Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KUK_K-shpory.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать

33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.

Заңды жауапкершілік – бұл құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға заңнамамен көзделген мемлекеттік мəжбүрлеу шараларын белгілі бір іс жүргізушілік тəртіпте қолдану. Шаралар мынадай сипатта болуы мүмкін: а) жеке сипаттағы шаралар (бас бостандығынан айыру);

ə) мүліктік сипаттағы шаралар (айыппұл);

б) ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар (жұмыстан босату).

Заңды жауапкершіліктің белгілері:

- оны мемлекет құқықтық нормалард орнықтырады;

- мемлекеттік мəжбүрлеуге негізделеді;

- арнайы өкілетті мемлекеттік органдар қолданады;

- жаңа қосымша міндетті жүктеумен байланысты;

- жеке, мүліктік жəне ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі бір теріс салдардан көрініс табады;

- іс жүргізушілік нысанда жүктеледі;

- тек жасалған құқықбұзушылық үшін ғана туындайды.

Заңды жауапкершіліктің қағидалары:

1)заңдылық–жауапкершіліктің тек құқықбұзушылық (яғни, құқық əрекет қабілетті тұлға жасаған кінəлі, құқыққа қайшы əрекет немесе əрекетсіздік) үшін ғана қолданылатынын білдіреді;

2)əділеттілік–жазаның кінəға сəйкестігін, теріс қылықтар үшін қылмыс-тық санкцияларды белгілеуге жол берілмейтіндігін, кінəліге бір құқықбұзушылық үшін тек бір ғана жазаны тағайындауды білдіреді;

3) негізділік–істің жағдайларын объективтік түрде зерттеуді жəне нақты жазалау шарасын заңға сəйкес анықтауды білдіреді;

4)ізгілік (гуманизм)–адамның қадір-қасиетін қорлайтын жазалау шараларын белгілеуге жəне қолдануға тыйым салуды білдіреді;

5) жауапкершіліктің міндетті түрде болатындығы–жасалған қылмыс үшін заңды жауапкершіліктің міндетті түрде туындайтынын білдіреді;

6) мақсаттылық–құқықбұзушыға қатысты таңдалған жазаның заңды жауапкершіліктің мақсаттарына сəйкестігін білдіреді.

Заңды жауапкершіліктің төмендегідей түрлері болады:

1.Қылмыстық–тек қылмыстар үшін қолданылады; ешкім де сот шешімінсіз қылмыс жасағаны үшін кінəлі деп танылмауы жəне қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы тиіс.

Қылмыстық жазалау шаралары–кінəлінің тұлғасына бағытталған мемлекеттік мəжбүрлеудің ең қатаң нысандары–бас бостандығынан айыру, өлім жазасы жəне т.б.

2.Əкімшілік – əкімшілік теріс қылықтарды жасағаны үшін туындайды жəне айыппұл, арнайы құқығынан айыру жəне т.б. сияқты шаралардан көрініс табады.

3. Азаматтық – мүліктік сипаттағы шарттық міндеттемелерді бұзу жəне шарттан тыс мүліктік зиян келтіру үшін туындайды. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізгі қағидасы– зиянды толығымен өтеу.

4. Тəртіптік–еңбек, оқу, қызметтік, əскери тəртіпті бұзу үшін қолданылады; тəртіптік жауапкершілік шаралары–сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан шығару жəне т.б.

5. Материалдық–қызметкерлер мен жұмысшылардың өз қызметтік міндеттерін орындауы барысында кəсіпорынға, мекемеге, ұйымға келтірген зияны үшін туындайды. Əрекеттің құқыққа қайшылығын жəне заңды жауапкершілікті жоятын жағдайлар. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

1) есі дұрыс еместік–тұлғаның өз əрекеттеріне есеп бере алмауы;

2) қажетті қорғаныс–мемлекеттің, қоғамның тұлғаның мүдделерін қоғамға қауіпті нұқсан келтіруден қорғау барысында нұқсан келтіруші тұлғаға зиян келтірумен сипатталады; алайда, қажетті қорғаныс шегінен асып кетпеуі тиіс, яғни, қорғанудың нұқсан келтірушіліктің қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дəрежесіне айқын түрде сəйкес келмеуі орын алмауы тиіс;

3) аса қажеттілік–мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның мүдделеріне қауіп төндіруші əрекетті жою жағдайында мүмкін, қойылатын шарт–бұл қауіп басқа құралдармен жойыла алмауы қажет жəне аса қажеттіліктен туындаған зиян алдын алған зияннан аз болуы тиіс;

4) қоғамға аса қауіптілігі жоқ құқықбұзушылық;

34. ҚР - ның Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.

Конституциялық құқық — Қазақстан Республикасы құқық жүйесі салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар оның пәнін құрайды.

Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.

Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ практикалық мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық құқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді талдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу қажет.

Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынастар аясы мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқық нормалары аталған салаларды барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды.

Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталатын белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық-кұқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей: міндеттеу әдісі; тыйым салу әдісі; рұқсат ету әдісі; тану әдісі қолданылады.

Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да қатысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабында: "Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті" деп жазылған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабы бұл әдісті қолданудың тағы бір мысалы болып табылады. Яғни: "Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс». Аталған қағида мемлекеттік меншікке сияқты, жеке меншікке де қатысты. Тиісінше, конституциялық норма мемлекеттік органдарды да, жеке меншік иелерін де меншікті тек өз мүддесіне ғана емес, сондай-ақ қоғам мүддесіне де пайдалануға міндеттейді.

Конституциялық құқықта тыйым салу әдісі де кең қолданылады. Бұл әдіс, көбіне мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады. Тыйым салу әдісі азаматтарға қатысты шектеулі жағдайларда ғана қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 3-тармағында былай делінген: «Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейді». Конституция заңда қаралмаған әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салады. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқы демократияның шынайы көрінісі болып табылатын рұқсат ету әдісін де кең қолданады.

Мұндай әдіс көп жағдайда адамның және азаматтың мәртебесін белгілеу үшін қолданылады. Мысал ретінде әркімнің,заңмен белгіленгеннен басқа ретте, Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұруын және тұратын орнын еркін тандауын айтуға болады. Рұқсат ету әдісінің өзіндік ерекшелігі мынада, Конституция белгілі бір ауқым, шекке дейін еркін әрекет ету мүмкіндігін бере отырып, субъектінің әрекетін айтарлықтай шектей алады.

Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың өкілеттігін белгілеу кезінде де қолданылады. Айталық, Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 4-тармағына сәйкес Парламент Палаталардың бірлескен отырысында Президентке, онын бастамасы бойынша, әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екі даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы.

Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы, меніңше, құқықтық реттеудің тағы бір әдісін — тану (танымау) әдісін де қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқық жөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс объективті фактордан — адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды. Мемлекет адамдардың табиғи құқығына рұқсат етеді емес, дәлірек айтқанда, таниды. Қазақстан Республикасы Конституциясының, 12-бабының 2-тармағында былай деп жазылған: "Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, зандар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады". Құқықтық реттеуді әдіс ретінде тану да конституциялық құқықтың демократиялық және адамгершілік мәнін сипаттайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]