Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KUK_K-shpory.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать

29. Қылмыстық құқықтық жауапкершілік.

Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады».

Қылмыстық жауапкершілік туралы түсінік.

Қылмыстық жауапкершілік құқықтық жауапкершіліктің інішдегі ең қатаң түрі болып есептеледі. Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық заңмен белгіленеді. Қылмыстық жауапкершіліктің мағынасы кінәлі адамның өзінің құқыққа қайшы әрекеті үшін мемлекет атынан сотталатындығын білдіреді. Соған орай, мемлекет құқық бұзушының еркінен тыс мәжбүрлеу тәртібінде қылмыстық жауапкершілікті жүктейді.  Қылмыстық жауапкершілік – бұл адамның жасаған қылмысы үшін жазалануы немесе қылмыстық – құқықтық сипаттағы басқа да шаралармен жазаланатын қылмыстық заңмен бекітілген міндеті. Қылмыстық жауапкершіліктің мынадай элементтері болады:

  • жасаған қылмысы үшін адамның жауап беру міндеті;

  • соттың адамның жасаған әрекетін теріс бағалаудан көрінетін соттау;

  • кінәлі адамға қылмыстық – құқықтық сипаттағы шаралар қолдану;

  • жаза тағайындаудың құқықтық салдары ретіндегі соттылық.  

    Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасаған сәтте пайда болады және адамға қылмыстық мәжбүрлеу шарасын қолданған сәттен бастап жүзеге асырылады. Қылмыстық жауапкершілік соттылық мерзімі біткенде тоқтатылады.

Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы:

1. Қатысушылардың қылмыстық жауаптылығы олардың әрқайсысының қылмыстың жасалуына қатысуының сипатымен және дәрежесiмен айқындалады.

2. Қоса орындаушылар өздерiнiң бiрлесiп жасаған қылмысы үшiн осы Кодекстiң 28-бабына сiлтеме жасамай, осы Кодекстiң нақ бiр бабы бойынша жауап бередi.

3. Ұйымдастырушының, айдап салушының және көмектесушiнiң жауаптылығы, олар бiр мезгiлде қылмысты қоса орындаушылар болып табылатын жағдайларды қоспағанда, жасалған қылмыс үшiн жазаны көздейтiн бап бойынша, осы Кодекстiң 28-бабына сiлтеме жасай отырып басталады.

4. Орындаушы өзiне тәуелсiз мән-жайлар бойынша қылмысты ақырына дейiн жеткiзбеген жағдайда қылмыстың қалған қатысушылары қылмыс жасауға дайындалуға немесе қылмыс жасауға оқталуға қатысқаны үшiн жауапқа тартылады. Өзiне тәуелсiз мән-жайлар бойынша басқа адамдарды қылмыс жасауға көндiре алмаған адам да қылмыс жасауға дайындалғаны үшiн қылмыстық жауапқа тартылады.

5. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында арнайы аталған, қылмыстың субъектiсi болып табылмайтын, осы бапта көзделген қылмысты жасауға қатысқан адам осы қылмыс үшiн оны ұйымдастырушы, оған айдап салушы не жәрдемдесушi ретiнде қылмыстық жауапқа тартылады.

30-бап. Қылмысқа қатысушының шектен шығушылығы

Қылмысқа қатысушының басқа қатысушылардың ойында болмаған қылмысты жасауы оның шектен шығушылығы деп танылады. Шектен шығушылық үшiн басқа қатысушылар қылмыстық жауапқа тартылмайды.

31-бап. Қылмысқа қатысу нысандары

1. Егер қылмыс жасауға екi немесе одан да көп орындаушы күнi бұрын сөз байласпай бiрлесiп қатысса, ол адамдар тобы жасаған қылмыс деп танылады.

2. Егер қылмысқа бiрлесiп жасау туралы күнi бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, ол адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған қылмыс деп танылады.

3. Егер қылмысты бiр немесе бiрнеше қылмыс жасау үшiн күнi бұрын бiрiккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады.

4. Егер қылмысты ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жасау үшiн құрылған бiрiгiп ұйымдасқан топ (ұйым) не нақ сондай мақсатпен құрылған ұйымдасқан топтардың бiрлестiгi жасаса, ол қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс деп танылады.

5. Ұйымдасқан топты немесе қылмыстық сыбайластықты (қылмыстық ұйымды) құрған не оларға басшылық еткен адам осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда оларды ұйымдастырғаны және оларға басшылық еткенi, сондай-ақ қылмыстар оның қаскүнемдiк ниетiмен қамтылса, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған барлық қылмыс үшiн қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс. Ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) басқа қатысушылары осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда оларға қатысқаны үшiн, сондай-ақ өздерi дайындауға немесе жасауға қатысқан қылмыстар үшiн қылмыстық жауапқа тартылады.

6. Ұйымдасқан топ құру осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделмеген жағдайларда оны жасау үшiн құрылған қылмыстарға дайындалғаны үшiн қылмыстық жауаптылыққа әкелiп соғады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]