Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KUK_K-shpory.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать

74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.

«Азаматтық қоғам »-азаматтардың өзін-өзі ұйымдастыруы мен өз еркімен әрекет етуінің формасы. Ол өзінің белгілі бір дербестігін сақтай отырып мемлекеттік билікпен өзара әректте болады, өйткені азаматтық қоғамның өмір сүруімен қызмет етуінің әлеуметтік негізі мемлекеттік билікке қарағанда әлде қайда кең.

Азаматтық қоғам адамзаттың өз дамуында ұмтылатын қандайда бір қол жетпес арман, мұрат емес. Ол шынайы түрде мемлекеттің ішінде қызмет етеді, адамзаттың тіршілік әрекетінің принциптері, ұйымдасқан құрылымдары, адамдар өміріндегі проблемаларды шешуге қолданылатын әдістермен құралдары арқылы іске асырылады. Оның шынайылығының өлшемі қоғамның өркениеттілігінің дәрежесімен, оның жалпы мәдени, құқықтық, саяси, экономикалық даму деңгейімен, азаматтардың әлеуметтік проблемаларды мемлекеттің мәжбүрлеу күштерін пайдаланбай шеше білу қабілеттілігімен анықталады.

Азаматтық қоғам, әлеуметтік проблемаларды мемлекеттік биліктің араласуынсыз шеше алатын адамдардың қабілеттілігі туралы алғашқы түсініктер Ежелгі Грекия мен Римнің демократиялық құрылымдарында пайда болған. Кейіннен, әрқилы елдердің әлеуметтік-мәдени дамуы мен азаматтың күшею өлшеміне байланысты олардың өмірінде азаматтық қоғам қалыптасып, дами бастады.

«Азаматтық қоғам» түсінігі адамзат қауымдастығының ерекмше деңгейін білдіреді, онда әлеуметтік билікпен қатар биліктің орталықсыздануы мен өзін-өзі басқару үрдісінің дамуына мүмкіндік туғызытын мемлекеттік емес құрылымдар қызмет етеді. Алайда, демократиялық мемлекет жеке азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуына кепілдік берсе де, өзінің биліктік қызметінде ресми құқықтық нормаларға сүйенетіндіктен, пайда болған әлеуметтік проблемалар шынайы бейнесін, өзіндік ерекшелігін, адамгершілік, адами өлшемдерін жоғалтып алады. Сондықтан, адамзат өркенетінің даму процесінің өзі оның саяси мәдениетінің маңызды элементі ретіндегі азаматтық қоғам құрылымдарын пайда қылады және дамытады.

Ең алдымен, азаматтық қоғамның рухани негізінің субьект-субьектілік қатынастарда көрініс табатын негізгі жалпыадамзаттық адамгершілік нормалар екендігін ескере кетелік. Бұл пайда болған әлеуметтік проблемаларды барлығының және әрқайсысының мүдделерін ескере отырып шешуге мүмкіндік береді.

Азаматтық қоғамда саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, мүдделері мен көзқарастары жақын әрі 1 мақсатты болатын азаматтар топтары қызмет ететін қоғамдық өмірдің ашық саласы ұйымдасқан түрде қалыптасып, дамиды. Мем-к биліктің азаматтық қоғам құрылымдарымен өзара байланысы, өзара іс-әрекеті қоғамның ең басты саяси проблемасы.

75. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.Экологиялық құқық негіздерімен оқып танысу барысында «экология», «қоршаған орта», «қоршаған ортанықорғау», «табиғи ресурстар», «табиғат пайдалану» т.б. осы сияқты атауларды кездестіруге болады. Экология терминін ғылымға 1866 жылы неміс биологы Эрнст Геккель (1834-1919) енгізген. Экология тірі организмдер мен қоршаған ортаның тығыз байланыста, қарым-қатынаста тіршілік етуі жайындағы ілім. Қоршаған ортатабиғи объектілердің, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы.Экологиялық мəселелердің шиеленісуіне байланысты адамзат тарапынан қоршаған ортаны қорғауды, яғни экологиялық қауіпсіздікті сақтауды талап етеді. Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік жəне табиғи ықпал ету нəтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі. Ал қоршаған ортаны қорғау – табиғат пен адамның өзара үйлесімдііс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік жəне қоғамдық шаралар жүйесі. Қоршаған ортаның тазалығының төмендеуіне оның ластануы əсер етеді.

Қоршаған ортаның ластануықоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық жəне биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың , тербелістің, магнитті өрістердің, жəне өзге де зиянды физикалық

ықпалдардың əсері. Сондықтан адамзаттан табиғатты барынша тиімді, сапалы, үнемділікпен пайдалану талап етіледі. Ал табиғатты пайдалану дегеніміз адамның шаруашылық жəне өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы.

Табиғи ресурстар бұл қоғамның материалдық, мəдени жəне басқа қажеттерін қанағттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық жəне өзге қызмет процесінде пайдаланылатын өзге құрамдас бөліктері.

Экологиялық құқықтық нысаны ( объектісі) қоғам мен табиғаттың өзара байланысы барысында туындайтын қоғамдық қатынастар.

Экологиялық құқықтың оқытатын пəні:

1)қоршаған табиғи ортаны қорғау;

2) табиғат байлықтарын тиімді пайдалану;

3) жеке,заңды тұлғалардың жəне мемлекеттің экологиялық құқықтары мен мүдделерін қорғау барысындағы туындайтын қатынастарды оқытады.

Экологиялық құқықтар əдістер дегеніміз нақты бір міндетті орындауға бағынылған шындықты, болмысты, практикалық жəне теориялық жағынан игерудің амал-айлаларының жиынтығы.

Экологиялық құқықтық қағидаттары. Қағидат – құқықтық –нормативтік материяның қабырғасы, негізгі бастамасы бола отырып, құқықтық реттеудің əдістернің бағытын, мақсатын, міндетін, қазіргі таңдағы экологиялық заңнамалардың мəнді сипатын, экологиялық қатынастардың дамуының объективті заңдылықтарын көрсетеді.

Экологиялық құқықтың мынандай қағидаттарын көрсетуге болады:

1) адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау жəне қалпына келтіру;

2) Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі жəне болашақ ұрпақтарының салуатты жəне қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның əлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;

3) экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне бұзылған табиғи экол-лық жүйелерді қалпына келтіру;

4) биологиялық алуан түрлілікті жəне экологиялық, ғылыми жəне мəдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сакқтауды қамтамасыз ету;

5) қоршаған ортаны қорғау туралы заңды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;

7) қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;

Экологиялық құқықтың жүйесі жалпы жəне ерекше деген екі бөлімнен тұрады.

Жалпы бөлім қоғам мен табиғттың өзара қарым-қатынасы, жаһандық жəне ұлттық экологиялық мəселелер, табиғтты құқықтық қорғау, қоршаған ортаны қорғау, табиғат қорлары мен байлықтарын ұтымды пайдалану мен қайта өндіру ұғымдары, ҚР-ның экологиялық құқығының қалыптасу тарихы, экоқұқықтық пəні, əдістері, қағидалары, экоқұқықтың деректік көздері, табиғат қорларына, байлықтарына меншік құқығы,

экологиялық падалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік реттеу мен басқару, экологиялық бақылаудың ұйымдастырушылық – бақылау нысандары, қоршаған табиғи ортаға əсер етудің бағасы жəне экологиялық сараптама, экологиялық мониторинг

жəне табиғи -қорлық кадастр, экологиялық заңнамалардың бұзылғаны үшін жауаптылық сияқты мəселелерді қарастырады.

Ерекше бөлім жерді, суды, ауаны, орманды, жер қойнауын, жануарлар, өсімдіктер дүниесін пайдалану жəне қорғаудың, экологиялық құқық бұзушылық жəне жауаптылықтың экологиялық-құқықтық тəртіптерін оқытады.Экологиялық мəселелер: түрлері, шешу жолдары

Бүгінгі таңда адамзат табиғатты игеруде, ғылым мен техниканың дамуында ғаламат табыстарға жетті. Екінші жағынан өркениеттің дамуымен қатар биосфераның тұрақсыздануы жəне қоршаған ортаның, табиғи жүйелердің тозу қаупі туындап отыр. Соның салдарынан барынша шиеленіскен жаһандық, ұлттық жəне жергілікті экомəселелер қалыптасты. Оларды шешуге тек қана қазақстандықтардың ғана емес, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткізіледі.

Экологиялық мəселелер. Жаһандық экологиялық мəселелер:

1. Климаттың өзгеруі; 2. Озон қабатының бұзылуы; 3. Биоəртүрлілікті сақтау (өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің əртүрлілігін); 4. Жердің шөлейттенуі жəне тозуы.Ұлттық эклогиялық мəселелер: 1. Семей, Арал; 2. Каспий теңізі қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты мəселелер; 3. Су ресурстарының сарқылуы жəне ластануы; 4. Байырғы ластанулар; 5. Трансшекаралық сипаттағы мəселелер; 6. Əскери- ғарыш жəне сынақ кешендері полигондарының əсері.Жергілікті экологиялық мəселелер: 1. Əуе бассейнінің ластануы; 2. Радиоактивті ластану; 4. Химиялық ластану; 5. Өнеркəсіптік жəне тұрмыстық қалдықтар; 6) Табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.Ұлттық экологиялық мəселелер:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]