- •Компьютерлік желілер
- •Компьютерлік желілер топологиясы
- •1.1.1 Компьютерлік желілер туралы түсінік
- •1.1.2 Компьютерлік желінің даму тарихы
- •1.1.3 Желінің негізгі компоненттері
- •Ethernet, TokengRing, fddi желілік технологиялары
- •Ethernet желілік технологиясы
- •TokengRing желілік технологиясы
- •Fddi желілік технологиясы
- •1.2.4 Кейбір желілік технологиялар
- •Құрылғы адрестерден қалауы бойынша өзiне адрес белгiлейдi.
- •Құрылғы басқа құрылғыларға өзiнiң адресi туралы хабарлап, басқа жерлерден қолданбайтындығы жайлы тексерiс жүргiзедi.
- •Егер адрес ешкiммен қолданылмаса, онда оны құрылғы есiнде сақтап, кейiнгi жұмыстарында қолданады.
- •1.3 Желілік модельдер
- •1.3.1 Osi ашық жүйелердің қарым-қатынас моделі
- •Желілік хаттамалар
- •2.1 Хаттамалар түрлері
- •Хаттамалар жұмысы
- •Apple Talk - АррIе Computer фирмасы хаттамаларының жеке стегi. Ол желiлiк ортада компьютерге файл мен принтердi бiрiгiп қолдануға көмектеседi.
- •2.1.2 Хаттамалар стегi
- •2.2.1 Ip адресация
- •2.3 Tcp/ip хаттамасының тұтастығы
- •2.3.1 Udp, icmp, dhcp, arp хаттамалары
- •2.4 Желілік қосымшаларды қолдану
- •Желілік операциялық жүйе. Желіні администрациялау
- •3.1Желілік ож түрлері және жұмыс жасау принциптері
- •3.2 Желіні администрациялау. Dns – серверлер. Виртуалды машинаны орнату және баптау.
- •Ауқымды Интернет желісі
- •4.1 Интернет сипаттамасы және оған қосылу
- •4.2 Интернет қызметтері
- •4.2.1 Электрондық пошта e-mail
- •4.2.2 Www интернет қызметі
- •23Сурет. Браузер терезесі
- •4.2.3 Ftp интернет қызметі
- •Telnet интернет қызметi
- •Жаңалықтар нтернет қызметi
- •Gopher нтернет қызметi
- •5.1 Желі қорғау құралдары мен әдістері. Filtering, Firewall ашық кілттері.
- •5.2 Вирустан қорғану
- •5.3 Бағдарламаларды қорғаудың қазіргі әдістері. Электрондык сандық қол. Жаңа буынды электрондық кілттері.
- •5.4 Криптографиялық қорғау әдістерінің түсініктері
- •5.4 .1 Ақпаратты криптографиялық қорғау
- •5.5 Шифрлеу мен дешифрлеудың негізгі әдістері
- •5.5.1 Ашық мәтінді, мәтіншифр бойынша кілтін анықтау
- •6.1 Html. Құжаттарды құру және редакциялау
- •6.1.1 Html құжаттарының сапасы
- •6.1.1 Html құжатының негізгі элементтері
- •Құжат құрылымы:
- •Тегтердің белгіленуі:
- •Түстік тегтердің белгіленуі:
- •Жолдарды беру амалдары:
- •Тақырыптар:
- •Мәтін абзацы:
- •Мәтінді бөлуге арналған тегтер:
- •Безендіру тегтері:
- •Суреттер:
- •Кестелер:
- •Ұяшықтарды біріктіру:
- •6.2 Гиперсілтеме тегі, фрейм мен пішіндер қолдану
- •6.2.1 Гипермәтіндік сілтемелерді ұйымдастыру
- •Гиперсілтемелер:
- •Сілтемелер түсі:
- •6.2.2 Фреймдер
- •Сыртқылар:
- •6.3 Java тілінің негізгі ұғымдары
- •6.3.1 JavaScript қолдану аумағы және сценарий өңдеушілер
- •Гиперсілтемемен енгізілген сценарий
- •Оқиғалар мен әрекеттер өңделуіші түрінде енгізілген сценарий
- •Script элементтерімен енгізілген сценарий
- •6.3.2 Java-скриптердің құрылымы мен принциптері
- •6.4 Java-скриптердің шаблоны мен безендіру
- •6.5 Flash Macromedia тілінің сипаттамасы
- •6.6 Macromedia Flash интерфейсі
- •6.7 Растрлық графиканы импорттау, объектілерді түрлендіру (бұрмалау).
- •6.8. Сайт құру принциптері.
- •Тәжірибелік жұмыстар
- •Тест сұрақтары
6.2 Гиперсілтеме тегі, фрейм мен пішіндер қолдану
6.2.1 Гипермәтіндік сілтемелерді ұйымдастыру
Web – парақтардың басқа Web – парақтарға қатысты сілтемелерінің болуы- World Wide Web жүесінің ең тартымды ерекшеліктерінің бірі. HTML құжаттарында гиппермәтіндік сілтемелерді құру өте жеңіл. Ол үшін атрибуты, яғни параметрі бар ашылатын <А...> және қарапайым жабылатын </А> тәгтері пайдаланылады. Жалпы сілтемелер жасаған кезде мынадай ережелерді есте сақтаған жөн.
1. Гипперсілтемелерді құрған кезде HREF= «...» атрибуты міндетті түрде қажет. Оның мәні сол сілтеме көрсетіліп тұрған файл атын немесе оның URL – адресінен тұрады. Сілтеме мәтін <А> мен </А> тәгтерінің арасына орналасады. Сілтеме броузерде бейнеленген кезде көбінесе оның асты сызылып, көк түспен бейнеленеді. Сол сілтеме сөздің үстіне курсорды қойып тышқанды шерту көрсетілген файлға немесе желі бойындағы URL – адреске көшуді қамтамассыз етеді. Гиппермәтіндік сілтемелер адрестен өзге кез келген файлды немесе адреске сәйкес. Web – парақты көрсету мүмкін.
Мысалы, мына жол:
Төмендегі жол :
экранға ит сөзін шығарады, оны шерту ағымдағы бумадағы сурет салынған dog. Jpg файлна көшу ісін атқарады.
Егер сілтеме көрсетіп тұрған Web – парақ басқа бір Web – торапқа орналасқан болса онда HREF = ... атрибуты мәні ретінде сол құжаттың толық URL – адресі пайдаланады, оның ішіне хаттаманың атауы мен Web – тораптың адресі де кіреді. Осындай сілтемелер сыртқы сілтемелер деп аталады. Мысалы, мынадай жол:
экранға Microsoft сөзін шығарып, оны шерту Интернет желісіндегі Microsoft компаниясының Web – парағының алғашқы бетіне көшуді қамтамасыз етеді. Егер сілтеме сол Web – тораптың басқа парағын көрсететін болса, онда құжаттың тек салыстырмалы жолан беруге болады. Мұндайда ішкі сілтеме құрылады. Ішкі сілтемелерді пайдаланған қолайлырақ, себебі Web – торапты басқа серверге ауыстырған кезде, жеке құжаттар адресіне өзгеріс енгізу талап етілмейді.
Мысалы:
3. Егер файл емес, оның мәтінінің ішіндегі басқа бір қажетті орынға алдын ала анкер орнатамыз. Сонда гиппермәтіндік сілтемелер сол парақ ішіндегі анкері бар белгілі бір орындыкөрсету мүмкін. Анкер құруға да <А> мен </А> тәгтері қолданылады, бірақ мұндайда HREF= « ...»> атрибутына қосымша NAME= «...» атрибутын пайдалану керек. Ол тек латын әріптері мен сандардан тұрады да, олардың ішінде бос орын та4басы болмауы керек, бірақ соңғы броузерлер орыс әріптерін ала береді.
Мысалы:
Көшу орындалды
жолдары 2 htm файлдағы ААА сөзіне көшіреді. Ал егер көріп отырған мәтін ішіндегі басқа бір 1.1 тіркесіне көшу үшін:
қатарларын жазу қажет.
Ескерту. Орнатылған анкерге сілтеме жасау үшін, URL – адресінен кейін # таңбасымен бөлінген анкер атауы көрсетілуі керек. Бір құжат ішіндегі анкер алдына адрес жазылмайды.