Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
на каз ВВСТ_Не трогать.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.17 Mб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

Бөлім 1. Компьютерлік желілер

1.1 Компьютерлік желілер топологиясы

1.2 Желілік технологиялар

1.3 Желілік модельдер

1.3.1 OSI ашық жүйелер қарым-қатынас моделі

1.3.2 Желі стандарттары

Бөлім 2. Желілік хаттамалар

2.1. Хаттамалар түрлері . TCP/IP хаттамасы

2.1.1 Хаттамалардың қызметі

2.1.2 Хаттамалардың түрлері

2.1.3 TCP/IP хаттамасының стегі

2.2 IP – адресіндегі адрестеу

2.2.1 IP – адрестерінің түрлері

2.2.2 IP – адрестер формат(пішіні)

2.2.3 IP – адрестер класстары

2.3 TCP/IP хаттамаларының тұтастығы. IP, UDP, ICMP, DHCP, ARP

2.3.1 IP - желіаралық қарым-қатынас хаттамасы

2.3.2 TCP–басқару хаттамасы

2.3.3UDP – қолданушылық дейтаграммалар хаттамасы

2.3.4Мультиплексиялау, демультиплексиялау

2.3.5Динамикалық номерлер. Пакеттер пішіні (форматы)

2.3.6 ICMP – желіаралық басқару хабарламалардың хаттамасы

2.3.7 Қателер туралы диагностикалық хабарламалар

2.3.8 Сұраныс/жауап түрлі ақпараттық хабарламалар

2.3.9 ICMP – хабарламаның пішіні

2.3.10 DHCP – хотарды динамикалық конфигурациялау хаттамасы

2.3.11Конфигурациялаудың қол режимі

2.3.12 Статикалық адрестердің автоматтандырылған режимі

2.3.13 Адрестердің динамикалық таратылуы

2.3.14 ARP – адрестерге рұқсат беру хаттамасы

2.4 Желілік қосымшаларды қолдану

2.4.1 Желілік офистік қолданбалар

Бөлім 3. Желілік операциялық жүйелер және желіні администрациялау

3.1 Желілік операциялық жүйелердің (ОЖ) түрлері және жұмыс жасау принциптері

3.1.1 Желілік операциялық жүйелерді орнату және баптау

3.1.2 ОЖ архитектурасы

3.1.3 Процестер мен ағындар

3.1.4 Жадыны басқару

3.2 Желіні администрациялау және DNS – серверлер

3.2.1 Виртуалды машинаны орнату және баптау

3.2.2 DNS кілттік сипаттамалары

3.2.3 DNS жұмыс жасау принциптері және терминдері.

3.2.4 DNS аттарының аумағы және DNS мәліметтер қорының құрылысы

3.2.5 Адрестердің аттарға өзгертілуі.

3.2.6 DNS сұраныстар.

3.2.7Виртуалды машина оның түсініктері, орнатылуы және бапталуы.

Бөлім 4. Ауқымды Интернет желісі

4.1 Интернет сипаттамасы және Интернетке қосылу

4.1.1 Интернеттің даму тарихы және оның құрылысы.

4.1.2 Провайдер ұғымы

4.1.3 Қызмет беруші желісінің сипатамасы

4.1.4 Желіге қойылатын талаптар мен сипаттамалар

4.1.5 Қызмет көрсету деңгейі туралы келісімдер

4.1.6 Интернетке қосылу түрлері және жабдықтамалары

4.1.7 Компьютерлік және желілік қауіпсіздік

4.1.8 Желілік қауіпсіздік сервистері

4.2 Интернет қызметтері. E-MAIL. WWW. FTP. TELNET

4.2.1 E-MAIL. WWW. Телеконференциялар. FTP. TELNET.

4.2.2 Іздеу жүйелері

4.2.3Сайт құру құрылысы

4.2.4 Браузерлер. Браузерлер қолданудың статистикасы

Бөлім 5. Желі қауіпсіздігі және қорғау

5.1 Желі қорғау құралдары мен әдістері

5.1.1 Filtering, Firewall ашық кілттері

5.1.2 Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыздандырудың негізгі бағыттары

5.1.3 Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыздандыруға кешендік байланыс

5.1.4Брандмауэр ұғымы, қызметі және функциялары

5.2 Вирустан қорғану

5.2.1Компьютерлік вирустардың ұғымы және зияндаушы бағдарламалар

5.2.2 Вирус түрлері және қорғану стратегиясы

5.3 Бағдарламаларды қорғаудың қазіргі әдістері.

5.3.1 Электрондық сандық қол

5.3.2 Жаңа буынды электрондық кілттер

5.3.3 Электрондық сандық қолдың жұмыс жасау принциптері.

5.3.4 Электрондық кілттердің түрлері

5.3.5 Электрондық кілттердің модельдері

5.4 Криптографиялық қорғау әдістерінің түсініктері

5.4.1Шифрлаудың жалпы принциптері

5.4.2 Даму тарихының аспектілері

5.4.3Симметриялық және асимметриялық шифрлау алгоритмі

5.4.4Криптографиялық әдіс – ақпараттың тұтастығы

5.4.5 Криптохаттамалар.

5.4.6 Электрондық қол құру принциптері және оның заңы

5.5 Шифрлау мен дешифрлаудың негізгі әдістері

5.5.1 Ашық кілтті шифрлау жүйелері

5.5.2 Шифрлардың криптографиялық тұрақтылығы

Бөлім 6. WEB – бағдарламалау

6.1 HTML. Құжаттарды құру және редакциялау

6.1.1 HTML парақтарын құру және безендіру

6.1.2 Мәтінді пішімдеу.

6.1.3 Web – парақта тізімдер құру.

6.1.4 Кесте көмегімен пішімдеу

6.1.5 Web – парақта графика орналастыру

6.2 Фрейм мен пішіндер қолдану

6.2.1 Гиперсілтеме тегі мен target параметрі

6.2.2 Сілтеме түрінде сурет

6.2.3 Фрейм қолданған құжат құрылысы

6.2.4 Пішіндермен жұмыс

6.3 JAVA тілінің негізгі ұғымдары

6.3.1 JAVAScript қолдану аумағы

6.3.2 Сценарий өңдеушілер

6.3.3JAVA-скриптердің құрылымы мен принциптері

6.3.4. JAVAScript функциялары мен сценарийлері

6.3.5 HTML құжатына сценарийлердің енгізілуі

6.3.6 Дизайн жасау

6.4 JAVA-скриптердің шаблоны мен безендіру

6.4.1JAVA – скриптердің функциялары мен сценарийлерін қолдану

6.5 Flash Macromedia тілінің сипаттамасы

6.5.1Macromedia Flash тілінің негізгі түсініктері мен мүмкіндіктері

6.6 Macromedia Flash интерфейсі

6.6.1Macromedia құрал-саймандар палитрасы

6.7 Растрлық графиканы импорттау, объектілерді түрлендіру

6.7.1 Motion Tween анимациясы

6.7.2 Motion Guide Layer анықталған траекториясын құру

6.8 Сайт құру принциптері

6.8.1 Сайт жоспарлау. Клипті импорттау

6.9. Аction Script тілінің түсінігі

6.9.1Скриптер құру

6.9.2 Батырмаларға іс-әрекеттерді байланыстыру

6.9.3 Баннер құру және анимация қолдану

Кіріспе

Қарастырылып отырған оқу құралы орта оқу орындарындағы «бағдарламашы технигі» мамандығында оқытылатын «Желілік технологияға кіріспе» курсы қазақ тілінде жазылған оқулықтар мен әдістемелік құралдардың тапшылығынан туындап отыр. Қазіргі заман талабына сәйкес білімді ақпараттандыру- өмірдің талабы болып отырғандықтан бұл оқу құралы компьютерлік желілер жайлы кең мағлұматтарды игеруге көмектеседі.

Компьютерлік желілер бірнеше (екіден жоғары, миллион компьютерге дейін) компьютерлердің ақпараттық ресурстарын біріктіру мақсатында құрылады. Компьютер ресурсы – бұл ең алдымен ақпараттарды сақтайтын жады және ақпараттарды өңдеу жылдамдығын анықтайтын процессор өнімділігі. Сондықтан, компьютерлік желілерде ортақ жады мен анықталған жүйелердің өнімділігі жүйеге кіретін ЭЕМ – дер арасында таратылған.

70-шы жылдар басында компьютерлік бөлшектер шығару саласында үлкен технологиялық жаңалық ашылды – үлкен интегралдық үлгілер пайда болды. 80-шы жалдар ортасында жергілікті желілер дами бастады. Компьютерлерді желілерге біріктіру технологияларының стандарты бекітілді, яғни – Ethernet, ArcNet, Token Ring. Олардың дамуына дербес компьютер әсер етті. Бүгінде есептеуіш желілер қарқынды дамуына байланысты жергілікті және ауқымды желі деп екі бөлікке бөлу қабылданды.

Жергілікті желі (ЖЖ) деп компьютерлер арасында ақпарат алмасу арнайы құрылғыларсыз жүргізілетін есептеуіш компьютерлік жүйені айтады. Бұл жағдайда компьютерлердің топсымдар (кабель) мен разьемдардың көмегі арқылы жүзеге асырылатын қарапайым электрлік қосылуы жеткілікті. Мәліметтер өткізетін топсымдар ұзындығы неғұрлым ұзын болса, соғұрлым электр сигналдары бәсеңдейді. Сондықтан жергілікті есептеуіш жүйесі компьютерлерді өте қысқа қашықтықта біріктіреді. Қалыпты жағдайда, компьютерлер арасында ақпарат алмасқанда, топсымдар ұзындығы жақсы жағдайда 1км - ден аспау қажет. Көрсетілген шектеулерге байланысты жергілікті есептеуіш компьютер жүйелерін келісімді түрде бір мекемеде немесе жақын орналасқан мекемелерде орнатады.

Ауқымды желі (АЖ) айтарлықтай қашықтықта орналасқан компьютерлер ресурстарын біріктіреді, бұл жағдайда жай топсымдар байланысы жарамайды, сондықтан компьютер аралық байланысқа мәліметтерді өзгеріссіз және жеткізу мақсатына сай жіберуге мүмкіндік беретін арнайы қондырғыларды қолданады. Бұл қондырғылар компьютерлік жүйелерді өзара коммутациялайды (байланыстырады) және олардың конфигурациясына байланысты топсымдарды бір – бірімен байланыстыратын пассивті коммутаторлар немесе мәліметтерді тасымалдаудың қысқа жолын таңдап, логикалық функцияларды орындайтын ЭЕМ – дер болуы мүмкін. Мәліметтер тасымалданатын ауқымды желілердегі үлкен қашықтықтар сандық ақпаратты тасымалдау процедурасына үлкен талап қояды. Бұл жүйедегі берілгендер компьютерге-қабылдаушыға еш мүлтіксіз бүлінбеген күйіне дейін жету үшін қажет. Кең көлемді есептеуіш жүйесінде компьютерлер бір бірінен 1км астам қашықтықта орналасқан және компьютерлер аудандық, қалалық немесе ауылдық жерлерде, аймақтық, мемлекеттік т.с.с. жерлерде ресурстық мүмкіншіліктерді байланыстырып тұрады.

Жеке жергілікті желі (ЖЖ) және ауқымды желі (АЖ) өзара бірігуі мүмкін және осындай жағдайда таратылған деп аталатын күрделі жүйе пайда болады. Сонымен, негізгі түрде есептеуіш жүйелер - бұл мәліметтерді еш мүлтіксіз бүлінбеген күйінде жеткізуге және компьютерлер арасында ақпарат ағымын ауыстыруға мүмкіндік беретін арнайы құрылғылармен және байланыс желілерімен (линияларымен) біріктірілген компьютерлер жүйесі. Мәліметтерді жеткізіп – қабылдайтын құрылғылар мен байланыс желілері (линиялары) байланыс арналары (каналдары) деп аталады, ал желіде ақпараттар ағынын ауыстыратын құрылғылар байланыс (коммутация) түйіндері деп аталады.

Жергілікті және ауқымды желілер арасындағы алшақтық, топсымдық жүйедегі жергілікті желілер сапасынан кем түспейтін жоғары жылдамдықтағы аумақтық байланыс арналарының пайда болуына байланысты барынша азаюда. Ауқымды желілер ресурс қызметтерінде жергілікті желілер қызметтері сәйкес ыңғайлы болуда. Бұған кең тараған Internet ауқымды желісі мысал бола алады.

Бұд оқу құралының мақсаты мен міндеттері – компьютерлік желілер негіздерін үйрену, жергілікті желілер технологияларын және оларды қолдану түрлерін меңгеріп пайдалана білу, есептеуіш желілер концепцияларын құрастыруды үйрену, желілер архитектурасы мен желі қызметтері жөнінде түсінікті меңгере білу.

Оқу құралында әр тақырыпқа байланысты теория-дәрістік ақпараттар берілген және сол тақырып бақылау сұрақтармен бекітілген. Оқу құралының соңында меңгерген білімдерін пысықтау үшін тест тапсырмалары қарастырылған.

Ұсынылып отырған оқу құралы орта оқу орындарының оқушылары мен оқытушылары, арнайы кәсіптік білім беру және орта мектептегі информатика пән мұғалімдері пайдалана алады.

1 Бөлім

Компьютерлік желілер

    1. Компьютерлік желілер топологиясы

1.1.1 Компьютерлік желілер туралы түсінік

Ең қарапайым желі (network-сеть) кем дегенде екі компьютерден тұратыны бізге мәлім. Олар мәліметтерді бірігіп пайдалана алатындай топсым (бірнеше сымнан тұратын өткізгіш, яғни кабель) арқылы жалғасқан. Барлық желілер күрделілігіне қарамастан бір-бірімен осы топсымдар арқылы жалғасады.

Компьютерлік желілердің пайда болуы мәліметтерді бірігіп пайдалануға көп көмегін тигізеді. Дербес компьютер – құжат құруда, кесте дайындауда, графикалық мәліметтер және басқа да ақпараттардың түрлерімен танысуда тиімді құрал. Бірақ ол Сіздің жұмысыңыздың нәтижесін тез арада басқа біреумен бөлісуіңізді қамтамасыз етпейді. Желі болмаған жағдайда жасалынған жұмыспен басқа қолданушылар жұмыс жасау үшін әрбір құжатты қағаз бетіне шығаруға немесе дискетке көшірмесін түсіруге тура келеді. Сонымен қатар барлық қолданушылар құжаттың көшірмелерін өзгертіп-түзеткенде, ол құжатты қайта жинап өңдеу қиындық туғызатын. Жұмыстың мұндай схемасы автономиялық ортадағы (автономная среда) жұмыс деп аталады.

Егер де осындай ортадағы әрбір қолданушы өзінің компьютерін басқа компьютерлердің желісіне қосса, онда ол қолданушы олардың құжаттарымен де, принтерімен де ортақ жұмыс істей алар еді. Яғни, компьютерлер тобының және басқа құрылғылардың бірігуі желілер деп аталады. Ал біріккен және ортақ қолданылатын компьютерлердің қоры желілер арақатынасы деп аталады. Желіге қосылған компьютерлер келесі мүмкіндіктерді бірігіп пайдалана алады:

  • Мәліметтер қорымен;

  • Ақпараттар қорымен;

  • Принтерлермен;

  • Модемдермен;

  • Басқа да құрылғылармен.

Есептеуіш желілері компьютерлік ақпараттық технологиялардың ары қарай дамуы болып табылады. Қазір есептеуіш желілеріне миллиондаған компьютерлер қосылған. Компьютерлік желілерді барлық жерден кездестіруге болады: үлкен-кіші мектептерде, жоғарғы оқу орындарында, мекемелерде және т.б. Желінің басты мақсаты – бұл ақпаратпен бірігіп жұмыс жасау, яғни тасымалдау, айырбастау, өңдеу, т.с.с. Желілердің екі түрі бар:

  1. Жергілікті есептеуіш желісі - локальная вычислительная сеть (ЛВС) – Local Area Network (LAN);

  2. Жалпы есептеуіш желісі – глобальная вычислительная сеть (ГВС) - Wide Area Network (WAN).

Жергілікті есептеуіш желілері

Алғашқы компьютерлік желілер шағын, он компьютерге дейін және бір принтермен біріктірілді. Технология желілер өлшеміне, сонымен қатар желідегі компьютерлер санына және оның физикалық ұзындығына шектеу қойды. 1980 жылдардың басында ең танымал желілер түрі 30 компьютерлерден тұрды және оның кабелінің ұзындығы 185 м (600 футтан) аспады. Мұндай желілер үлкен мекеменің бір қабатында немесе шағын ұйымдарда болды. Қазіргі кездің өзінде кішкентай фирмаларға осындай желілерді пайдаланады. Бұл желілер жергілікті есептеуіш желілері (ЛВС-LAN) деп аталады.

Ауқымды есептеуіш желілері

Жергілікті желілердің алғашқы түрлері ірі кәсіпорындарды, әр жерлерде орналасқан мекемелерді қанағаттандырмады. Кейінірек, компьютерлік желілердің басымдылығынан және желілік бағдарламалардың кеңінен пайда болуынан желілерді кеңейту негізгі мақсатқа айналды. Жергілікті желілер негізінде алдыңғыға қарағанда ірі жүйелер пайда болды. Әртүрлі қалалар мен мемлекеттегі қолданушыларды біріктіруде жергілікті желілердің өсуінен, ондаған компьютерден бірнеше мыңдаған компьютерлердің бірігуі арқасында жалпы есептеуіш желілері (ГВС - WAN) пайда болды. Қазіргі кезде көптеген мекемелер осы желілер ортасында өте қажетті мәліметтерін сақтап және оларды бірге пайдаланады.

Бақылау сұрақтары

    1. Желі дегеніміз не?

    2. Жергілікті желі дегеніміз не?

    3. Желіге кіру қалай орындалады?

    4. Ауқымды есептеуіш желі деген не?

    5. Желіге қосылған компьютерлер мүмкіндіктері қандай?

    6. Желі арақатынасы деген не?