Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KUK_K-shpory.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать

1. Экологиялық апат аймақтары (Семей, Арал).

Экологиялық заңдар

Экологиялық құқықтық нормативтік актілердің ішінде халықаралық құқықтық нормативтік актілер еркеше орын алады. Олар ҚР заңдарынан заңдық күші жағынан жоғары. ҚР Конституциясының 4-бабы 3-тармағында «Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады жəне халықаралық шарт бойынша

оны қолдану үшін заң шығару талап етлілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қоданылады» делінген.

ҚР Конституциясының 6-бабы 3-тармағы: «Жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, бсқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін». Егемендік пен Тəуелсіздік жарияланған уақыттан бастап ҚР-да қоғамдық дамуда елеулі өзгерістер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары əзірленді, табиғат қорғау заңнамасының негізі құрылды, қоршаған ортаны қорғау мəселелері бойынша бірқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметін басқару жүйесі құрылды. Мысалы, 1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау турал», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Экологиялық сараптамалар туралы», Заңдар, ал 2002 жылы «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттің «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы» (1996 жыл) жəне «Мұнай туралы» (1995 жыл) заң күші бар Жарлықтары, 2003 жылы – Орман, Су жəне Жер кодекстері қабылданды. Заңға тəуелді қажетті нормативтік құқықтық актілердің көпшілігі əзірленіп, бекітілді.

Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды жауаптылық

Заңды жауаптылық дегеніміз құқыққа қарсы жасаған əрекеті үшін құқық бұзушыға қолданылатын, белгілі бір мүліктік жəне жеке сипаттағы зиян шектіретін мемлекеттік мəжбүрлеу шарасы. Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды жауаптылық дегеніміз мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнаулы құзыретті, құқық қорғау органдары жəне басқа да құзыретті субъектілер мен экологиялық құқық бұзушының арасындағы сол бұзушыға жаза қолдану жөніндегі қарым-қатынас.

76. Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері.Құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негiзiндегi қатынастар болып табылады. Бұл үшiн бiр-бiрiмен байланысты үш негiз болуы керек:

1) құқық нормасы;

2) субъективтiк құқықтар мен мiндеттер;

3) заңға негiзделген айғақ болуы керек. Мысалы, студент қыз бен жiгiт достасып жүредi. Екеуiнiң арасындағы қарым-қатынас моральдық нормалардың, əдет-ғұрыптың негiзiнде жүрiп жатады. Ал, екеуi заңды некеге тұрғаннан кейiн, қарым-қатынастары құқықтық қатынастарға, мемлекеттiк органға барып тiркелуi, заңға негiзделген айғаққа айналады.

Құқықтық қатынастардың белгілері:

а) бұл əлеуметтік субъектілер арасындағы екіжақты нақты байланысты білдіретін қоғамдық қатынас;

ə) ол құқық нормаларының негізінде қалыптасады, яғни, құқық нормаларының жалпы талаптары субъектілер мен нақты жағдайларға қатысты жеке дараланады;

б) бұл тұлғалар арасында субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы қалыптасатын байланыс;

в) бұл ерікті қатынас, себебі, оның пайда болуы үшін оның қатысушыларының еркі қажет;

г) бұл мемлекетпен қорғалатын жəне қамтамасыз етілетін қатынастар.

Құқықтық қатынастардың құрамы төрт элементтен тұрады: субъект, объект, субьективтiк құқық, заңды мiндеттер. Құқықтық қатынастардың субъектiсi - жеке адам жəне заңды тұлғалар. Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа елдердiң азаматтары сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар (апатридтер) жеке тұлғалар болып ұғынылады. Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттiк аппарат - мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бiрлестiктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекiтiлсе, тiркелсе толық түрде құқықтық жəне əрекет қабiлеттiлiгi бар деп саналады. Қатынастың субьектiсi болу үшiн олардың құқықтық қабiлеттiлiгi жəне əрекеттiлiгi қалыптасуы керек.Құқықтық қабiлет - құқыққа, бостандықтар мен мiндеттерге ие болу қабiлетi. Мұндай қабiлеттiлiк адам туғаннан пайда болып, ол өлгенде барып жойылады.Əрекеттiлiк – адамның өз əрекетiмен құқығын пайдалана алу жəне оны жүзеге асыру, өзi үшiн мiндеттер тудырып, оларды орындау қабiлетi. əрекеттiліктiң басты шарты кəмелеттiк немесе құқықтық нормадағы белгiлi жасқа толу болып табылады.Құқықтық қатынастың объектiсi (заты) - қоғамдағы көп түрлi, көп салалы саяси, экономикалық, əлеуметтiк, мəдениеттiк, азаматтық, қылмыстық, əкiмшiлiк, еңбектiк жəне т.б. қарым-қатынастар. Материалдық дүние-заттар, рухани-шығармашылықтың өнiмдерi, жеке мүлiктiк емес игiлiктер, құқық субьектiлерiнiң мiнез-құлқы жəне құқық қатынастарыны нəтижелерi - құқық қатынастарының обьектiлерi.Субъективтік құқық–бұл субъектінің өз мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы. Субъективтiк құқық бар жерде заңды мiндеттер болады. Бұл екеуi бiр-бiрiнсiз бола алмайды. Себебi қатынастардың көпшiлiгiнде екi жақты субьектiлердiң құқықтары бар жəне соған сəйкес екi жақты субьектiлердiң мiндеттерi бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]