Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
на каз ВВСТ_Не трогать.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.17 Mб
Скачать

5.5.1 Ашық мәтінді, мәтіншифр бойынша кілтін анықтау

Хабардың өзі ашық мәтін (Plaintext) деп аталады. Хабардың мәнісін жасыратындай хабарды өзгертуді шифрлеу деп атайды. Шифрленген мәтінді (Chippertext) ашық мәтінге өзгерту үрдісін дешифрлеу деп атайды.

Мәліметтерді өзгерту сипаты бойынша алгоритмдерді :

  1. Орын ауыстыру. Ақпараттың блоктары (биттер, байттар және т.б.) өздері емес, олардың ілесу реті ауыстырылады.

  2. Алмастыру. Ақпараттардың блоктары криптоалгоритмнің белгілі бір заңы бойынша алмастырылады.

Құпиялықты қамтамасыз етуден басқа криптография тағы басқа функцияларды атқарады.

  • Түпнұсқалыққа тексеру. Хатты қабылдап алушы оның жіберілген көзін тексере алады, қаскүнем біреудің атымен бүркене алмайды.

  • Тұтастық. Қабылдап алушы хатты жіберу барысында оның өзгертілмегенін тексере алады, қаскүнем дұрыс хатты жалған хатқа ауыстыра алмайды.

  • Авторлыққа мойынсұну. Жіберуші хатты жібергенін жалған түрде теріске шығара алмайды.

Егер алгоритмнің қауіпсіздігі оның құпиялылығына негізделсе, онда ол шектеулі алгоритм болады. Шектеулі алгоритмдер қазіргі олар тек тарихи қызығушылық тудырады. Ауқымды және өзгеріп отыратын қолданушылар мұндай алгоримтдерді қолдана алмайды, себебі топтың мүшесі топтан шығып кеткен жағдайда, қалған топ мүшелері басқа алгоритмге ауысуы керек болады.

Қазіргі уақыттағы алгоритм бұл мәселені К кілті арқылы шешеді. Бұл үлкен жиыннан алынған кез-келген кілт болуы мүмкін. Мүмкін болатын кілттер жиынтығын кілттер кеңістігі деп атайды.

Кілтке байланысты алгоритм екі түрге бөлінеді: симметриялық және ашық кілтті. Симметриялық алгоритмдерде шифрлеу кілттері дешифрлеу кілті бойынша және керісінше табылады. Жасырылып отырылған хат жіберілгенше дейін кілт құпияда сақталуы қажет.

Симметриялық алгоритмдер екіге бөлінеді. Кейбір алгоритмдер ашық мәтіннің әр битін (байтын) өңдеп, лектік алгоритм деп аталса, енді біреулері ашық мәтіннің тобымен жұмыс істеп, биттердің тобы блок, ал алгоритмдер блоктық алгоритм не блоктық шифр деп аталады. Компьютерлік алгоримтдерде блоктардың әдеттегі көлемі 64 бит – анализ жасау үшін жеткілікті түрде көп, және жұмыс істеу үшін жеткілікті түрде аз және ыңғайлы.

Ашық кілтті алгоритмдерде шифрлеу кілті мен дешифрлеу кілттері екі түрлі болады. Бұған қоса, дешифрлеу кілтін шифрлеу кілтінен есептеп алуға (санаға сыйымды уақыт ішінде) болмайды. Алгоритм «ашық кілтті» деп аталады, себебі әркім шифрлеу кілтін қолдана отырып хабарды шифрлей алады, бірақ тек дешифрлеу кілтін білетін белгілі бір адам ғана бұл хатты оқи алады.

Алгоритмді бұзу қиындығына қарай әр алгоритмнің әр түрлі қауіпсіздік деңгейі болады. Егер алгоритмді бұзу құны шифрленген мәліметтердің құнынан жоғары болса, онда шифрленген мәтінге қатер төнбеуі мүмкін. Егер алгоритмді бұзу уақыты шифрленген мәліметтерді сақтау (өмір сүру уақыты) уақытынан көп болса, онда шифрленген мәтінге қатер төнбеуі мүмкін. Егер бір кілтпен шифрленген мәліметтер көлемі алгоритмді бұзуға қажетті мәліметтер көлемінен аз болса, онда шифрленген мәтінге қатер төнбеуі мүмкін.

Криптоаналитиктегі шифрленген мәтіннің көлеміне қарамастан онда ашық мәтінді алу туралы ақпарат болмаса, онда бұл алгоритм сөзсіз қауіпсіз болады. Бір ретті блокноттармен шифрлеуді ғана шектеусіз ресурстарға қарамастан бұзу мүмкін емес. Қалған криптожүйелердің барлығы шифрленген мәтінге мүмкін болатын барлық кілттерді қою арқылы және алынған ашық мәтіндерді саралау арқылы бұзып ашылуы мүмкін.

Алгоритм есептеу тұрғысынан қауіпсіз болады, егер ол қазіргі таңдағы адамзат қол жеткізген және болашақтағы 10-20 жылда қол жеткізетін ресурстар арқылы бұзыла алмаса. Бұзып ашудың қиындығын әр түрлі жолдармен өлшеуге болады:

  1. Мәліметтердің қиындығы. Бұзып ашудың кірісінде қолданылатын мәліметтердің көлемі.

  2. Өңдеу қиындығы. Бұзып ашу жұмысын жүргізу үшін қажетті уақыт. Көбінесе жұмыстың коэффициенті деп аталады.

  3. Жадыға қойылатын талаптар. Бұзып ашу үшін қажетті жадының көлемі.

Егер алгоритмді өңдеу қиындығы 2128 болса, онда алгоритмді бұзу үшін 2128 операция қажет (бұл операциялар күрделі, әрі ұзақ болуы мүмкін ). Егер сіздің есептеу қуатыңыз секундына миллион операция жасайды деп шамаласақ, және бұл міндетті орындау үшін миллион параллельді процессорыңыз бар болса, онда қажетті кілтті табуға сізге 1019 жыл керек, бұл әлем дүниесінің өмір сүру уақытынан асып кетеді.

Бұзудың қиындығы қалыпты болып тұруына қарамастан компьютерлердің қуаттары артып келеді. Соңғы жарты ғасырда компьютерлердің есептеу қуаты едәуір өскен, және бұл тенденция ары қарай жалғасатынына еш күмән жоқ. Көптеген криптографиялық бұзулар параллельді компьютерлер үшін жарамды: есептеу процессорлық қарым-қатынасты қажет етпейтін миллиардтаған шағын бөліктерге бөлінеді. Сондықтан сенімді криптографиялық жүйелер есептеу техникасының дамуын көптеген жылдарға дейін алдын ала ескеріп отырады.

6 Бөлім

WEB – бағдарламалау

Интернеттің қазіргі дамуы 90- жылдар басында копьютерлер арасында мәлімет алмасудың жаңа хаттамасы пайда болғаннан кейін басталды. Бұл хаттама НТТР (Hyper Text Transfer Protocol - гиппермәтінді тасымалдау хаттамасы) деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар НТТР серверлерінің кеңейтілген желілері болып табылатын Интернет арқылы файлдар тасымалдай алатын World Wide Web қызмет бабы пайда болды.

Бұл файлдардың басым көпшілігі Web- парақтар түрінде HTML (Hyper Text Markup Language- гиппермәтінді белгілеу түрі) тілінде жазылған арнаулы файлдар түрінде болады. Осы файлдарды НТТР сервердерінде орналастыру жолымен Web- парақтар қалың көпшілік пайдаланатындай түрде интернетте жарияланады. Web- парақтар мазмұны әртүрлі бола береді және олар әртүрлі тақырыптарды қамтиды, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжаттарының бәрініңде файл аттарының кеңейтілуі HTM немесе HTML болуы тиіс.

HTML тілі World Wide Web қызмет бабымен дами отырып, Web- парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылады. Ол World Wide Web жүйесінің негізі оның өте кең тарауына себепші болады. World Wide Web қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрнек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.

Гиппермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет, дабыс енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз – келесі көрсетілген құжат бөлігі қалай бейнелетінін анықтайтын айрықша кодтты осы сөз ішіне енгізу. Гиппермәтінді белгілеу үшін броузер деп аталатын арнайы көрсету програмалары қолданылады. Гиппермәтін экрандк ьелгіленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорда сол сөзге жеткізіп, тышқанды шерттсек, онда сонымен байланысты басқа құжатты оқимыз. Ол құжаттар мәліметтер ішінднгі басқа парақтарда немесе Web жүйесіндегі басқа топтарда орналасып, бейне жазьа, сурет, жазылған дабыс күйінде болуы мүмкін.

Сонымен, мәтіндерді осылай байланыстыра отырып белгілейтін мүмкіндікті беретін HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамассыз ететін өз заңдылықтары мен ережелері бар.