Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KUK_K-shpory.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать
  1. Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.

ҚР - ның құқық қорғау органдары дегеніміз бұзылған құқықты орнына келтіруге, заң бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органның мəжбүрлеу қызметі. Осы шараларды қолдау үшін ерекше құқық

қорғау органдары құрылады.

Құқық қорғау органдарының жұмысы тек заң шеңберінде ғана жүзеге асырылады жəне олар мемлекеттің заңдылық негіздерін орнықтыру мен құқық тəртібін нығайтуға жəрдемдеседі. Олардың қызметінің негізгі бағыттарына сот билігі, прокурорлық қадағалау,

қылмыстық қудалау, əділет органдарының, адвокаттардың жəне т.б. қызметі жатады.

Құқықты қорғау үшін мемлекетімізде мынандай органдар құрылған:

  1. СОТ

  2. Прокуратура

  3. Ішкі істер органдары

  4. Ұлттық Қауіпсіздік органдары

  5. Әділет органдары

  6. Адвокатура

  7. Нотариат

  • Соның ішінде қарастыратынымыз адвокатура, нотариат органдары.

ҚР адвокатурасы.

Адвокатура адамның өз құқықтарын , бостандықтарын сотта қорғауға жəне біліктілікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген жəне азамат-тардың құқығын жүзеге асыруға жəрдемдесуге арналған қызмет болып табылады.

Адвокаттардың құқықтық статусы ҚР 1997 жылғы желтоқсан айының 5 жұлдызындағы «Адвокаттық қызмет туралы» Заңымен реттеледі.

Жоғары Заң білімі бар, заңгер мамандығы бойынша жұмыс стажы 2 жыл-дан кем емес жəне адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған адам адвокат бола алады. Адвокат міндетті түрде адвокаттар алқа-сының мүшесі болуы тиіс. Қазіргі кезде елімізде барлық облыстарда , қалаларда адвокаттар аалқасы жəне жеке меншік адвокаттық кеңселер халыққа қызмет етеді.

Адвокаттар төмендегідей қызмет көсетеді:

- шешілуі кəсіби заң білімдерін қажет ететін мəселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді;

- талап қою арыздарын, шағымдар құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасайды;

- анықтау, алдын – ала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттік жəне өзге де органдарда, ұйымдарда жəне азаматтармен қарым –қатынастарда жеке жəне заңды тұлғалардың өкілдігі мен оларды қорғауды жүзеге асырады.

Адвокаттар заңдарда тиым салынбаған өзге де заң көмегін көрсетеді.

Нотариат. ҚР – ғы нотариат – құқықтар мен фактілерді куəландыруға, 1997 жылғы шілденің 14- де қабылданған « Нотариат туралы » заңында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариалдық іс - əрекеттерді жасау арқылы жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйе.

  1. ҚР - ның Ұлттық қауіпсіздік органдары.

ҚР - ның құқық қорғау органдары дегеніміз бұзылған құқықты орнына келтіруге, заң бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органның мəжбүрлеу қызметі. Осы шараларды қолдау үшін ерекше құқық

қорғау органдары құрылады.

Құқық қорғау органдарының жұмысы тек заң шеңберінде ғана жүзеге асырылады жəне олар мемлекеттің заңдылық негіздерін орнықтыру мен құқық тəртібін нығайтуға жəрдемдеседі. Олардың қызметінің негізгі бағыттарына сот билігі, прокурорлық қадағалау,

қылмыстық қудалау, əділет органдарының, адвокаттардың жəне т.б. қызметі жатады.

Құқықты қорғау үшін мемлекетімізде мынандай органдар құрылған:

  1. СОТ

  2. Прокуратура

  3. Ішкі істер органдары

  4. Ұлттық қауіпсіздік органдары

  5. Әділет органдары

  6. Адвокатура

  7. Нотариат

  • Соның ішінде қарастыратынымыз Ұлттық қауіпсіздік органдары.

Қауіпсіздік органдары жеке адамды, қоғам мен мемлекетті ішкі жəне сыртқы қауіп – қатерден заңға сəйкес қорғауды жүзеге асыратын арнаулы органдар.

Бұл органдардың қызметін ҚР Президентінің 1995 жылғы 12 желтоқ-сандағы «ҚР - ның ұлттық қауіпсіздік органдары туралы » заң күші бар Жарлық реттейді.

Ұлттық қауіпсіздік органдары негізінен ҚР – ның Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, оның жергілікті органдарынан жəне басқа да тиісті мекемелерінен құралады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]