
- •Компьютерлік желілер
- •Компьютерлік желілер топологиясы
- •1.1.1 Компьютерлік желілер туралы түсінік
- •1.1.2 Компьютерлік желінің даму тарихы
- •1.1.3 Желінің негізгі компоненттері
- •Ethernet, TokengRing, fddi желілік технологиялары
- •Ethernet желілік технологиясы
- •TokengRing желілік технологиясы
- •Fddi желілік технологиясы
- •1.2.4 Кейбір желілік технологиялар
- •Құрылғы адрестерден қалауы бойынша өзiне адрес белгiлейдi.
- •Құрылғы басқа құрылғыларға өзiнiң адресi туралы хабарлап, басқа жерлерден қолданбайтындығы жайлы тексерiс жүргiзедi.
- •Егер адрес ешкiммен қолданылмаса, онда оны құрылғы есiнде сақтап, кейiнгi жұмыстарында қолданады.
- •1.3 Желілік модельдер
- •1.3.1 Osi ашық жүйелердің қарым-қатынас моделі
- •Желілік хаттамалар
- •2.1 Хаттамалар түрлері
- •Хаттамалар жұмысы
- •Apple Talk - АррIе Computer фирмасы хаттамаларының жеке стегi. Ол желiлiк ортада компьютерге файл мен принтердi бiрiгiп қолдануға көмектеседi.
- •2.1.2 Хаттамалар стегi
- •2.2.1 Ip адресация
- •2.3 Tcp/ip хаттамасының тұтастығы
- •2.3.1 Udp, icmp, dhcp, arp хаттамалары
- •2.4 Желілік қосымшаларды қолдану
- •Желілік операциялық жүйе. Желіні администрациялау
- •3.1Желілік ож түрлері және жұмыс жасау принциптері
- •3.2 Желіні администрациялау. Dns – серверлер. Виртуалды машинаны орнату және баптау.
- •Ауқымды Интернет желісі
- •4.1 Интернет сипаттамасы және оған қосылу
- •4.2 Интернет қызметтері
- •4.2.1 Электрондық пошта e-mail
- •4.2.2 Www интернет қызметі
- •23Сурет. Браузер терезесі
- •4.2.3 Ftp интернет қызметі
- •Telnet интернет қызметi
- •Жаңалықтар нтернет қызметi
- •Gopher нтернет қызметi
- •5.1 Желі қорғау құралдары мен әдістері. Filtering, Firewall ашық кілттері.
- •5.2 Вирустан қорғану
- •5.3 Бағдарламаларды қорғаудың қазіргі әдістері. Электрондык сандық қол. Жаңа буынды электрондық кілттері.
- •5.4 Криптографиялық қорғау әдістерінің түсініктері
- •5.4 .1 Ақпаратты криптографиялық қорғау
- •5.5 Шифрлеу мен дешифрлеудың негізгі әдістері
- •5.5.1 Ашық мәтінді, мәтіншифр бойынша кілтін анықтау
- •6.1 Html. Құжаттарды құру және редакциялау
- •6.1.1 Html құжаттарының сапасы
- •6.1.1 Html құжатының негізгі элементтері
- •Құжат құрылымы:
- •Тегтердің белгіленуі:
- •Түстік тегтердің белгіленуі:
- •Жолдарды беру амалдары:
- •Тақырыптар:
- •Мәтін абзацы:
- •Мәтінді бөлуге арналған тегтер:
- •Безендіру тегтері:
- •Суреттер:
- •Кестелер:
- •Ұяшықтарды біріктіру:
- •6.2 Гиперсілтеме тегі, фрейм мен пішіндер қолдану
- •6.2.1 Гипермәтіндік сілтемелерді ұйымдастыру
- •Гиперсілтемелер:
- •Сілтемелер түсі:
- •6.2.2 Фреймдер
- •Сыртқылар:
- •6.3 Java тілінің негізгі ұғымдары
- •6.3.1 JavaScript қолдану аумағы және сценарий өңдеушілер
- •Гиперсілтемемен енгізілген сценарий
- •Оқиғалар мен әрекеттер өңделуіші түрінде енгізілген сценарий
- •Script элементтерімен енгізілген сценарий
- •6.3.2 Java-скриптердің құрылымы мен принциптері
- •6.4 Java-скриптердің шаблоны мен безендіру
- •6.5 Flash Macromedia тілінің сипаттамасы
- •6.6 Macromedia Flash интерфейсі
- •6.7 Растрлық графиканы импорттау, объектілерді түрлендіру (бұрмалау).
- •6.8. Сайт құру принциптері.
- •Тәжірибелік жұмыстар
- •Тест сұрақтары
Тәжірибелік жұмыстар
Желіге кіру
Желілердің жұмыс орнындағы компьютерлерден қолданушы бұл компьютерді ажыратып тану үшін, компьютерге ат берілу қажет. Компьютер аты 15-тен аспайтын символдардан тұрады және ол жерде бос орын (пробел) белгісі болмауы қажет.
Топтың аты берілген компьютерге байланысты болатын компьютерлер тобын анықтайды. «Жұмысшылар тобы» (Рабочая группа) өрісінде топтың атын көрсетуге немесе жаңа ат енгізуге болады. Бірақ олардың ұзындығы 15 символдан аспауы қажет.
Желіде сіздің компьютеріңізді тану үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
Бас менюді (Пуск) ашыңыз және Баптау (Настройка) командасын таңдаңыз. Оның ішінде Басқару панелін (Панель управления) ашыңыз.
Басқару панеліндегі Желі (Сеть) таңбашасында тышқан тетігінің сол жағын екі рет шертіңіз. Бұл жерде Желі – сұхбаттасу терезесі ашылады. Терезедегі Компьютер бетбелгісіне (вкладка) өтіңіз.
«Компьютер аты» (Имя компьютера) өрісіне компьютердің атын енгізіңіз. Мұнда кез-келген атты қолдануға болады, мысалы, Есептеуіш12, Студент, Mashinal және т.б. Бірақ берілген ат желіге нақты болуы қажет.
«Жұмысшылар тобы» (Рабочая группа) өрісіне компьютердің орналасқан жеріне байланысты топтың атын енгізу қажет, мысалы, 115 топ, сынып1 және т.б.
«Компьютердің сипаттамасы» (Описание компьютера) өрісіне түсініктеме жазылады. Ол жерге кейін желіні қолдануда басқа қолданушыларға көрінетін кез-келген мәтін жазуға болады. Бірақ бұл өріске түсініктеме жазу міндетті емес.
Желі – сұхбаттасу терезесін жабу үшін ОК батырмасын басыңыз.
Желіге кіру үшін желі мен желілік ресурсқа қатынау құқы бар қолданушыларға көбінесе тіркеу аты мен пароль қолданылады. Жүйеге кіру тәсілі Желі – сұхбаттасу терезесінде анықталады. Бұл терезеде Конфигурация бөліміне өтіңіз. Ашылған тізімдер ішінен «Желіге кіру тәсілі» (Способ входа в сеть) деген тізімде тышқан тетігін шертіңіз. Желіге қосылуға мүмкіндігі бар тізімдер шығады:
Microsoft желісінің клиенті (Клиент для сетей Microsoft). Бұл параметр біррангтік Windows желісіне кіру үшін қолданылады.
NetWare желісінің клиенті (Клиент для сетей NetWare).Бұл параметр Novell желісіне кіру үшін қолданылады.
Windows-қа қарапайым кіру (Обычный вход в Windows). Бұл параметр таңдалынған болса, желіге қосылмаған жағдайда қателері көрсетілмейді.
Компьютерлік желілердің ресурстарын көру
Егер сіздің компьютеріңіз желіге қосылған болса, онда жұмыс орнында міндетті түрде Желілер ортасы (Сетевое окружение) таңбашасы болады. Желілер ортасы таңбашасы арқылы компьютерлік желілердің ресурстарын көруге болады:
Желілер ортасы таңбашасында тышқан тетігінің сол жағын екі рет шертіңіз. Желілерге қосылған компьютерлер және Барлық желі (Вся сеть) таңбашалары бар Желілер ортасы терезесі ашылады.
Барлық желі (Вся сеть) таңбашасында тышқан тетігінің сол жағын екі рет шертіңіз.
Желілер ортасы терезесіндегі өзіңіздің байланысқыңыз келетін компьютер таңбашасында тышқан тетігінің сол жағын екі рет шертіңіз. Ашылған терезеден байланысқан компьютердегі барлық ақпараттарды көре аласыз.
Өзіңізге қажет бумаңызды екі рет шертіңіз. Бума мазмұны келесі терезеде ашылады.
Осылай желіге қосылған барлық компьютердегі ақпараттарды көруге болады.
Ашылған терезелердің барлығын жабыңыз.
Тапсырма
Желілер ортасы таңбашасы арқылы желіге неше компьютерлер қосылғанын айтыңыз.
Мәтіндік редакторды ашып, жаңа құжатқа өзіңіз туралы мәлімет жазыңыз.
Өзіңіздің байланысқыңыз келетін компьютерді ашып, сол компьютердегі «Менің құжаттарым» бумасында сақтаңыз.
Өзіңіз байланысқан және құжатыңызды сақтаған компьютердегі ақпараттарды көріңіз.
Ашылған терезелерді жабыңыз.