- •Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес.
- •Мәмілелер ұғымы, түрлері.
- •Жер құқығының субектілері мен объектілері.
- •Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.
- •Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •Салық ұғымы жүйесі, түрлері.
- •Бюджеттік құқық негіздері.
- •Міндеттеме ұғымы және тараптары.
- •Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.
- •Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері.
- •1) Шын өкінуге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (65-бап);
- •2) Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату (66-бап);
- •3) Жəбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (67- бап);
- •4) Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (68-бап);
- •5) Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (69-бап).
- •Қаржылық бақылау.
- •Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
- •20.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
- •Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері.
- •23. Ішкі істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері.
- •25. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •29. Қылмыстық құқықтық жауапкершілік.
- •30.Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •5 Тарау. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған
- •1. Экологиялық апат аймақтары (Семей, Арал).
- •32. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
- •38. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
- •40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •3 Тарау. Мемлекеттiк өкiмет пен жергiлiктi өзiн-өзi
- •Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •Мәміле нысаны.
- •46. Қылмысқа қатысу
- •47. Қр сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
- •48. Субъективті құқық және заңды міндет.
- •49. Қр Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
- •50. Қр Парламенті
- •52. Қр Құқық қорғау органдарының түсінігі
- •53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •54. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •56. Заңдылық түсінігі және оның негізгі белгілері мен кепілдігі. Құқықтық тәртіп.
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері.
- •58. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі
- •62. Қр Президенті
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •64. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлі
- •65. Қр жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •69. Қажетті қорғану аса қажеттілік
- •70. Құқық пен мемлекеттің анықтамасы және арақатынасы
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •72. Меншік құқығы
- •73. Қаржы полициясы және оның атқару қызметі
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.
- •1. Экологиялық апат аймақтары (Семей, Арал).
- •77. Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері
- •78. Алименттік қатынастар
- •79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары
- •80.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •81. Некеге тұрудың шарттары
- •83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары.
- •84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •85. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі, түрлері.
- •86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •88. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •89. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері.
- •90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
81. Некеге тұрудың шарттары
Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі жəне (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен
міндеттерін айқындайтын келісім неке шарты деп танылады.
Неке шарты некеге тұруды мемелекеттік тіркеуге дейін де, неке кезеңіндегі кез келген уақытта да жасалуы мүмкін. Некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін жасалған неке шарты некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді. Неке шарты жазбаша түрде жəне оны нотариат куəландыруға тиіс.
Неке шарты бойынша ерлі-зайыптылар неке шартымен заңда белгіленген бірлескен ортақ меншік режимін өзгертуге, ерлі-зайыптылардың барлық мүлкіне, оның жекелеген түрлеріне немесе ерлі-зайыптылардың əрқайсысының мүлкіне бірлескен, үлестік немесе бөлекетелген меншік режимін белгілеуге құқылы. Неке шарты ерлі-зайыптылардың қолда бар мүлкі жөнінде де, болашақтағы мүлкі жөнінде де жасалуы мүмкін.
Неке шартында ерлі-зайыптылар өзара күтіп – бағу жөніндегі өз құқықтары мен міндеттерін, бір-бірінің кірістеріне қатысу əдістерін, олардың əрқайсысының отбасылық шығындар жасау тəртібін айқындауға; неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылардың əрқайсысына берілетін мүлікті белгілеуге, сондай-ақ неке шартына ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарына қатысты өзге де кез келген ережелерді енгізуге құқылы.Неке шартында көзделген құқықтар мен міндеттер белгілі бір мерзімдермен шектелуі не белгілі бір жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкін.Неке шарты ерлі-зайыптылардың құқық қабілетін немесе əрекет қабілеттілігін, олардың өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын шектей алмайды; ерлі зайыптылар арасындағы мүліктік емес жеке қатынастарды, ерлі-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен міндеттерін реттей алмайды; ерлі-зайыптылардың біреуін өте қолайсыз жағдайға қалдыратын немесе неке-отбасы заңдарының негізгі бастауларына қайшы келетін басқа да жағдайларды қамти алмайды.
Неке шарты ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша екз келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Неке шартын өзгерту туралы немесе бұзу туралы келісім неке шартының өзі сияқты нысанда жасалады. Неке шартын орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді.
82. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидаларыҚылмыстық құқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаттарын, қылмыс ұғымын, қылмыстық жауапкершіліктің негізін, қылмыстың түрлері мен белгілерін, жазаны, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатудың негіздерін анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы. Мемлекеттің, жеке жəне заңды тұлғалардың мүдделерін қылмыстық қол сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдық қатынастар қылмыстық құқықтың пəні болып табылады. Қылмыстық құқықтың субъектісіне қылмыс жасаған жеке тұлғалар мен мемлекеттің құзыретті органдары (тергеу, прокуратура, сот т.б.) жатады.
Қылмыстық құқықтық жүйесі жалпы жəне ерекше сияқты екі бөлімнен тұрады.
Қылмыстық құқықтың міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық тəртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады. Қылмыстық заңнамалардың төмендегідей 3 міндетін атап көрсетуге болады: 1) қорғау; 2) алдын-алу (профилактика); 3) тəрбиелік.
Қорғау – қылмыстық-құқықтық шараларды қолдана отырып қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау міндетті. Ол үшін қылмыстық заң қылмыстық əрекеттердің шеңберін,түрін жəне оған қолданылатын жазаның мөлшерін анықтайды.
Алдын – алу (профилактика) міндеті қылмыстың алдын алу, оны болдырмаудың жолдарын қарастыру немесе қылмыс жасаған тұлғаның қайта қылмыс жасамауының алдын
алу. Бұл мақсаттар əр түрлі қылмыстық – құқықтық шаралар қолдану арқылы іске асырылады.
Тəрбиелік міндетті қылмыстық құқықтың барлық институттары мен нормалары атқарады (жаза, қажетті қорғаныс, мəжбүрлі қажеттілік т.б.).
Қылмыстық құқықтың қағидаттары деп мемлекеттің қылмыстық құқық саласындағы саясатының, қылмыспен күресудің іс жүзіндегі құралдарының мазмұнының негізіне қойылған тіректі мұраттар мен бастамаларды айтамыз.
Сондай қағидаттардың бірі заңдылық қағидаты. Оның мəні қылмыстық əрекет пен жаза тек қана қылмыстық заңмен анықталуы керек. Əрекет не əрекетсіздік қоғамға қанша қауіпті болса да, егер оларда қылмыстың құрамы болмаса тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке жасанды түрде тартуға болмайды.Азаматтардың заң жəне сот алдында теңдігі қағидаты. заң алдында бірдей.Тек қылмыстық əрекеті не əрекетсіздігі үшін кінəлі болған тұлғаны ғана қылмыстық жауапқа тарту қағидаты.Негізгі қағидаттардың бірі əділеттілік қағидаты. Оның мəні соттар жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігін, сотталушының жеке басының, оның қылмыс жасағанына дейінгі жəне қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлығы ерекшеліктерін, қылмысты ауырлататын жəне жеңілдететін жағдайларды, отбасы жағдайларын ескере отырып жаза тағайындаулары қажет.Қылмыстық құқықтың тағы бір қағидаты ол ізгіліктік қағидат. Ізгілік адамды адам, кісі, тұлға ретінде тану, оның ар-ожданын, намысын, қадір-қасиетін, бақытқа, жақсылыққа,өркениетке ұмтылуын сыйлау, мойындау. Сондықтан, жаза тағайындау барысында ізгілік қағидатына сүйене отырып жасалған қылмысқа тиісті жазадан жұмсақтау жаза тағайындау.
Қылмыстық құқықтың деректік көздеріне əр түрлі қылмыстық заңнамалар жатады. Солардың ішінде ерекше орын алатын қылмыстық заң. Қылмыстық заң жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін, мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының нормативті актісі. Қазақстан Республикасында қылмыстық заңның ең маңыздысы 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған Қылмыстық кодекс.
