Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KUK_K-shpory.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать

90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.

Əкiмшiлiк құқықтың құрамдас бiр бөлiгi мемлекеттiк қызмет болып табылады. Мемлекеттiк қызмет - мемлекет қызметiнiң бiр саласы жəне мемлекеттiк қнзметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiлiгiн атқару жөнiндегi қызметi болып табылады.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық жағдайларын Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы реттейдi.

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қызметтiң ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесi принциптерден негiз алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм,мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы; азаматтар құқықтарының, бостандықтарының жəне заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдылығы; мемлекеттік қызметтің жалпыға ашықтығы, Республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуе жəне өз қабiлеттерi мен кəсiби даярлығына сəйкес мемлекеттiк қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы; Жоғарыда тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдердің бағынысты мемлекеттік қызметшілер мен төменгі мемлекеттік органдар қызметшілерінің орындауы үшін міндеттілігі; мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы жəне есептілігі; Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жəне əлеуметтік қорғалуы; мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды жəне күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу; мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны жəне өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы.

Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының құрамына мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси жəне əкiмшiлiк лауазымдары кiредi. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметке кiруiн тағайындау, не сайлау негiзiнде, ал мемлекеттiк əкiмшiлiк қызметке орналасуы конкурстық негiзде жүргiзiледi. Мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болуы, жасы 18-ден кем болмауы, қажеттi бiлiмі, кəсiби даярлық деңгейi болуы керек жəне т.б

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]