- •Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес.
- •Мәмілелер ұғымы, түрлері.
- •Жер құқығының субектілері мен объектілері.
- •Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.
- •Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •Салық ұғымы жүйесі, түрлері.
- •Бюджеттік құқық негіздері.
- •Міндеттеме ұғымы және тараптары.
- •Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.
- •Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері.
- •1) Шын өкінуге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (65-бап);
- •2) Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату (66-бап);
- •3) Жəбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (67- бап);
- •4) Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (68-бап);
- •5) Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (69-бап).
- •Қаржылық бақылау.
- •Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
- •20.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
- •Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері.
- •23. Ішкі істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері.
- •25. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •29. Қылмыстық құқықтық жауапкершілік.
- •30.Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •5 Тарау. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған
- •1. Экологиялық апат аймақтары (Семей, Арал).
- •32. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
- •38. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
- •40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •3 Тарау. Мемлекеттiк өкiмет пен жергiлiктi өзiн-өзi
- •Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •Мәміле нысаны.
- •46. Қылмысқа қатысу
- •47. Қр сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
- •48. Субъективті құқық және заңды міндет.
- •49. Қр Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
- •50. Қр Парламенті
- •52. Қр Құқық қорғау органдарының түсінігі
- •53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •54. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •56. Заңдылық түсінігі және оның негізгі белгілері мен кепілдігі. Құқықтық тәртіп.
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері.
- •58. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі
- •62. Қр Президенті
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •64. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлі
- •65. Қр жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •69. Қажетті қорғану аса қажеттілік
- •70. Құқық пен мемлекеттің анықтамасы және арақатынасы
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •72. Меншік құқығы
- •73. Қаржы полициясы және оның атқару қызметі
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.
- •1. Экологиялық апат аймақтары (Семей, Арал).
- •77. Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері
- •78. Алименттік қатынастар
- •79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары
- •80.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •81. Некеге тұрудың шарттары
- •83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары.
- •84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •85. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі, түрлері.
- •86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •88. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •89. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері.
- •90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
48. Субъективті құқық және заңды міндет.
. Құқықтық қатынастардың құрамы төрт элементтен тұрады: субъект, объект, субьективтiк құқық, заңды мiндеттер. Құқықтық қатынастардың субъектiсi - жеке адам және заңды тұлғалар. Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа елдердiң азаматтары сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар (апатридтер) жеке тұлғалар болып ұғынылады. Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттiк аппарат - мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бiрлестiктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекiтiлсе, тiркелсе толық түрде құқықтық және әрекет қабiлеттiлiгi бар деп саналады. Қатынастың субьектiсi болу үшiн олардың құқықтық қабiлеттiлiгi және әрекеттiлiгi қалыптасуы керек.
Құқықтық қабiлет - құқыққа, бостандықтар мен мiндеттерге ие болу қабiлетi. Мұндай қабiлеттiлiк адам туғаннан пайда болып, ол өлгенде барып жойылады.
Әрекеттiлiк – адамның өз әрекетiмен құқығын пайдалана алу және оны жүзеге асыру, өзi үшiн мiндеттер тудырып, оларды орындау қабiлетi. әрекеттiліктiң басты шарты кәмелеттiк немесе құқықтық нормадағы белгiлi жасқа толу болып табылады.
Құқықтық қатынастың объектiсi (заты) - қоғамдағы көп түрлi, көп салалы саяси, экономикалық, әлеуметтiк, мәдениеттiк, азаматтық, қылмыстық, әкiмшiлiк, еңбектiк және т. б. қарым-қатынастар. Материалдық дүние-заттар, рухани-шығармашылықтың өнiмдерi, жеке мүлiктiк емес игiлiктер, құқық субьектiлерiнiң мiнез-құлқы және құқық қатынастарыны нәтижелерi - құқық қатынастарының обьектiлерi.
Субъективтік құқық – бұл субъектінің өз мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы. Субъективтiк құқық бар жерде заңды мiндеттер болады. Бұл екеуi бiр-бiрiнсiз бола алмайды. Себебi қатынастардың көпшiлiгiнде екi жақты субьектiлердiң құқықтары бар жəне соған сəйкес екi жақты субьектiлердiң мiндеттерi бар.
Заңды міндет–бұл заңды қажет жүріс-тұрыс шамасы. Міндет–бұл субъективтік құқықтың жүзеге асырылуының кепілі. Заңды мiндетi бар тұлға оны өз еркiмен орындамаса, мемлекеттiң мəжбүрлеу күшi қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тəрбиелеуге мiндеттi. Егер бұл мiндетiн орындамаса, заңда белгiленген шара қолданылады. Мiндет заңды тұлғаларға да жүктеледi.
Заңға негiзделген айғақтар - құқықтық қатынастардың пайда болуымен, өзгеруiмен немесе тоқтауымен құқық нормалары арқылы байланыста болатын тiршiлiк жағдайлары. Заңды фактілер туындайтын салдардың сипаты бойынша:
құқықтудырушы (мысалы, жоғары оқу орнына түсу);
құқықөзгертуші (мысалы, күндізгі оқу бөлімінен сыртқы бөлімге ауысу);
құқықтоқтатушы (мысалы, жоғары оқу орнын аяқтау). Түрлерi: оқиғалар және әрекеттер.
Оқиғалар - адамдардың бұл субъектілердің еркіне тәуелсіз пайда болады. Мысалы, табиғат апаты, өлім және т.б адам өлiмi мұрагерлiк құқықты тудырады, ал пенсия жасына жету, зейнетақы алуға мүмкiндiк бередi. Әрекеттер - адамдардың мен пайда болатын заңға негiзделген айғақтар. Олар құқыққа сай (заңды әрекет) және құқыққа қарсы әрекеттер (заңсыз әрекет) болып бөлiнедi.
Заңды әрекет - бұл заңның талаптарына сәйкес келетiн, субьектiлердiң құқықтары және мiндеттерiмен қабысатын мiнез-құлық. Заңсыз әрекет - бұл қылық заң талаптарын бұзады, субьективтiк құқықтарға нұқсан келтiредi, адамдарға жүктелген мiндеттерге сәйкес келмейдi.
