- •Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес.
- •Мәмілелер ұғымы, түрлері.
- •Жер құқығының субектілері мен объектілері.
- •Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.
- •Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •Салық ұғымы жүйесі, түрлері.
- •Бюджеттік құқық негіздері.
- •Міндеттеме ұғымы және тараптары.
- •Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.
- •Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері.
- •1) Шын өкінуге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (65-бап);
- •2) Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату (66-бап);
- •3) Жəбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (67- бап);
- •4) Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (68-бап);
- •5) Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (69-бап).
- •Қаржылық бақылау.
- •Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
- •20.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
- •Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері.
- •23. Ішкі істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері.
- •25. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •29. Қылмыстық құқықтық жауапкершілік.
- •30.Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •5 Тарау. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған
- •1. Экологиялық апат аймақтары (Семей, Арал).
- •32. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
- •38. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
- •40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •3 Тарау. Мемлекеттiк өкiмет пен жергiлiктi өзiн-өзi
- •Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •Мәміле нысаны.
- •46. Қылмысқа қатысу
- •47. Қр сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
- •48. Субъективті құқық және заңды міндет.
- •49. Қр Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
- •50. Қр Парламенті
- •52. Қр Құқық қорғау органдарының түсінігі
- •53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •54. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •56. Заңдылық түсінігі және оның негізгі белгілері мен кепілдігі. Құқықтық тәртіп.
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері.
- •58. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі
- •62. Қр Президенті
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •64. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлі
- •65. Қр жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •69. Қажетті қорғану аса қажеттілік
- •70. Құқық пен мемлекеттің анықтамасы және арақатынасы
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •72. Меншік құқығы
- •73. Қаржы полициясы және оның атқару қызметі
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.
- •1. Экологиялық апат аймақтары (Семей, Арал).
- •77. Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері
- •78. Алименттік қатынастар
- •79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары
- •80.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •81. Некеге тұрудың шарттары
- •83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары.
- •84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •85. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі, түрлері.
- •86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •88. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •89. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері.
- •90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
37. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
Мемлекеттік билік – бұл мемлекеттік құқықтық құралдар, әдістер мен тәсілдер жүйесі. Мемлекеттік органдардың мынандай төрт негізгі түрі ерекшелінеді. Қ.Р. үкіметі және соттар жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала келе Қ.Р-ғы мемлекеттік билік органдарының жүйесін құрайды.
Қ.Р. Президенті – мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, халық атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуінің және өкімет органдарының алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді(40бап).
Қ.Р-нан тысқары жерде туған, 40 жасқа толмаған, мемлекеттік тілді меңгермеген, әрі Қазақстанда кемінде 15 жыл үнемі тұрмаған адам Президент болып сайлана алмайды. Президент өкілді органның депутаты болып қоса сайлана алмайды, өзге де төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Республика президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде саяси партияда қызметін тоқтата тұрады. Ол ешкім тиіспеу құқығына ие.
2. Қ.Р.Парламенті –Қ.Р-ның заң шығару қызметін жүзеге асыратын республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан – сенаттан және мәжілістен тұрады.
Қ.Р-ның төменгі палатасы – мәжіліс жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Қ.Р-ның парламентінің жоғарғы палатасы –сенат –жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады.
3.Қ.Р-ның үкіметі -атқарушы биліктің маңызды тармағы б.т. , атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың өызметіне басшылық жасайды. Оны Қ.Р-ның Президенті құрады.
4. сот билігі – бұзылған құқық туралы даулар мен істерді қарауға бағытталған қылмыстық, азаматтық және өзге де өндірісі нысандарына қолданылатын соттың өкілеттігі. Қ.Р-ның сот билігі тек сот судьялар арқылы жүзеге асыра алады. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді(75 бап).
Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек конституцияға және заңға ғана бағынады. Судьяның қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен кәсіпкерлікпен айналусымен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына сиыспайды.
38. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
Ғылымға «мемлекет» терминін алғаш рет италияндық ойшыл Николло Макиавелли (1469 – 1527) енгізген. Оған дейін мемлекет деген ұғымның
орнына «республика», «корольдық», «қалалық қауым», «княздық», «жер», «патшалық», «ел», «басқару», «өктемдік», «үстемдік», «ат төбеліндей билік» деген сияқты əр түрлі атаулар қолданылып келген.
Мемлекеттің түпкі мəні қандай болса оның ұғымының, белгілерінің, нысандарының, механизімінің, атқаратын қызметтерінің мазмұны да сондай болады. Демек, осы тұрғыдан қарағанда мемлекетті оқып білуді оның мəнін ашып көрсетуден бастау дұрыс əдіс.
Мемлекеттің мəні дегеніміз оның табиғатын, мазмұнын, қызмет ету мақсатын, қоғамдағы қажеттілігін анықтайтын барынша маңызды, тұрақты ішкі жəне сыртқы жақтары мен қасиеттерінің жиынтығы. Мемлекеттің мəнін ашып көрсетудің екі жолы қалыптасқан: (маркстік – лениндік) жəне жалпыəлеуметтік. Мемлекеттің мəні оның ерекшеліктері мен сипатты белгілерінің жиынтығынан тұратын мазмұнынан көрінеді. Мемлекеттің қоғамдағы саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар мен институттардан ерекшеленетін өзіндік бірнеше белгілері
бар.Ондай белгілерге мемлекеттің аумағының болуы, мемлекеттің халқының болуы, мемлекеттік (бұқаралық) билік, мемлекеттің егемендігі (тəуелсіздік), құқық пен заңдардың барлығы, салық пен салықтық жүйенің болуы жатады.
Саяси режим (тəртіп) дегеніміздің өзі мемлекеттік биліктің іске асырылуының амал – айла, əдіс, тəсілдерінің жиынтығы. Мемлекеттік биліктің іске асырылуының тəсіліне орай билік, қоғам жəне жеке адам арасындағы қатынастың сипаты анықталады. Осы тұрғыдан қарағанда саяси режимнің тұрапатына қарай мемлекет нысаны жағынан демократиялық емес (тоталитарлы, авторитарлы режимдер) жəне демократиялық (президенттік, парламенттік) болып екі үлкен топқа бөлінеді.
Тоталитарлық латын тілінен аударғанда «толық», «тұтас» деген мағына береді. Сонда тоталитарлықтың барысында бүкіл қоғам мен жеке адам өмірінің барлық жағы тұтастай мемлекеттің қолына, бақылауына шоғырландырылады. Бір сөзбен айтсақ, барлығы мемлекет үшін, барлығы мемлееттің ішінде, мемлекетке қарсы, мемлекеттен тыс ешнəрсе болмауы тиіс, мемлекет мүддесі басқа субьектілердің мүддесінің көрінісі, жиынтығы, шоғырланған шоқтығы. Тоталитаризмнің сталинизм, гитлеризм, фашизм деген сияқты түрлері бар. Батыс Еуропа саясаттану ғылымында тоталитаризмнің төмендегідей бірнеше белгілері көрсетіледі:
- бір ғана бұқаралық партия;
- бір идеологияның үстемдігі;
- бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттің үстемдігі;
- экономиканы басқару мен бақылаудың орталықтанған жүйесі;
- жаппай саяси қуғын – сүргін.
Авторитаризм көп жағдайда тоталитаризмнен демократияға өтпелі кезең ретінде қарастырылады. Сондықтан авторитаризм тұсында көппартиялылық, меншіктің көптүрлілігі, біртұтас идеологияның болмауы, бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттен тыс үстемдіктің пайда болуы т.с.с. өзгерістер қалыптаса бастайды.
Мемлекеттік билікті, оның қызметтері мен міндеттерін іске асыру үшін белгілі бір механизм қалыптасады. Мемлекеттің міндеттері мен қызметтері іске асырылатын мемлекеттік ұйымдар, мекемелер; мемлекеттік кəсіпорын; ақша – қаржы қоры. Мемлекет бүкіл қоғамдық қатынастарды реттеуге жəне халықты басқару барысында өзіне тəн бірнеше қызметтер атқарады.
Мемлекеттің қызметі дегеніміз оның мəні мен табиғаты көрінетін іс - əрекетінің басты бағыты. Мемлекеттің қызметтері қоғамға, қоршаған
ортаға, əлеуметтік топтраға, жеке адамдарға немесе басқа мемлекеттерге бағытталады. Мемлекеттің қызметтеріне экономикалық, əлеуметтік, құқықтық, мəдени – тəрбиелік, саяси, табиғатты қорғау, əскери, қорғаныс, халықаралық қылмыспен күрес т.б. жатады. Мемлекеттің қызметтері бірнеше топтамаларға бөлінеді.
Мысалы мемлекет қызметінің маңыздылығына қарай олар негізгі жəне қосымша, уақыт жағынан тұрақты, уақытша, кеңістіктегі əрекетіне байланысты; жалпы мемлекеттік (жалпы ұлттық) жəне аймақтық, жалпы маңызды мақсаттардың атқарылу саласына байланысты: ішкі жəне сыртқы болып бөлінеді.
Мемлекеттің қызметтері – мəні мен қажеттілігін білдіретін мемлекеттің іс - əрекетінің негізгі бағыты. Мемлекеттің қызметтері қоғамға, қоршаған ортаға, əлеуметтік топтарға, тұлғаларға, басқа мемлекеттерге бағытталған белсенділігінің əр түрлі көрінісі.
