Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KUK_K-shpory.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать

63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.

Қазақстан Республикасыннда мемлекеттiк қызметтiң ұйымдасты-рылуы мен атқарылуы келесi принциптерден негiз алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы;азаматтар құқықтарының, бостандықтарының жəне заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдылығы; мемлекеттік қызметтің жалпыға ашықтығы, Республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге жəне өз қабiлеттерi мен кəсiби даярлығына сəйкес мемлекеттiк қызмет бойынша

жоғарылатуға тең құқығы;

Жоғарыда тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар

өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдердің бағынысты мемлекеттік қызметшілер мен төменгі мемлекеттік органдар қызметшілерінің орындауы үшін міндеттілігі; мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы жəне есептілігі; Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жəне əлеуметтік қорғалуы; мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды жəне күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу; мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны жəне өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы.

Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының құрамына мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси жəне əкiмшiлiк лауазымдары кiредi. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметке кiруi тағайындау, не сайлау негiзiнде, ал мемлекеттiк əкiмшiлiк қызметке орналасуы конкурстық негiзде жүргiзiледi.Мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болуы, жасы 18- ден кем болмауы, қажеттi бiлiмі, кəсiби даярлық деңгейi болуы керек жəне т. б.

64. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлі

Қылмыстық іс қимылдардың , қылмыстық жауаптылықпен жазадан босату, дәрігерлік сипттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында қалыптасады. Қылмыстық кодекстің 9 бабында көрсетілгендей, қылмыстық кодексті жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет Қылмыс деп аталады. Қылмыстың төмендегідей 4 белгісі бар:Қоғамдық қауіптілігі, құқыққа қарама-қайшылығы, кінәлілігі, қылмыстық жауаптылығы. Қылмыстық Кодексте көзделген әрекеттер сипатына және қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай қылмыс онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы роташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекшк ауыр қвлмыстырға бөлінеді. Жасалғаны үшін осы кодексте көзделген ең ауыр жаза 2 жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет сондай-ақ, жасалғаны үшін қылмыстық кодексті көзделген ең ауыр жаза 5 жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп таныладв. Жасалғаны үшін Қылмыстық Кодексте көзделген ең ауыр жаза 5 жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін 5 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет. Ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.Жасалғаны үшін Өылмыстық Кодексте ең ауыр жаза 12 жылға бас бостандығынан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.Жасалғаны үшін Қылмыстық Кодексте 12 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]