- •Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес.
- •Мәмілелер ұғымы, түрлері.
- •Жер құқығының субектілері мен объектілері.
- •Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.
- •Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •Салық ұғымы жүйесі, түрлері.
- •Бюджеттік құқық негіздері.
- •Міндеттеме ұғымы және тараптары.
- •Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.
- •Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері.
- •1) Шын өкінуге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (65-бап);
- •2) Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату (66-бап);
- •3) Жəбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (67- бап);
- •4) Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (68-бап);
- •5) Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (69-бап).
- •Қаржылық бақылау.
- •Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
- •20.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
- •Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері.
- •23. Ішкі істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері.
- •25. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •29. Қылмыстық құқықтық жауапкершілік.
- •30.Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •5 Тарау. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған
- •1. Экологиялық апат аймақтары (Семей, Арал).
- •32. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
- •38. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
- •40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •3 Тарау. Мемлекеттiк өкiмет пен жергiлiктi өзiн-өзi
- •Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •Мәміле нысаны.
- •46. Қылмысқа қатысу
- •47. Қр сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
- •48. Субъективті құқық және заңды міндет.
- •49. Қр Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
- •50. Қр Парламенті
- •52. Қр Құқық қорғау органдарының түсінігі
- •53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •54. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •56. Заңдылық түсінігі және оның негізгі белгілері мен кепілдігі. Құқықтық тәртіп.
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері.
- •58. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі
- •62. Қр Президенті
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •64. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлі
- •65. Қр жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •69. Қажетті қорғану аса қажеттілік
- •70. Құқық пен мемлекеттің анықтамасы және арақатынасы
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •72. Меншік құқығы
- •73. Қаржы полициясы және оның атқару қызметі
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.
- •1. Экологиялық апат аймақтары (Семей, Арал).
- •77. Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері
- •78. Алименттік қатынастар
- •79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары
- •80.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •81. Некеге тұрудың шарттары
- •83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары.
- •84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •85. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі, түрлері.
- •86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •88. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •89. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері.
- •90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары
97-бап. Еңбек дауларын қарау тәртiбi
Еңбек даулары тараптардың келісімi бойынша немесе сот тәртiбiмен қаралады. (Еңбек дауларын соттарда қарау тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
98-бап. Еңбек дауларын қарайтын органдар және оларды қарау тәртібі Тараптардың келісімімен еңбек дауларын келiсiм комиссиясы қарауы мүмкін. 99-бап. Келiсiм комиссиясын ұйымдастыру және оның құзыретi Келiсім комиссиясы тараптардың бірлескен шешiмi бойынша жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң саны тең өкілдерінен тепе-тең негізде құрылады. Қызметкерлердің өкілдерi келiсiм комиссиясына ұйымның жалпы жиналысында (конференциясында) сайланады. Жұмыс берушінiң өкiлдерін ұйым басшысы тағайындайды. Келiсiм комиссиясын ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жұмыс берушi жүзеге асырады. Келiсiм комиссиясы өз құрамынан комиссияның төрағасы мен хатшысын сайлайды.
100-бап. Еңбек дауын қарау тәртiбi, шешiмнiң қабылдануы мен орындалуы Келiсiм комиссиясы арыз берушiнiң өтiнiшiн ол берiлген күннен бастап үш күн мерзiмде қарайды. Оны қарау нәтижелерi бойынша келiсiм комиссиясының шешiмi қабылданып, арыз берушiге берiледi. Келiсiм комиссиясының арыз берушiнiң талабын қанағаттандырған шешiмiн қарсы тарап үш күн мерзiмде орындайды.
101-бап. Қызметкерлердi еңбек iстерi бойынша сот шығындарын төлеуден босату
Қызметкерлер еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша сотқа жүгiнген жағдайда олар мемлекет кiрiсiне сот шығындарын (мемлекеттiк баж бен iстiң қаралуына байланысты шығыстарды) төлеуден босатылады.
80.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары жəне қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге
кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.
Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері субъектілері, объектілері мен мазмұны, ал негізгі бастаулары Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодексі, оған сəйкес қабылданған өзге де заңдар жəне заңға тəуелді кесімдер болып табылады. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне: жеке жəне заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ əкімшілік-аумақтық, бөліністер жатады.
Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтарда өз құқықтары мен іс-əрекетін жүзеге асыру үшін құқықтық жəне əрекет қабілеттілігі болуы тиіс.
Азаматтың кұқықтық қабілеттілігі - бұл азаматтық құқық пен азаматтық міндеттемелерге ие болу қабілеттілігі. Ол адам туылғанда пайда болып жəне адам өлгенде барып тоқтатылады.
Құқықтың кабілеттiлiгiнiң негізінде азаматтар: өзінің меншігіндегі мүлікке ие бола алады; мүлікті мұрагерлікке беріп жəне өсиет ете алады; заңмен шектелмеген кез келген кəсіпкерлікпен шұғылдана алады; заңды тұлға құра алады; заңмен тыйым салынбаған кез келген мəмілелер жасап міндеттемелерге қатыса алады; тұрғылықты тұратын жер таңдап ала алады; əдебиет пен өнер, ғылыми еңбектердің авторы, өнертапқыштық жəне басқа да заңмен қорғалатын интеллектуалдық қызметке авторлық құқығы болуға; басқа да мүліктік жəне мүліктік емес құқықтарға ие бола алады.Азаматтық əрекет қабiлеттiлiгi - азаматтың өз əрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға жəне оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттемелер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі кəмелетке толғанда, яғни 18 жастан толық ə.қ. пайда болады. Жартылай немесе ішінара ə.қ. Он төрт жасқа толмағандар үшін келісімдерді олардың атынан ата-аналары, бала асырап алған адамдар немесе қамқоршылар жасайды. Өздігінен бұл жасөспірімдер тек өздерінің жасына лайықты күнделікті тұрмыстағы жасалған кезінде орындалатын ұсақ келісімдерді жасауға хақылы. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер келісімді ата-аналарының, бала асырап алған адамдардың немесе қамқоршылардың ризалығымен жасайды. Өздігінен олар табысын немесе стипендиясын билеуге, өздерінің шығармаларына, өнертапқыштық құқықтарын жүзеге асыруға, сондай-ақ күнделікті тұрмыстағы келісімді жасауға хақылы.
Жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз өрекеттерінің мəнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот өрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қамқоршылық белгіленеді.
Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың əрекет қабілеттілігін сот заңда көрсетілген тəртіппен шектеуі мүмкін. Оған да қамқоршы белгіленеді. Бірақ, ол тұрмыстық ұсақ мəмілелерді қамқоршының келісімімен жасауға құқылы.
Азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелік сот немесе аралық сот атқарады: құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейінгі болған жағдайларды қалпына келтіру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупін туғызатын əрекеттерге тыйым салу; залалдарды, төленетін айыпты өндіртіп алу; мəмілені жарамсыз деп тану; моральдық зиянның өтемін
төлету жəне басқа əдістермен жүзеге асыру (Азаматтық Кодекстің 9-бабы).
Азаматтық құқық қатынастарының мазмұны, бұл - біріншіден, осы
құқық қатынастары субъектісінің субъективтік құқығы мен міндеттері жəне екіншіден, субъектінің өз субъективтік құқығы мен міндеттерін іске асырудағы іс-қимылы. Мысалы,жасалған шарттың негізінде сатушы сатып-алушыға мүлікті береді, ал сатып-алушы келісім бойынша ақысын төлейді. Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған əрекеттері мəмілелер деп танылады.
Мəмілелер біржақты жəне екі немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкін. Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сəйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет жəне жеткілікті болатын мəміле біржақгы деп есептелінеді.
