Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
на каз ВВСТ_Не трогать.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.17 Mб
Скачать
      1. Gopher нтернет қызметi

Gopher

FTP файлдарды тасымалдауда жақсы қызмет атқарады, бiрақ бұл хаттамада көптеген компьютерлерге таратылған файлдармен жұмыс iстеуге арналған құралдар жоқ. Сондықтан да сондай файлдардың тасымалдау жұмысын атқаратын Gopher жүйесi құрылды. Gopher жүйесiнiң мәзiрi арқылы қорлар тiзiмiн көрiп қана қоймай, керек материалдардың қай жерде орналасқанын бiлмей-ақ, ол материалдарды бiрденен қабылдай аласыз. Gopher – FTP пен Telnet бағдарламалары сияқты жалпылама көру жүйесiнiң бiрi. Интернетте бұл кең таралған.

5 Бөлім

Желі қауіпсіздігі және қорғау

5.1 Желі қорғау құралдары мен әдістері. Filtering, Firewall ашық кілттері.

5.2 Вирустан қорғану

5.3 Бағдарламаларды қорғаудың қазіргі әдістері. Электрондык сандық қол. Жаңа буынды электрондық кілттері.

5.4 Криптографиялық қорғау әдістерінің түсініктері

Криптография – шифрлер туралы ғылым – негізінен мемлекеттік және әскери құпияларды жасыру үшін қолданылып келгендіктен ұзақ уақыт бойы құпия болып келді. Қазіргі уақытта криптографиялық әдістер мен құралдар мемлекетпен қоса жеке тұлғалар мен ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мәселе тек олардың құпиялығында емес. Бүкіл жер жүзі бойынша тым көп әр түрлі ақпарат сандық (цифрлы) түрде таратылады, және бұл ақпараттар үшін қаскүнемдік танысу, жинау, алмастырып қою, фальсификациялау және т.б. қауіптер төніп тұр. Мұндай қауіп-қатерден қорғанудың ең сенімді әдістерін криптографияның дәл өзі қамтамасыз етеді.

Күн сайын криптография мен криптографиялық әдістер біздің күнделікті өміріміз бен тұрмысымызға кеңінен еніп келеді. Міне бірнеше мысал. E-mail-ді жібере отырып біз кей жағдайларда менюдің мына сұрағына жауап береміз: “Шифрлеу режимі қажет пе?”. Банк карточкасының иегері терминал арқылы банкке жүгіне отырып, алдымен карточканы аутентификациялаудың криптографиялық протоколын орындайды.

Криптографиялық әдістер (ақпаратты қорғау) мен криптоанализдің (қорғауды бұзу) көптеген түрлері шығып жатыр. Олардың криптотұрақтылық пен өнімділік сияқты талаптары әрдайым өсіп келеді.

Генерацияланатын сандар өзінің статистикалық қасиеттері бойынша шынайы кездейсоқ сандардың тізбегіне барынша жақындатылған, бұл өз кезегінде криптографиядағы ақпараттың қауіпсіздік деңгейін көбейтеді. Осы негізде алынған шифрленген мәліметтің дешифрлейтін кілтсіз ақпараттық құндылығы жоқ және біркелкі үлестіруге жақын болатын символдар сөздігінің ықтималдық үлестіру жиілігі болады, бөгде адам үшін бұл толығымен мағынасы жоқ мәлімет болып көрінеді. Кілттерді орнына қоя отырып бұзуға тырысқан бөгде адам жүйенің күйлері алғашқы мәндерге экспоненциалды сезгіштік мәселесіне тап болады. Яғни, жүйенің алғашқы күйін беру барысында сәл ғана қателіктің өзі жиналып, бірнеше итерациялардан кейін алынған үлгіге тіптен сәйкес келмейтін нәтижеге алып келетін қасиетке ие. Әр түрлі дәлдік деңгейі бар кілттерді қолдану толығымен әр түрлі нәтижелерге алып келеді.

Жүргізіліп отырылған жұмыстардың негізгі мақсаты ақпаратты байланыс каналдары беру барысында, ақпаратты сақтау құрылғыларында сақтау барысында сырт көзден қорғау үшін қарастырылып отырылған жаңа криптографиялық әдісті комплекстік зерттеу, және бұл әдіспен шифрлеуді тәжірибелік түрде жүзеге асыру. Тәжірибелік түрде жүзеге асыру тек аналитикалық және зерттеу жұмыстарының қанағаттандырарлық нәтижелерінде ғана орынды болады.