырмалы сипаты келтірілген.

Электрон пошта

Телеконференция

1. Абонент бір ғана хат алады

1. Әр қатысушыға конференция материалдары түгел беріледі

2. Электрон хат бір абонентке немесе адресаттар тобына жетеді.

2. Әр электрон хат барша қатысушыға жетеді.

3. Оқу қойылған режимде жұмыс істейді.

3. Оқу қойылған режимде де, интерактивті режимде де жұмыс істейді.

4. Хат жазысуды ешкім реттемейді.

4. “Модератор” реттейді.

Кесте. Электрон пошта мен телеконференцияны салыстыру.

Телеконференцияның программалық қамтымасы – телеконференция жұмысын қамтамасыз ететін программалар қызметтердің үлкен жиынтығын иемденеді. Олардың қатарына мыналар жатқызылады:

  • Дербес байланыс үшін электрон пошта;

  • Бір немесе одан да көп байланыс түрлері оқу қойылған режимде;

  • Басқа тұтынушылармен мәлімет алмасу үшін қажет Интернет “сөйлеу” режимі;

  • Резюмесі мен жүйемен байланысының соңғы сеанс уақыты көрсетілген барша тұтынушылардың директориясы;

  • Мәліметтерді редакциялау үшін интерактивті мәтіндік редактор;

  • Интернет (әрекеттестіктер шелухасы) желісі бойынша файлдарды жіберу және алу мүмкіндіктері;

Телеконференциямен жұмыс істеу үшін, кем дегенде, электрон пошта құралдары қажет. Телеконференциямен жұмыс істеудің мейлінше танымал программалары NetMeetіng (Mіcrosoft) және ProSharentel). Қазіргі пошта программалары телеконференциялар сервисін қолдау мүмкіндігіне ие. Сондықтан да телеконференцияларда жұмыс істеу үшін, әдетте, электрон поштамен жұмыс кезіндегі сияқты, сол бір пошта программалары пайдаланылады, мысалы, Outlook Express.

Usenet

Территориялық таралым бойынша телеконференциялар асауқым және жергілікті болып бөлінеді. Телеконференциялардың ең үлкен асауқым жүйесі – Usenet. Usenet-те ақпарат шендестіріле орналастырылған. Мәліметтер не тасқындап, не тарату тізімдері арқылы таратылады. Интерактив режимде (on-lіne) және кейінге қалдырылған оқу (off-lіne) режимінде жұмыс істей алады. Біріншісінде мәліметтер тізімін оқуға болады, ал сонан соң таңдалған мәліметті. Екіншісінде – тізімнен мәлімет таңдалып, оған сұрау салынады.

Видеоконференция

Жоғары жылдамдықты байланыс арналарының дамуы арқасында видеоконференция сияқты байланыс тәсілдері мүмкін болды.

Видеоконференция – бұл, телекоммуникациялық байланыс арналары бойынша интерактив қатынас мүмкіндіктері бар, видеосуреттерді беруді кірістіретін байланыс тәсілі. Компьютерлік желілерді пайдаланатын видеоконференциялар ең арзан орта сапалы видеобайланысқа мүмкіндік береді. Цифрлық спутник арнасы бойынша видеоконференциялар берілетін видеосуреттің жоғары сапасын және видеоконференциялар өткізудің төменгі бағасын бірге қарастырады.

Видеоконференция өткізу үшін кәсібилендірілген видеоконференция-жүйе пайдаланылады. Онда алыстан басқарылатын видеокамера, үлкен экранды монитор, микрофондар, динамиктер, графикалық құжаттарды оқитын құрылғы, кодектер бар. Жедел іскерлік қатынас үшін цифрлық видеотелефондар пайдаланылады. Екі қатысушы үшін видеоконференциялар мультимедиялық құралдарды қолдануды талап етеді. Видеоконференциялардың программалық қамтымасына Wіndows операциялық жүйесінің қол астында жұмыс істейтін Pіcture Tel, Іnter Proshare, Sharevіsіon мысал бола алады.