- •Компьютерлік желілер
- •Компьютерлік желілер топологиясы
- •1.1.1 Компьютерлік желілер туралы түсінік
- •1.1.2 Компьютерлік желінің даму тарихы
- •1.1.3 Желінің негізгі компоненттері
- •Ethernet, TokengRing, fddi желілік технологиялары
- •Ethernet желілік технологиясы
- •TokengRing желілік технологиясы
- •Fddi желілік технологиясы
- •1.2.4 Кейбір желілік технологиялар
- •Құрылғы адрестерден қалауы бойынша өзiне адрес белгiлейдi.
- •Құрылғы басқа құрылғыларға өзiнiң адресi туралы хабарлап, басқа жерлерден қолданбайтындығы жайлы тексерiс жүргiзедi.
- •Егер адрес ешкiммен қолданылмаса, онда оны құрылғы есiнде сақтап, кейiнгi жұмыстарында қолданады.
- •1.3 Желілік модельдер
- •1.3.1 Osi ашық жүйелердің қарым-қатынас моделі
- •Желілік хаттамалар
- •2.1 Хаттамалар түрлері
- •Хаттамалар жұмысы
- •Apple Talk - АррIе Computer фирмасы хаттамаларының жеке стегi. Ол желiлiк ортада компьютерге файл мен принтердi бiрiгiп қолдануға көмектеседi.
- •2.1.2 Хаттамалар стегi
- •2.2.1 Ip адресация
- •2.3 Tcp/ip хаттамасының тұтастығы
- •2.3.1 Udp, icmp, dhcp, arp хаттамалары
- •2.4 Желілік қосымшаларды қолдану
- •Желілік операциялық жүйе. Желіні администрациялау
- •3.1Желілік ож түрлері және жұмыс жасау принциптері
- •3.2 Желіні администрациялау. Dns – серверлер. Виртуалды машинаны орнату және баптау.
- •Ауқымды Интернет желісі
- •4.1 Интернет сипаттамасы және оған қосылу
- •4.2 Интернет қызметтері
- •4.2.1 Электрондық пошта e-mail
- •4.2.2 Www интернет қызметі
- •23Сурет. Браузер терезесі
- •4.2.3 Ftp интернет қызметі
- •Telnet интернет қызметi
- •Жаңалықтар нтернет қызметi
- •Gopher нтернет қызметi
- •5.1 Желі қорғау құралдары мен әдістері. Filtering, Firewall ашық кілттері.
- •5.2 Вирустан қорғану
- •5.3 Бағдарламаларды қорғаудың қазіргі әдістері. Электрондык сандық қол. Жаңа буынды электрондық кілттері.
- •5.4 Криптографиялық қорғау әдістерінің түсініктері
- •5.4 .1 Ақпаратты криптографиялық қорғау
- •5.5 Шифрлеу мен дешифрлеудың негізгі әдістері
- •5.5.1 Ашық мәтінді, мәтіншифр бойынша кілтін анықтау
- •6.1 Html. Құжаттарды құру және редакциялау
- •6.1.1 Html құжаттарының сапасы
- •6.1.1 Html құжатының негізгі элементтері
- •Құжат құрылымы:
- •Тегтердің белгіленуі:
- •Түстік тегтердің белгіленуі:
- •Жолдарды беру амалдары:
- •Тақырыптар:
- •Мәтін абзацы:
- •Мәтінді бөлуге арналған тегтер:
- •Безендіру тегтері:
- •Суреттер:
- •Кестелер:
- •Ұяшықтарды біріктіру:
- •6.2 Гиперсілтеме тегі, фрейм мен пішіндер қолдану
- •6.2.1 Гипермәтіндік сілтемелерді ұйымдастыру
- •Гиперсілтемелер:
- •Сілтемелер түсі:
- •6.2.2 Фреймдер
- •Сыртқылар:
- •6.3 Java тілінің негізгі ұғымдары
- •6.3.1 JavaScript қолдану аумағы және сценарий өңдеушілер
- •Гиперсілтемемен енгізілген сценарий
- •Оқиғалар мен әрекеттер өңделуіші түрінде енгізілген сценарий
- •Script элементтерімен енгізілген сценарий
- •6.3.2 Java-скриптердің құрылымы мен принциптері
- •6.4 Java-скриптердің шаблоны мен безендіру
- •6.5 Flash Macromedia тілінің сипаттамасы
- •6.6 Macromedia Flash интерфейсі
- •6.7 Растрлық графиканы импорттау, объектілерді түрлендіру (бұрмалау).
- •6.8. Сайт құру принциптері.
- •Тәжірибелік жұмыстар
- •Тест сұрақтары
6.3.1 JavaScript қолдану аумағы және сценарий өңдеушілер
JavaScript – динамикалық парақтар құратын мүмкіндік болып табылады. JavaScript бағдарламасы скрипт немесе сценарий деп аталады, ол HTML-құжат ішінде орналаса береді не жеке файлға да жазылады. Ондай файлды да браузер оқып алады (арнайы команда бойынша).
JavaScript коды HTML тілін толықтырып, оны көрнекі етеді. JavaScript тілі арқылы гипермәтіндер жаңа мүмкіндіктерге ие болады.
Веб-беттегі сценарийлер HTML-құжат ішінде жазылатын болғандықтан, ол үш негізгі стандартты жолмен енгізіледі:
гиперсілтеме түрінде;
оқиғалар мен әрекеттер өңделуіші түрінде;
SCRIPT элементтер тэгі түрінде;
Ендеше толық қарастырып өтейік:
Гиперсілтемемен енгізілген сценарий
Алдыңғы тараудағы HTML-құжатының гиперсілтемесінің тэгін қолданатын болсақ, яғни <А> HREF= « ...»> </А> беттен бетке өтіп-көше аламыз. Дәл осы элементті JavaScript тілінде де қолдануға болады, тек алдына javascript: (мән) атрибутын қоюды ұмытпау қажет. Мысал:
<а href="javascript:alert('Салем,әлем! (Привет, мир!)');">Мұнда басыңыз (Нажмите сюда)</а>
Қолданушы гиперсілтемеге басқан кезде JavaScript сценарийлер интерпретаторы келесі төмендегі суреттегідей түрге ие болады.
-сурет.
JavaScript тілінің гиперсілтемелік сценарийі
Мұндағы сценарий мәтінді экранға шығаратын alert () функциясын қолданып тұр, бұл жерде мәтін көлемі қарастырылмаған, қолданушының беруіне байланысты. Бірақ браузер JavaScript тілін қамтымаған болса, онда суреттегі көрініс шықпайды.
Оқиғалар мен әрекеттер өңделуіші түрінде енгізілген сценарий
Windows операциялық жүйесінің графикалық элементтерімен жұмыс атқару барысында белгілі бір әрекеттерді орындаймыз, масалы 1белгішені басу, файлды таңдап ашу, тышқан тетігін шерту және т.б. Осы әрекеттердің барлығы Windows ОЖ жадында алдын-ала белгіленіп қойған іс-әрекеттер мен оқиғалар өңделуіштерінің жиыны болып табылады. Мысалы, қолданушы HTML тіліндегі құжатты жүктеп, тышқан тетігін бір мәтінге көрсетіп шертті делік, браузерлер нұсқасына байланысты бұл іс-әрекеттер мен оқиғалар әртүрлі болып көрінуі мүмкін. Осы іс-әрекеттер мен оқиғалар HTML тіліндегі әр атрибуттың іс-қимылына сәйкес келеді, сонымен қатар JavaScript тілінің кодына да ұқсас болады, яғни мысал түрінде келтіретін болсақ, төмендегідей болады:
<p onclick="alert('Баспа!(He нажимать!)');">Бұл қарапайым мәтін</р>
Р элементі параграфтағы мәтіндерді біріктіреді, onclick атрибуты тышқан тетігін басқан кездегі іс-әрекетке/оқиғаға әсер етіп жұмыс атқару дегенді білдіреді.
-сурет. JavaScript тілінің оқиғалар мен әрекеттер өңделуіші
түрінде енгізілген сценарий
Script элементтерімен енгізілген сценарий
Скриптер екі <script>...</script> тегтері арасына орналасады. Әдетте олар төмендегідей болып жазылады.
<script language=JavaScript>
<! --
...
JavaScript-гі код
...
//-->
</script>
<NOSCRIPT>
...
JavaScript-те қолданылмайтын браузерлерге арналған код
...
</NOSCRIPT>
Скрипт басы
Скрипт HTML тілі комментариі түрінде жазылады, оны түсінбейтін браузерлер түсініктеме деп ұғады.
Скрипт соңы
<NOSCRIPT> блогы скриптерді түсінбейтін браузерлер үшін жазылады
Мысал:
<HTML>
<HEAD>
<TITLE>Браузерді тексеру</TITLE>
</HEAD>
<BODY bgcolor=white text=black link=blue
alink=red vlink=purple>
<Н1> Браузерді тексеру </Н1> <HR>
<SCRIPT language=JavaScript>
<!--
alert("Сіздің браузеріңіз JavaScript тілін қамтыған!");
//-->
</SCRIPT>
<NOSCRIPT>
<H2>ескерту</H2>
<P>
Сіздің браузеріңіз JavaScript тілін қамтымаған! Бұл құжат дұрыс көрсетілмейді, қате туралы хабарлама шағарады.
<Р> скриптсіз құжат нұсқасы орналасқан <А href=doc1.htm> Мұнда </A>.
</NOSCRIPT>
<Р>
Негізгі мәтінге қайту үшін батырма басыңыз<ЕМ>Артқа</ЕМ> браузердің құрал-саймандар панелінде орналасқан
</BODY>
</HTML>
-сурет. SCRIPT элементтерімен енгізілген сценарий
-сурет. «ОК» басқаннан кейін шығатын мәлімет
Келесі жолмен де сценарийді құруға болады, мысалы:
<html>
<head>
<meta http-equiv="Content-Type" content="text/html; charset=windows-1251">
<title>Бірінші сценарий</title>
</head>
<body>
<script type="text/javascript">
<! --
for (var i = 0; i < 10; i++)
{
document.write(‘Сәлем, Әлем (Привет, мир)!!!’);
}
//->
</script>
</body>
</html>
Бұл бағдарлама кодын міндетті түрде мәтінді редакторда теріп, файлды scriptl. html атымен сақтаңыз және Microsoft FrontPage редакторында жіберіп жүктеңіз. Нәтиже төмендегідей болады:
-сурет. Microsoft FrontPage редакторында құрылған SCRIPT элементтерімен енгізілген сценарий
Байқағандарыңыздай «Сәлем, әлем (Привет, мир!!!)» хабарламасы келесі жолда document.write(‘Сәлем, Әлем (Привет, мир)!!!’); енгізілді. Себебі JavaScript тіліні объектілі-бағытталған бағдарламалау ортасы болғандықтан,
Document объектісін және мәтін енгізуге арналған write(‘’) функциясын қолдандық, сондай-ақ бір сөзді не хабарламаны бірнеше рет қолмен жазбас үшін цикл for операторы да қолданылды, яғни for (var i = 0; i < 10; i++) .
