Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KUK_K-shpory.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать
  1. Бюджеттік құқық негіздері.

Материалды мағынасында бюджет – мемлекеттің ақша қоры. Бюджет – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Бюджет заңдары – бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды реттейді және бюджет жүйесі жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының негізгі ережелерін, принциптері мен тетіктерін белгілейді. ҚР – ң бюджет заңдары ҚР Конститутциясына негізделеді. Сонымен қатар 2004жыл 24 сәуірдегі «ҚР – ның Бюджет кодексінен» және өзге де нормативтік – құықтық актілерден тұрды.

Бюджет жүйесі дегеніміз - бюджеттердің және ҚР Ұлттық қорының, сондай – ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы.

Бюджет жүйесі мынандай принциптерге негізделеді:

  1. Бірлік принципі – ҚР аумағында ҚР бірыңғай бюджеттік заңдарының қолданылуын, соның ішінде бірыңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет процесін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерін пайдалануды қамтамасыз ету;

  2. Толықтық принципі – ҚР заңдарында көзделген барлық түсімдер мен шығыстардың бюджеттерде және ҚР Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара таоаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегінуге жол бермеу;

  3. Реалистік принципі – бекітілген бюджет көрсеткіштерінің орта мерзімді фискалдық саясатқа және ҚР мен аймақтарды әлеуметтік – экономикалық дамытудың орта мерзімді эоспарының бекітілген өлшемдері мен бағыттарына сәйкес келуі;

  4. Транспаренттілік принципі – мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, ҚР Бюджет заңдары саласындағы нормативтік – құқықтық актілерді бекітілген бюджеттерді оларды атқарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты туралы есептерді, бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргізу;

  5. Дәйектілік принципі – бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауы;

ҚР Бюджет жүйесі төмендегідей түрлері мен деңгейлерге бөлінеді.

ҚР мынадай деңгейдегі бюджеттер бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады:Республикалық бюджет;Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті;Аудан бюджеті.ҚР Төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.

Республикалық бюджет:

Салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қаматамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтан-дырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады.

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті:

→ Салықтық және басқа да түсімдер, есебіне қалыптастыратын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қаматамасыз етуге және тиісті әкімшілік – аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып табылады.

Аудан бюджеті:

→ Салықтық және басқа да түсімдер, есебіне қалыптастыратын және ауданның жергілікті мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қаматамасыз етуге және тиісті аудандағы мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан бюджеті болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]