- •Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес.
- •Мәмілелер ұғымы, түрлері.
- •Жер құқығының субектілері мен объектілері.
- •Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.
- •Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •Салық ұғымы жүйесі, түрлері.
- •Бюджеттік құқық негіздері.
- •Міндеттеме ұғымы және тараптары.
- •Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.
- •Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері.
- •1) Шын өкінуге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (65-бап);
- •2) Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату (66-бап);
- •3) Жəбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (67- бап);
- •4) Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (68-бап);
- •5) Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (69-бап).
- •Қаржылық бақылау.
- •Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
- •20.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
- •Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері.
- •23. Ішкі істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері.
- •25. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •29. Қылмыстық құқықтық жауапкершілік.
- •30.Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •5 Тарау. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған
- •1. Экологиялық апат аймақтары (Семей, Арал).
- •32. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
- •38. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
- •40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •3 Тарау. Мемлекеттiк өкiмет пен жергiлiктi өзiн-өзi
- •Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •Мәміле нысаны.
- •46. Қылмысқа қатысу
- •47. Қр сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
- •48. Субъективті құқық және заңды міндет.
- •49. Қр Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
- •50. Қр Парламенті
- •52. Қр Құқық қорғау органдарының түсінігі
- •53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •54. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •56. Заңдылық түсінігі және оның негізгі белгілері мен кепілдігі. Құқықтық тәртіп.
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері.
- •58. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі
- •62. Қр Президенті
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •64. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлі
- •65. Қр жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •69. Қажетті қорғану аса қажеттілік
- •70. Құқық пен мемлекеттің анықтамасы және арақатынасы
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •72. Меншік құқығы
- •73. Қаржы полициясы және оның атқару қызметі
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.
- •1. Экологиялық апат аймақтары (Семей, Арал).
- •77. Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері
- •78. Алименттік қатынастар
- •79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары
- •80.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •81. Некеге тұрудың шарттары
- •83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары.
- •84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •85. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі, түрлері.
- •86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •88. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •89. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері.
- •90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
69. Қажетті қорғану аса қажеттілік
32-бап. Қажеттi қорғану
1. Қажеттi қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтiру, яғни қорғанушының немесе өзге бiр адамның жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қоғамдық қауiптi қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтiру жолымен қорғау кезiнде, егер бұл орайда қажеттi қорғану шегiнен асып кетушiлiкке жол берiлмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды.
2. Барлық адамдардың кәсiби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажеттi қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауiптi қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттiк органдардың көмегiне жүгiну мүмкiндiгiне қарамастан тиесiлi болып табылады.
3. Нәтижесiнде қол сұғушыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтiн зиян келтiрiлетiн, қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгi дәрежесiне қорғанудың көрiнеу сай келмеуi қажеттi қорғаныс шегiнен шығу деп танылады. Бұлайша шектен шығу тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Адам өміріне қол сұғушыға не қаруды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен ұштасқан өзге де қол сұғушылыққа тойтарыс беру кезінде адамға зиян келтіру қажетті қорғаныс шегінен шығу болып табылмайды.
34-бап. Аса қажеттiлiк
1. Осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтiру, яғни белгiлi бiр адамның немесе өзге де адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделерiне, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн зиян келтiру, егер бұл қауiптi басқа амалдармен жою мүмкiн болмаса және бұл орайда аса қажеттiлiк шегiнен шығып кетушiлiкке жол берiлмесе, қылмыс болып табылмайды.
2. Құқық қорғау мүдделерiне алды алынғанға тең немесе одан гөрi елеулi зиян келтiрiлген, төнген қатердiң сипаты мен дәрежесiне және қатер жойылған жағдайға көрiнеу сәйкес келмейтiн зиян келтiру аса қажеттiлiк шегiнен шығу деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана жауаптылыққа әкеп соғады.
70. Құқық пен мемлекеттің анықтамасы және арақатынасы
Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған. Адамдардың ең алғашқы ұйымдасуы рулық қоғам түрінде пайда болды. Рулық қоғам оның мүшелерінің қандас туыстығы негізінде, еңбекті қауымдасып ұйымдастыру және ортақ меншіктілік негізінде қалыптасты. Әскери демократияның дамуы қоғамда саяси ұйымның – мемлекеттің пайда болуына әкелді. Мемлекет, бір жағынан, әскери демократияның жаңа негізде қайта құрылуы нәтижесінде, ал екінші жағынан, жаңа басқару органдарының пайда болуы нәтижесінде құрылды. Мемлекет – адам баласы бірлестігінің жаңа ұйымы. Ол рулық қауымнан мынадай белгілермен өзгешеленеді: 1. Мемлекеттің тәуелсіздігі болады. Мұның мәнісі – мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзге бір мемлекеттерден тәуелсіз қалыптастырып, дербес жүзеге асырады деген сөз.
Мемлекеттің халқы әкімшілік-аумақтық аймақтарға бөлінеді, бұл жерде адамдардың рулық белгілері ескерілмейді.
3. Мемлекетте қоғамды басқаратын өкімет билігінің белгілі бір дәрежеде дамыған жүйесі болады. Оларда адамдардың өзгеше бір тобы – шен иелері немесе мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істейді. 4.Қоғамның өмір сүріп, тіршілік етуі үшін мемлекет заңдар, нормативтік актілер шығарып, солар арқылы қоғамдық қатынастарды реттеп отырады, белгілі бір қоғамдық тәртіпті қалыптастырады. Марксизм мемлекетті тек бір ғана топтың – байлар тобының мүддесін қорғау үшін жаратылған саяси ұйым ретінде сипаттайды. Құл иеленушілік дәуірінде мемлекет құл иелерінің мүддесін қорғады, сондықтан ол құл иеленушілер мемлекеті деп аталады, феодализм дәуірінде ол феодалдардың мүддесін қорғады. Феодализмнің орнына капитализм келді. Капиталистік мемлекет капиталистердің қолындағы қару болып табылады. Сөйтіп, марксизм ілімі бойынша, адамзат тарихында мемлекеттің үш түрлі тұрпаты болған екен: құл иеленушілік, феодалдық және буржуазиялық мемлекет түрлері. Марксизм мемлекеттің осы аталған үш түрін де қанаушылардың, езушілердің мемлекеті деп сипаттайды.
Алайда мемлекет жағдайындағы маркстік ілімінің осал жерлері бар. Айталық, мемлекеттің осы үш тсатысын, үш түрлі тұрпатын халықтардың барлығы бірдей бастан өткерген жоқ. Марксизм-лининизм капиталистік мемлекеттердің құритындығының және жаңа тұрпатты социалистік мемлекеттің пайда болатындығының тарихи сөзсіздігін теориялық жағынан негіздеуге тырысып бақты. 1917 жылдың қазан айында Ресейде большевиктер партиясының басшылығымен социалистік револиция жасалды. Соның нәтижесінде Кеңестік социалистік дүниеге келип, ол 70 жылдам астам уақыт өиір сүрді. Құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың: құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар ерекше орын алады. Мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары қабылдаған нормативтік актілер заң деп есептелінелді. Заң ең жоғарғы юрисдикциялық күш болып табылады. Мұның мәнісі – мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер заңда негізделуге және заңға қайшы келмеуге тиіс деген сөз. Заңдар адамның құқықтық дәрежесін анықтайды. Құқық тек заңдардан ғана тұрмайды. Құқық дегеніміз – белгілі бір мемлекетте қабылданған және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың белгілі нормативтік құқықтық актілерді де көрсетеледі. Конституцияда, заңдарда мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілер қабылдау жөнінде өкілдік беріледі. Президент – нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, Министрліктер – нориативтік буйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік шешімдер т.б. қабылдайды. Сөйтіп құқық туралы сөз қозғалғанда, нақты мемлекеттегі қолданылып жүрген нормативтік актілердің барлығы еске алынады. Мұның өзі – объективтік мағынадағы, яғни дербес біртұтас құбылыс ретінде өмір сүреді деген мағынадағы құқық. Құқықты субъектілердің (адамдардың) өз игілігі үшін мемлекет тарапынан кепілдік берілген белгілі бір қимыл-әрекеттерді істеу жөніндегі заңдық мүмкіндігі ретінде қолданылады. Мысалы, өмір сүру құқығы, денсаулығын сақтау құқығы, білім алу құқығы т.т.
Құқықтың алғашқы элементі – құқық нормасы. Құқық нормасы дегеніміз – мінез-құлық, тәртіп ережесі, тіршілік процесіндегі тәртіп пен мінез-құлық, ережелерінің үлгісі. Ал мінез-құлық дегеніміз – жеке алып қарағандағы әрбір адам емес, тұтас адамдар ұжымына да тән жағдай. Жеке адаи ғана емес, бірнеше адамнан құрылған ұжымдар да бір-бірімен қатынасқа келеді. Демек, құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға түсе отырып, адамдар, олардың ұйымдары өздерінің мінез-құлқымен сол нормаларды бұзбайтын болуға тиіс.
Құқықтық нормалардың жиынығы ретіндегі құқық, қоғам тіршілігінде маңызды рөл атқара отырып, өмірдің қай саласында болса да адамдар арасындағы қарым-қатынастарда тәртіп болуына бағытталады. Адамдар бір-бірімен экономикалық қатынаста, яғни материалдық игіліктерді өндіру жөніндегі қатынастарда болады. Мысалы, заводтарда, фабрикаларда нормативтік құқық актілері аоқылы белгілі бір реттілік, еңбек тәртібі орнатылады. Материалдық игіліктерді бөлу мәселесінде де экономикалық қатынастар пайда болады. Қызметкерлер өздерінің еңбегі үшін сияпат ақы алуға тиіс. Бұл да тиісті нормативтік актілермен реттеледі. Адамдар бір-бірімен неше түрлі шарттық қатынастарға түсіп жатады. Олардың арасындағы сату-сатып алу, айырбас, жоралғы, қарыз т.б. әрекеттер құқық нормаларының шеңберінде ғана хатталуға тиіс. Құқық қоғамның саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік органдардың құрылымы, оларды жасақтау тәсілдері (сайлау, тағайындау , олардың билік аясы (өкілеттілігі), іс-әрекеттерінің түрлері мен әдістері т.т. құқықтық нормалар арқылы анықталады. Қоғамдық тәртәп (демократиялық немесе халыққа қарсы бағытталған) тек қана құқықтық актілер арқылы орнатылады, оны тәртіп органдары қамтамасыз етеді. Азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатынасу үшін пайдаланатын саяси құқықтары мен бостандықтары тек қана нақ осы құқықтық актілер арқылы белгіленеді.
Құқық қоғамның әлеуметтік өмірінде де зор рөл атқарады. Құқықтық нормалар білім алудың, денсаулық сақтаудың, отбасын құрып, оны нығайтудың т.б. қажеттіктердің заңдық шарттарын белгілейді. Сөйтіп, құқық дегеніміз адамдардың өміріне қалыпты жағдайлар туғызуға, қоғамның барлық бағыттарда дамуын заңдық жағынан қамтамасыз етуге тиісті мемлекеттік қуатты құрал болып табылады. Құқық тек жұртты жазалау үшін, оларға күштеу шараларын қолдану т.с. үшін қажет деп ойлау дұрыс емес. Азаматтар өздеріне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланғанда, құқық нормаларының талаптарын орындағанда, мемлекеттік органдар құқық нормаларының талаптарын бұзған адамдарға шара қолданып, тиісінше жазалап отырғанда, құқық нақты іс жүзіне асқан болып табылады.
