Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
на каз ВВСТ_Не трогать.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.17 Mб
Скачать

2.3.1 Udp, icmp, dhcp, arp хаттамалары

UDP хаттамасы. User Datagram Protocol- қолданушылық датаграммалар хаттамасы, ол IP-дің жоғарғы жағына орналасқан екі негізгі хаттамалардың бірі болып табылады және IP хаттамасына

2.4 Желілік қосымшаларды қолдану

Желілік қосымшаларды қолдану үшін көптеген бағдарламаларды мысал ретінде келтіруге болады, соның ішінде көп қолданылатыны Microsoft Outlook Express қосымшасы, ол бүкіл әлеммен байланысты қамтамасыздандырады. Қазіргі уақытта қолданушыға ыңғайлы болу үшін электронды поштамен, жаңалықтар топтарымен жұмыс атқаруға арналған құралдар кең әрі ауқымды түрде дамыған.

Электрон поштамен жұмыс істеу үшін пошта бағдарламалары қажет. Ең көп тарағаны Microsoft Outlook Express. Берілген тұтынушыға қатысы бар пошта мәліметтерінің бәрі төрт бумаға сақталады: Кіретіндер, Шығатындар, Жіберілінгендер, Өшірілгендер.

19-сурет. Microsoft Outlook Express бағдарламасы

Кіретіндер бумасында барлық алынған мәліметтер бар және олар өздері өшірілгенге дейін немесе басқа бумада сақталғанға дейін сақталады. Өшірілгендер бумасында барлық өшірілген мәліметтер бар. Бұл бумада мәліметтерді орналастыру ғана емес, оларды алуға да болады.

Шығатындар бумасында жөнелтуге дайын тұрған мәліметтердің бәрі бар. Жіберілінгендер бумасында электрон пошта арқылы жіберілінген мәліметтердің көшірмесі бар.

Серверден оқылғаннан кейін, пошта Кіретіндер бумасында түседі. Оқылғаннан кейін хат сонда қалады, бірақ оқылған есебінде таңбаланады. Өшірілгендер бумасында тұтынушы өшірген мәліметтер сақталады. Оны тазалау керек. Шығатындар бумасында тұтынушы жөнелту үшін жасаған мәліметтер бейнеленеді. Сервермен қосылу мезетінде хат жіберілгендер бумасында орын ауыстырады. Егер байланыс сеансы табысты болмаса, онда мәлімет шығатындар бумасында қалады.

Электрондық пошта құралдары арқылы файлдарды қайта жіберу

Файлдарды қайта жіберу барысында олардың бөлшектерін есепке алу қажет. Егер файлдар көлемі өте үлкен болса, онда жіберер алдында оларды архивтендіріп алу қажет. Сонда файлды беру үрдісі жылдамдатылады.

Электрондық пошта мен жаңалықтар тобының бірнеше есепке алу жазбасын(учетная запись) қолдану. Электрондық пошта мен жаңалықтар тобының бірнеше есепке алу жазбасы(учетная запись) бар болған жағдайда барлығымен бір уақытта бір терезеде қолдану мүмкіндігі арта түседі. Сонымен қатар бір ғана компьютерде бірнеше қолданушыларды тіркеуге (бірнеше куәліктерді енгізуге) болады. Әр куәлікке электрондық поштаның уникалды бумасы мен бөлек адрестік кітапшасы сәйкес келеді. Бірнеше куәліктер жұмыс поштасының жеке поштасынан ажыратып бөлуге мүмкіндік береді, сондай-ақ бірнеше қолданушының пошталық жәшіктерін бөледі. Интернет қолданушысы интернетке қосылып және Microsoft Outlook Express бағдарламасын қолдана отырып хабарламалармен алмасып, кез келген жаңалықтар тобының мүшесі бола алады.

Интернетке қосылу шебері бір не бірнеше электрондық пошта және жаңалықтар серверімен қосылуын баптайды. Есепке алу жазбасын(учетная запись) қосу үшін міндетті түрде жергілікті есептеуіш желі әкімшілігінен (администратор) немесе Интернет қызметтерін жеткізушіден келесі мәліметтерді алу қажет:

  • Электрондық поштаның есепке алу жазбасын қолдану үшін міндетті түрде жүйеге кірудің аты мен құпия сөзін (пароль), сондай-ақ кіріс және шығыс хабарламалар серверінің атын білу қажет.

  • Жаңалықтарды оқу үшін міндетті түрде жаңалықтар серверінің атымен, кейбір жағдайда жүйеге кірудің аты мен құпия сөзін (пароль) білу қажет.

Поштаның есепке алу жазбасын немесе жаңалықтар тобын қалай қосу қажет?

Есепке алу жазбасын(учетная запись) қосу үшін міндетті түрде өзіндік жергілікті есептеуіш желі әкімшілігінен (администратор) немесе Интернет қызметтерін жеткізушіден келесі мәліметтерді алу қажет:

*Поштаның есепке алу жазбасын қосу үшін міндетті түрде пошталық сервердің типін (POP3, IMAP немесе HTTP), жүйеге кірудің аты мен құпия сөзін (пароль), кіріс поштасы серверінің атын, POP3 және IMAP хаттамалары үшін шығыс поштасы серверінің атын білу қажет.

*Жаңалықтардың есепке алу жазбасын қосу үшін міндетті түрде байланысқа түсетін жаңалықтар серверінің атын, қажет жағдайда жүйеге кірудің аты мен құпия сөзін (пароль) білу қажет.

  1. Сервис мәзірінен Есепке алу жазбасын таңдау;

  2. Интернеттегі Есепке алу жазбасы диалогтық терезесінде Қосу (Добавить) батырмасын таңдау;

  • Интернетке қосылуды қосылу шеберін белгілеп жұмысты бастау қажет, ол үшін Пошта немесе Жаңалықтарды таңдау керек, одан ары қарай шебер нұсқауын таңдай отырып, пошта немесе жаңалықтар серверімен байланысын баптау қажет.

  • Әр қолданушы пошта немесе жаңалықтардың бірнеше есепке алу жазбасын бере алады. Ол үшін жоғарыдағы айтылған іс-әрекеттерді орындаса жеткілікті.

Хаттарды әртүрлі безендіруге болады (20 сурет) , ол үшін міндетті түрде келесі әрекеттерді орындау керек: :

  1. «ҚҰРУ (Создать)» пунктін таңдау;

  2. «Формат» пунктін таңдау;,

  3. «Фон» пунктінен Сурет, Түс, Дыбыс таңдау;

20-сурет. Microsoft Outlook Express бағдарламасына суретті қою

«Формат» пунктінен төгілмелі мәзірден «Использовать бланк» таңдау арқылы хат жазуға арналған дайын бланкты артқы көрініс (фон) ретінде қолдануға болады.

21-сурет. Microsoft Outlook Express бағдарламасына артқы көрініс қою

Бақылау сұрақтары

  1. Хаттама деген не?

  2. TCP/IP әулетінің құрамына қандай хаттамалар кіреді?

  3. Желідегі адрестеуге анықтама беріңіз.

  4. IP адрестеу?

  5. IP пакетінің форматы.

  6. UDP хаттамасы.

  7. CMP хаттамасы

  8. Желілік қосымшалар деген не?

Бөлім 3.