Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KUK_K-shpory.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать

54. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.

Құқықтық сана – бұл адамдардың құқыққа деген қатынасын көрсететін түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың, бағалаулардың жиынтығы түріндегі қоғамдық сананың ерекше нысаны. Құқықтық сана–бұл адамдардың жаңадан қабылданған заңдарға, нормативтік актілердің нақты жобаларына жəне т.б. деген оң немесе теріс көзқарасы.

Құқықтық сана мынаны білдіреді:

- құқықтың қажеттігін түсіну жəне сезіну;

- құқықты бағалау;

- заңнаманың дамыған жүйесін құру қажеттігін түсіну;

- қолданыстағы нормативтік актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізудің қажеттігін түсіну;

- құқықты жүзеге асырудың нəтижелері мен процесін қабылдау.

Құқықтық мəдениет құқықтық санамен тығыз байланыстылықта бола тұрып, оған сүйенеді.

Құқықтық мəдениет мыналарды білдіреді:

1) құқықтық шындықты сезімдік қабылдаудың жəне құқықтық ойланудың белгілі бір деңгейі;

2) халықтың заңдарды білуінің тиісті дəрежесі;

3) құқық нормаларды, олардың үстемдігін түсінудің жоғары деңгейі;

4) құқықшығармашылық жəне құқықты жүзеге асыру процестерінің сапалық жағдайы;

5) құқықтық қызметтің ерекше тəсілдері (құқыққорғау органдарының жұмысы, конституциялық бақылау жəне т.б.);

6) құқықтық қызметтің адамдар жасаған рухани жəне материалдық игіліктер түріндегі нəтижелері (заңдар, сот тəжірибесі, заңнама жүйесі жəне т.б.).

55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері

Ерлі – зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттері. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды. Ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады жəне тең міндеттер атқарады. Ерлі-зайыптылардың əрқайсысы қызмет, кəсіп түрін, тұрғылықты жерді таңдауда ерікті. Ана, əке болу, балаларды тəрбиелеу, оларға білім беру мəселелері мен отбасы өмірінің басқа да мəселелерін ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді. Ерлі-зайыптылар

отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық жəне өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жəрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп –

жетілуіне жəне олардың əл-ауқаты жағдайында қамқорлық жасауға міндетті.Ерлі – зайыптылардың мүліктік емес жеке құқықтары. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ текретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады не ерлі-зайыптылардың əрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейінгі тегін сақтап қалады, не өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосады. Егер ерлі-зай»ыптылардың біреінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болса, тектерді қосуға жол берілмейді. Ерлі-зайыптылардың біреунің тегін өзгертуі екінші жұбайдың тегін өзгертуіне əкеп соқпайды. Неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылар ортақ текті сақтауға немесе өздерінің некеге тұрғанға дейінгі тегін қалпына келтіруге құқылы. Сонымен, ерлі-зайыптылардың мүліктік емес қатынастарына: айналысатын ісін, кəсібін, мамандығын, тұратын жерін, аты жөнін, тегін таңдау еркі жатады. Аналық, əкелік, баланы тəрбиелеу, білім беру, отбасының тғаы басқа мəселелерін ерлі-зайыптылар өзара ақылдасып, бірігіп шешеді. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өздерінің қатынастарында бір-бірін сыйлауға, өзара көмек көрсетуге,отбасының беріктігін нығайтуға, отбасы мүшелерінің, балардың денсаулығын сақтауға, олардың өсуіне дұрыс жағдайлар туғызуға міндетті.Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері.

Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне (ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне) ерлі-зайыптылардың əрқайсысының еңбек қызметінен, кəсіпкерлік қызметтен жəне санаткерлік қызмет нəтижелерінен тапқан табыстары, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен жəне ерлі-зайыптылардың əрқайсысының бөлек мүлкінен кірістер, олар алған зейнетақылар, жəрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабілетін жоғалтуына жəне басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген срмалар) жатады. Сондай-ақ ерлі-зайыптылар ортақ кірістерінің еаебінен сатып алынған жылжымалы жəне жылжымайтын мүліктер, бағалы қағаздар, жарналар, салымдар, несие мекемелеріне немесе өз де коммерциялық ұйымдарға салінған капиталды үлестер жəне ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезеңде тапқан басқа да кез келген мүлік ол ерлізайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлі- зайыптылардың қайсысы салынғанына қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып табылады.Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған немесе басқа да дəлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі. Ерлі-зайыптылардың əрқайсысының меншігі. Мыналар ерлі-зайыптылардың əрқайсысының меншігі болып табылады: 1) некеге тұрғанға дейін ерлі-зайыптылардың əрқайсысына тиесілі болған мүлік; 2) ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезеңінде сыйлыққа, мұрагерлік тəртібімен немесе өзге де мəміле жасау бойынша тегін алған мүлкі; 3) қымбат заттар мен басқа да сəн-салтанат заттарын қоспағанда, некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражаты есебінен сатып алынса да, жеке пайдалану заттары (киім-кешек, аяқкиім жəне басқалар). Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылардың əрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың əрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін.Егер некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптыладың ортақ мүлкі немесе басқа жұбайдың мүлкі не ерлі-зайыптылардың кез келгенінің еңбегі есебінен осы мүліктің құнын едəуір арттыратын салыным жүргізілгені (күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау жəне т.с.с.) анықталса, ерлі-зайыптылардың əрқайсысының мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып танылуы мүмкін.Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу жəне осы мүліктегі үлестерін айқындау кезінде, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлі-зайыптылардың əрқайсысының үлесі тең деп танылады.Нарықтық эканомиканың отбасылық құқықтық қатынастарға енгізген жаңалықтарының бірі некелесушілер, отбасын құрушы ерлі-зайыптылар некеге отырумен қатар өзара неке шартын жасасуға құқықтары бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]