Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KUK_K-shpory.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать

56. Заңдылық түсінігі және оның негізгі белгілері мен кепілдігі. Құқықтық тәртіп.

заңдылық - бұл басқару қатынастарының барлық субъектілерінің ҚР Конституциясын және мемлекеттің аумағында қолданылып жүрген басқа нормативті – құқықтық актілерін дәл, қатаң және мүлтіксіз сақтауы мен орындауы. Оның мәні мемлекеттік басқару сферасында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекіту және нақты іске асыруды қамтамасыз ету.

Заңдылық қағидалары – негіз болатын идеялар, басшылыққа алынатын бастамалар.

1) Заңның басымдылығы;

2) Заң алдындағы теңдік;

3) Жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі;

4) Заңдылықты бұзғаны үшін жазалаудың болмай қоймайтындығы;

5) Заңдылықтың кепілдіктері;

6) Заңдылықты қамтамасыз етудің жалпы шарттары

7) Заңдылықты қамтамасыз етудің арнайы құралдары;

Мемлекеттік тәртіп – мемлекеттің және оның өкілетті органдарының тәртібі, ол бойынша барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар өздеріне жүктелген мақсаттар мен міндеттерді дер кезінде және дәл орындауға тиіс.

Заңдылық пен тәртіпті қолдау және нығайту міндеті жүктелген мемлекеттік органдардың ерекше жүйесі әрекет етеді. Олардың жүзеге асыратын әр түрлі құқықтық және ұйымдық қызметтерінің түрлері мен әдістері, қоланатын практикалық амал – тәсілдері, операциялары, жұмыс түрлері заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдері деп аталады.

Заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдері:

1)басқару субъектілері бойынша бақылау – президенттік, парламенттік, үкіметтік, жергілікті атқарушы билік органдарының, сала аралық, және салалық, әкімшілік қадағалау;

2)Прокуратураның қадағалауы:

- Конституцияның, заң күшіндегі актілердің және Президент актілерін бұзуды анықтау және жою шараларын қабылдау;

- жедел-іздестіру қызметінің, алдын - ала анықтау және тергеудің, әкімшілік және атқарушы өндірістің заңдылығын қадағалау;

- кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың актілерін қадағалау;

Заңдылық–бұл қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының құқық нормаларын қатаң түрде сақтауы.

Заңдылықтың қағидалары

1) заң үстемдігі–барлық нормативтік жəне жеке құқықтық актілердің заңға бағыныстылығын білдіреді;

2) заңдылықтың тұтастығы–нормативтік актілерді түсіну мен қолдану елдің бүкіл аумағында бірдей болуы тиіс дегенді білдіреді;

3) заңдылықтың мақсатқа сəйкестігі– құқықшығармашылық жəне құқықты жүзеге асыру қызметінің қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін ең дұрыс түрлерін қатаң

түрде заңдардың шегінде таңдау қажеттігін, заңдылық пен мақсатқа сəйкестілікті қарама-қарсы қоюды болдырмауды білдіреді, яғни, мақсатқа сəйкестілікті себеп қылып заңды бұзуға жол берілмейді;

4)заңдылықтың шынайылығы–құқықтық ережелердің барлық қызмет түрлерінде іс жүзінде орындалуына жетуді жəне оларды кез-келген түрде бұзу міндетті түрде жауапкершілікті көздейтінін білдіреді.

Құқықтық тəртіп–бұл субъектілердің құқықтық мінез-құлығымен сипатталатын қоғамдық қатынастар жүйесі; бұл əлеуметтік байланыстардың реттелу жағдайы, заңдылықтың шынайы қоғамдық қатынастарға айналуының нəтижесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]