Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KUK_K-shpory.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать

3 Тарау. Мемлекеттiк өкiмет пен жергiлiктi өзiн-өзi

басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау

саласындағы құзыретi

7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қоршаған

ортаны қорғау саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi қоршаған ортаны қорғау саласында:

мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық шараларды әзiрлейдi;

табиғат пайдаланудың әртүрлi бағыттары бойынша мемлекеттiк экологиялық бағдарламалар әзiрлейдi, оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады;

қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

министрлiктердiң, Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылықты жүзеге асырады, олардың заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн орындауын бақылайды;

мемлекеттiк меншiктi басқарады, оны пайдалану жөнiнде Үкiметке жүктелген шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады;

қоршаған орта сапасының нормативтерi мен шаруашылық және өзге де қызметтерге қойылатын экологиялық талаптарды әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн белгiлейдi;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда табиғи ресурстарды облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) үшiн табиғат пайдалануға беру туралы шешiмдер қабылдайды, табиғат пайдалану шарттарын (келiсiм-шарттарын) жасасады;

табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оны қолдануды тоқтата тұру және күшiн жою тәртiбiн бекiтедi;

табиғат пайдаланудың әр алуан түрлерi бойынша тұжырымдамаларды бекiтедi, табиғат пайдаланудың мемлекеттiк құрылымының, табиғи ресурстарды кешендi пайдалану, молықтыру және қорғау схемаларын бекiту және жүзеге асыру, табиғи ресурстардың мемлекеттiк есебi мен мемлекеттiк кадастырларын жүргiзу тәртiбiн , сондай-ақ қоршаған ортаның ластанған учаскелерiн және оларды ластау көздерiн белгiлейдi;

қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингін жүргізудің құрылымын, мазмұны мен тәртібін белгілейді және Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастырудың және жүргізудің ережесін бекітеді;

шаруашылық қызметтiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерiнiң тiзбесiн және оларды мiндеттi мемлекеттiк лицензиялау тәртiбiн, бекiтедi;

экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң тiзбесiн бекiтедi, өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк қорықтар, мемлекеттiк ұлттық және табиғи парктер, басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырады;

қоршаған ортаны қорғау саласында ақпарат беру мен мемлекеттiк статистиканы жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;

қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалануды басқару және бұл салалардағы мемлекеттiк бақылау жасау мiндеттерiн жүзеге асыратын арнаулы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар туралы ереженi бекiтедi, олардың қызмет тәртiбiн айқындайды, сондай-ақ экологиялық аудитке лицензия беру мен оны жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;

төтенше экологиялық жағдайды хабарлау ережесін бекітеді;

халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырудың және жүзеге асырудың тәртiбiн белгiлейдi;

табиғат қорғау iс-шараларына жатқызудың тәртiбiн белгiлейдi;

iс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға жатқызу ережесiн бекiтедi.

мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерін стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауіпті объектілерге жатқызу өлшемдерін бекітеді.

43.ҚР - ның прокуратурасы.

ҚР - ның құқық қорғау органдары дегеніміз бұзылған құқықты орнына келтіруге, заң бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органның мəжбүрлеу қызметі. Осы шараларды қолдау үшін ерекше құқық

қорғау органдары құрылады.

Құқық қорғау органдарының жұмысы тек заң шеңберінде ғана жүзеге асырылады жəне олар мемлекеттің заңдылық негіздерін орнықтыру мен құқық тəртібін нығайтуға жəрдемдеседі. Олардың қызметінің негізгі бағыттарына сот билігі, прокурорлық қадағалау,

қылмыстық қудалау, əділет органдарының, адвокаттардың жəне т.б. қызметі жатады.

Құқықты қорғау үшін мемлекетімізде мынандай органдар құрылған:

  • СОТ

  • Прокуратура

  • Ішкі істер органдары

  • Ұлттық Қауіпсіздік органдары

  • Әділет органдары

  • Адвокатура

  • Нотариат

  • Соның ішінде қарастыратынымыз ҚР - ның прокуратурасы:

Прокуратура заңның дəлме – дəл жəне біркелкі орындалуын қадағалайтын орган. ҚР прокуратурасының құқықтық мəртебесі, қызметтік ұйымдастырылуы, қызмет тəртібі жəне прокурорлардың өкілетті Конституциясымен бірге, ҚР президентінің « Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» 1995 жылғы 21желтоқсандағы заң күші бар Жарлығымен, халықаралық шарттармен, прокуратура

қызметінің жекелеген қырларын реттейтін əрі шектейтін заңдармен, сондай –ақ Бас Прокурордың бұйрықтармен реттелген.

Прокуратураның орталықтандырылған бірегей жүйесін ҚР – ның Бас Ппрокуроры басқарады, ал оған облыстық прокуратуралар, респуб-ликалық дəрежедегі қалалық жəне республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық жəне мамандан- дырылған прокуратуралар кіреді. Республиканың Бас Прокурорын Республика Парламенті Сенатының келісімімен Президент тағайындайды.

→Сонымен, прокуратура мемлекттік билік тармақтарының бөлінісі жəне өзара қатынасындағы ерекше орган. Оның басты мақсаты – Республиканың аумағында заңдардың, Президент жарлықтарының жəне өзге де нормативтік құқықтық актілердің дəлме–дəл əрі біркелкі қолдланылуын, жедел – іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, əкімшілік жəне орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]