- •Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес.
- •Мәмілелер ұғымы, түрлері.
- •Жер құқығының субектілері мен объектілері.
- •Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.
- •Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •Салық ұғымы жүйесі, түрлері.
- •Бюджеттік құқық негіздері.
- •Міндеттеме ұғымы және тараптары.
- •Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.
- •Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері.
- •1) Шын өкінуге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (65-бап);
- •2) Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату (66-бап);
- •3) Жəбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (67- бап);
- •4) Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (68-бап);
- •5) Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (69-бап).
- •Қаржылық бақылау.
- •Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
- •20.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
- •Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері.
- •23. Ішкі істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері.
- •25. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •29. Қылмыстық құқықтық жауапкершілік.
- •30.Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •5 Тарау. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған
- •1. Экологиялық апат аймақтары (Семей, Арал).
- •32. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
- •38. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
- •40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •3 Тарау. Мемлекеттiк өкiмет пен жергiлiктi өзiн-өзi
- •Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •Мәміле нысаны.
- •46. Қылмысқа қатысу
- •47. Қр сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
- •48. Субъективті құқық және заңды міндет.
- •49. Қр Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
- •50. Қр Парламенті
- •52. Қр Құқық қорғау органдарының түсінігі
- •53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •54. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •56. Заңдылық түсінігі және оның негізгі белгілері мен кепілдігі. Құқықтық тәртіп.
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері.
- •58. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі
- •62. Қр Президенті
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •64. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлі
- •65. Қр жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •69. Қажетті қорғану аса қажеттілік
- •70. Құқық пен мемлекеттің анықтамасы және арақатынасы
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •72. Меншік құқығы
- •73. Қаржы полициясы және оның атқару қызметі
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.
- •1. Экологиялық апат аймақтары (Семей, Арал).
- •77. Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері
- •78. Алименттік қатынастар
- •79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары
- •80.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •81. Некеге тұрудың шарттары
- •83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары.
- •84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •85. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі, түрлері.
- •86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •88. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •89. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері.
- •90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
62. Қр Президенті
Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.
Республиканың Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.
Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
Республика Президентi болып тумысынан республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.
Республика Президентiнiң кезектi сайлауы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Егер кандидаттардың бiрде-бiрi көрсетiлген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екi кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi.
1. Қазақстан Республикасының Президентi: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн", - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi.
Ант беру қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң қатысуымен өткiзiледi. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған адам Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған күнiнен бастап бiр ай iшiнде ант бередi.
Республика Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң, қызметiнен кетiрiлгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президентi деген атағы болады.
Бiр адам қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды.
Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлдi органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетiн қызметтердi атқаруға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының Президентi:
1) Қазақстан халқына елдегi жағдай мен Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды;
2) Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;
3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын айқындайды; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, Республика Үкіметінің мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметі мен Премьер-Министрінің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады;
4) Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды; оларды қызметтен босатады;
5) Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) Республика дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшыларын тағайындайды және керi шақырып алады;
7) Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;
8) Республиканың мемлекеттiк бағдарламаларын бекiтедi;
9) Республика Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлерiне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiне бекiтедi;
10) Республикалық референдум өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды;
11) келiссөздер жүргiзедi және Республиканың халықаралық шарттарына қол қояды; бекiту грамоталарына қол қояды; өзiнiң жанында тiркелген шет мемлекеттердiң дипломатиялық және өзге де өкiлдерiнiң сенiм грамоталары мен керi шақырып алу грамоталарын қабылдайды;
12) Республика Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердiң жоғары қолбасшылығын тағайындайды және ауыстырып отырады;
13) Республиканың мемлекеттiк наградаларымен марапаттайды, құрметтi, жоғары әскери және өзге атақтарды, сыныптық шендердi, дипломатиялық дәрежелердi, бiлiктiлiк сыныптарын бередi;
14) Республиканың азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерiн шешедi;
15) азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асырады;
16) Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қатер төнген, мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және Республика Парламентi Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялардан кейiн Республика Парламентiне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкiл аумағында және оның жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай енгiзудi, Республиканың Қарулы Күштерiн қолдануды қоса алғанда, аталған жағдаяттар талап ететiн шараларды қолданады;
17) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей қатер төнген ретте Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде әскери жағдай енгiзедi, iшiнара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентiне дереу хабарлайды;
18) өзiне бағынысты Республика Президентiнiң Күзет қызметiн және Республикалық ұланды жасақтайды;
19) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Хатшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесi мен өкiлеттiгiн анықтайды; Республика Президентiнiң Әкiмшiлiгiн құрады;
20) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады;
21) Республиканың Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
