- •Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес.
- •Мәмілелер ұғымы, түрлері.
- •Жер құқығының субектілері мен объектілері.
- •Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.
- •Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •Салық ұғымы жүйесі, түрлері.
- •Бюджеттік құқық негіздері.
- •Міндеттеме ұғымы және тараптары.
- •Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.
- •Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері.
- •1) Шын өкінуге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (65-бап);
- •2) Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату (66-бап);
- •3) Жəбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (67- бап);
- •4) Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (68-бап);
- •5) Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (69-бап).
- •Қаржылық бақылау.
- •Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.
- •20.Сот төрелігі және оның қағидалары.
- •Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.
- •Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері.
- •23. Ішкі істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері.
- •25. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •29. Қылмыстық құқықтық жауапкершілік.
- •30.Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •5 Тарау. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған
- •1. Экологиялық апат аймақтары (Семей, Арал).
- •32. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.
- •38. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.
- •40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
- •3 Тарау. Мемлекеттiк өкiмет пен жергiлiктi өзiн-өзi
- •Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •Мәміле нысаны.
- •46. Қылмысқа қатысу
- •47. Қр сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.
- •48. Субъективті құқық және заңды міндет.
- •49. Қр Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.
- •50. Қр Парламенті
- •52. Қр Құқық қорғау органдарының түсінігі
- •53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •54. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •56. Заңдылық түсінігі және оның негізгі белгілері мен кепілдігі. Құқықтық тәртіп.
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері.
- •58. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі
- •62. Қр Президенті
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
- •64. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлі
- •65. Қр жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •69. Қажетті қорғану аса қажеттілік
- •70. Құқық пен мемлекеттің анықтамасы және арақатынасы
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
- •72. Меншік құқығы
- •73. Қаржы полициясы және оның атқару қызметі
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.
- •1. Экологиялық апат аймақтары (Семей, Арал).
- •77. Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері
- •78. Алименттік қатынастар
- •79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары
- •80.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •81. Некеге тұрудың шарттары
- •83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары.
- •84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •85. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі, түрлері.
- •86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.
- •88. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •89. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері.
- •90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.
Азаматтықтың жалпы мәселелері. Қазақстан Республикасы заңдары бойынша азаматтық ұғымы. Конституциялық құқық жүйесінде азаматтық институт маңызды орын алады. Бұл институт Қазақстан Республикасының ІІ бөлімінде конституциялық түрде бекітілді.
Азаматтықпен байланысты қатынастар «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991.20.12. Заңмен, ҚР Президентінің 1995.03.10. заң күші бар жарлығымен енгізілген өзгертулер және толықтырулармен реттеледі. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы Қазақстан Республикасы азаматтығына анықтама бермейді. Азаматтық ұғымы «ҚР азаматтығы туралы» заңның преамбуласында клтірілген. Азаматтыққа тұлғаның құқықтарымен бостандықтарының жиынтығын білдіретін, мемлекетпен арадағы тұрақты саяси құқықтық байланыс мемлекеттің аталған тұлғаны өз азаматы ретінде заңды түрде тануына негізделеді және оған тұрғылықты жеріне қарамастан мемлекеттік билікті таратудан көрініс табады. Мемлекет өз азаматтарының мүдделерін ел аумағынан тыс жерлерде де қорғауға міндетті. Өйткені азамат мемлекеттің қамқорлығында болуына байланысты, тіпті республикадан тыс жерлерде жүрседе одан міндеттерді орындауды талап ете алады. Тұлға мен мемлекет арасындағы азаматтық қатынастар оның аумағында тұруына, мемлекеттік билікке бағынуға, құқықтар мен бостандықтарға ие болуға байланысты емес, тұлға мен мемлекет арасында болатын, азаматтықтың мазмұнын құрайтын ерекше, тұрақты саяси құқықтық байланыстардың әсерініен пайда болады. Мемлекет өз азаматтарының мүдделерін, азаматтықтың алынуы және тоқтатылуы негіздері мен тәртібін заңдылықты бекіте отырып, өзі белгілейді. Бұл халықаралық құқықтық нормалармен, соның ішінде 1930 жылғы Гаага конференциясында қабылданған көп жақты конвенциямен танылған. Азаматтыққа тұруц жағдайы тиісті құжаттармен (ҚР азаматтарының құжаттары, туу туралы куәлік, төлқұжатта балалары туралы жазу) заңдылықты бекітіледі. Сонымен қоса мемлекет өз азаматтарының туу және өлімі сияқты азаматтық хал актілерін тіркейді. Қазақстан Республикасы азаматы мен мемлекет арасындағы құқықтық қатынастар туған сәтен пайда болып, азаматтың өліміне не Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты аяқталады. Бұл азаматтықтың тұрақты және орнықты сипатына куә болады.\
41.ҚР-сы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы ұғымы және принциптері. Әрбір мемлекет өзінің Консттуциясына сәйкес мемлекеттік билікті ұйымдастыруды белгілейді сонымен қатар олардың адам және азаматтың аталмыш қоғам өмірімен қарым қатынасын бекіте отырып, мемлекеттік органдар жүйесінің негізін қалайды. Қазақстан Республикасының құрылысы мемлекетті ұйымдастыру тәсілдеріне, оның тұлғамен қатынасына негіз болатын, Конституция нормаларымен бекітілген және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын қоғамдық қатынастардың жүйесі болып табылады. Конституцияда Қазақстан Республикасының құрылысына негіз болатын барлық принциптер бекітілген. Олар – халықтық билік, мемлекеттік егемендік, біртұтастіқ, биліктерді бөлу принципі, құқықтың үстемдігі, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешу, идеологиялық және саяси әр алуандылық және т.б. принциптер болып жіктеледі. Қазақстан Республикасының мемлекетін құру концепциясында Қазақстан Респубикасы конституциялық құрылысның негізгі белгісі ретінде халықтық билікті атап айтуға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясына «Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық» деп белгіленген (3-б). Халық билікті республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады. Сондай-ақ халық өз илігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасын демократиясының тікелей және өкілді нысандары туралы берік сеніммен айтуға болады. Мемлекеттің егемендігі конституциялық құрылыс негіздерінің бірі ретінде Конституциямен жария етіледі. Егемендік республиканың бүкіл аумағын қамтиды, өз аумағында және одан тысқары жерлерде Қазақстан Республикасы халқының ерік жігері негізінде басқа мемлекеттерге тәуелсіз жағдайда, өз алдына дрбес мемлекет функцияларын жүзеге асыруына мумкіндік береді. Қазақстан Республикасының егемендігін қаматамасыз етуде 1995 жылы 25 қазанда қабылданған «ҚазССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» айрықша рөлге ие. Қазақстан Республикасының егемендігін 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы одан әрі нығайта түсті. Ол Қазақстан Республикасын дербес және тәуелсіз мемлекет ретінде бекітті. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болып табылады.
42. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құкықтары Қазақстан Республикасындағы жалпы табиғатты пайдалану құқығының негізгі бөлігі және азаматгардың денсаулығын сақтауға байланысты конституциялық құқықтардың құрамдас бөлігі болып табылады.
ҚР-ның Конституциясы бойынша азаматтардың құқықтары табиғатты корғауға байланысты тазарту шараларын кең түрде жүргізумен қамтамасыз етіледі.Қоршаған ортаны тазарту адамның өмір сүру ортасының сапасы мен адамның денсаулығы үшін шаруашылык кызметтердің зиянды салдарын жою және ескертуге бағытталған техникалық ұйымдастырылған, құқықтық, санитарлық-гигиеналық шаралардың жиынтығын құрайды. Азаматтың қолайлы қоршаған ортаға құқыктарының объектісі болып, табиғи ресурстар табылады: таза атмосфералық ауа, су, табиғи аймақтар, ормандар, ұлттық табиғи парктер, рекреациялық аймақтар, санаториялык-курорттық орындар, т. б.
5-бап. Азаматтардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы
құқықтары мен мiндеттерi
1. Әрбiр азаматтың және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ шетелдiктердiң өз өмiрi мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға, оның жай-күйi туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалдың өтелуiне алуға құқығы бар.
2. Азаматтардың:
белгiленген тәртiппен табиғи ресурстарды пайдалануға, оларды қорғау және молықтыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға қатысуға;
қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бiрлестiктер мен қоғамдық қорлар құруға;
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi жиналыстарға, митингiлерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;
қоршаған орта мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды талап етуге;
қоғамдық экологиялық сараптама өткiзу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға;
кәсiпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де объектiлердi орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына терiс ықпал ететiн шаруашылық және өзге де қызметiн шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешiмдердiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюды талап етуге;
айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалдың өтелуi туралы сотқа талап-арыз беруге;
заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген басқа да құқықтарын белгiленген тәртiппен iске асыруға құқығы бар.
3. Әрбiр азамат қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды орындауға, өзiнiң экологиялық бiлiм деңгейiн арттыруға және жеткiншек ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге жәрдемдесуге мiндеттi.
6-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң қоршаған ортаны
қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
1. Қоғамдық бiрлестiктердiң қоршаған ортаны қорғау саласында өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:
өздерiнiң экологиялық бағдарламаларын әзiрлеуге, бекiтуге және насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға, оларды ерiктi негiзде қоршаған ортаны қорғау саласында белсендi қызметке тартуға;
қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыру жөнiндегi жұмыстарды орындауға, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектiлерiн қорғауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен олардың қызметiне қатысуға;
экологиялық тәрбие мен бiлiм беру жөнiндегi жұмыстарды, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердi белгiленген тәртiппен орындауға;
мемлекеттiк экологиялық сараптама өткiзудi талап етуге және қоғамдық экологиялық сараптама өткiзуге;
қоршаған ортаны қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға;
мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан қоршаған ортаның жай-күйi және оны сауықтыру жөнiндегi шаралар туралы дер кезiнде, толық және анық ақпарат алуға;
қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға және өзара iс-қимыл жасауға, олармен келiсiмдер жасаса отырып, олар үшiн шарттар бойынша заңдарда көзделген белгiлi бiр жұмыстарды орындауға;
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi заң жобаларын талқылауға қатысуға;
кәсiпорындарды құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де объектiлердi орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызметiн шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешiмдердiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюды талап етуге;
кiнәлi ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеттiру туралы сотқа талап-арыз беруге;
өздерiнiң заңдарда және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген басқа да құқықтарын белгiленген тәртiппен iске асыруға құқығы бар.
2. Қоғамдық бiрлестiктер өздерiнiң қызметiн қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарға сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi.
