Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KUK_K-shpory.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать
  1. Қаржылық бақылау.

Қаржы құқығы мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Мемлекеттің қаржылық қызметі түрлі әдістерді көмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі – ақшалай қаржы жинау, яғни, жеке және заңды тұлғалардың табысының, пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім мен мөлшерде мемлекеттің бюджетіне тұседі. Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемлекеттің арнайы органдары бақылап отырады. Белгіленген мөлшерде, бюджеттік емес қорларға да міндетті жарналар жіберіледі, мысалы зейнетақы жинақтау қорларын айтуға болады.

Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсеткен қызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар мен алымдар да міндетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі.

Қаржылық бақылау.

Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық іс – әрекетінің ақша – қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе және ол төмендегідей бірнеше бөліктерден тұрады:

  1. Бақылау субъектісі

  2. Бақылау объектісі;

  3. Бақылау заты;

  4. Бақылаудың мақсаты;

  5. Бақылауды іске асырудың әдістері.

Қаржылық бақылаудың субъектісі болып қаржылық бақылауды іске асыруға құзыреті бар арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар табылады. Сондықтан тікелей тексеруші қаржылық бақылаудың субъектісі, ал тексерілуші объектісі болады.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың объектісіне осы бақылаудың шеңберіне ілінген тұлғалар, нақты айтсақ:

  1. Мемлекеттік органдар;

  2. Мемлекеттік заңды тұлғалар;

  3. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

  4. Азаматтар жатады.

Қаржылық бақылаудың нысандары және әдістері

 Қаржылық бақылау өткізілуі мерзіміне байланысты нысандары бойынша былай сыныпталады:

 -алдын ала ( шығындалуға дейін жүргізіліп, профилактикалық шара қолданылады );

 -ағымдағы ( шығындалу кезінде жүргізіліп , жоспар немесе сметамен салыстырылады);

 -кейінге ( есеп материалдары негізінде шығыннан кейін жүргізіледі. Алдын ала және ағымдағы бақылау үшін тұжырым жасалады).

 Қаржылық бақылаудың әдістері (өткізілуі тәсілдері):

 -ревизия( барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметтері тексеріледі);

 -инспекция (кәсіпорынның қаржылық жағдайы үнемі тексеріліп отырады);

 -зерттеу (кемшіліктерін зерделеу);

  1. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.

Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар жəне сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жəне мүліктік емес жеке қүқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер жəне жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.

Түрлері: өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді (коммерциялық ұйым), не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын жəне алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес) ұйым заңды түлға бола алады.

Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив, мемлекеттік кəсіпорын нысандарында құрылуы мүмкін, ал мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор жəне діни бірлестіктер

коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.

Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу тəртібі жəне олардың өкілеттілігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді. Сонымен қатар, оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Заңды түлғалар əділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.

Лицензия дегеніміз шаруашылық жүргізуші субъектінің белгілі бір қызмет түрімен айналысуға немесе белгілі бір іс-əрекет жасауға құзырлы мемлекеттік орган беретін рұқсат. Мемлекеттік кəсіпорындарға шаруашылық жүргізу құқығына, оралымды басқару құқығына негізделген /қазыналық/ кəсіпорындар жатады. Мемлекеттік кəсіпорынның мүлкі бөлінбейді жəне оны салымдар бойынша, соның ішінде, кəсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды. Заңды түлға қүрмайтын жеке адамдар жəне де қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын, ал активтерінің жалпы құны орта есеппен бір жыл ішінде 60000 еселеген есептік көрсеткіштен аспайтын, кəсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлғалар шағын кəсіпкерліктің субъектілері болып табылады.

Кəсіпкерлік дегеніміз - меншік түрлеріне карамастан, азаматтар мен заңды тұлгалардың, тауарларга (жұмысқа қызметке) сұранымды канагаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуга багытталган, жеке меншікке (жеке кəсіпкерлік) не мемлекеттік кəсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кəсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі.

Кəсіпкерлік қызмет кəсіпкердің атынан, оның тəуекел етуімен жəне мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын жəне алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.

Азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелік сот немесе аралық сот атқарады: құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейінгі болған жағдайларды қалпына келтіру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупін туғызатын əрекеттерге тыйым салу; залалдарды, төленетін айыпты өндіртіп алу; мəмілені жарамсыз деп тану; моральдық зиянның өтемін төлету жəне басқа əдістермен жүзеге асыру (Азаматтық Кодекстің 9-бабы).

Шаруашылық қатынастарды тиiмдi реттеуге бағытталған құқықтық құралдардың бiрi – дауды сотқа дейiн реттеу. Бұл – кəсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң шаруашылық шарттарды орындау барысында жəне басқа да негiздер бойынша туындаған шаруашылық шарт жасасу, оны өзгерту мен бұзу кезiнде туындайтын келiспеушiлiктердi реттеу тəртiбi. Осы реттеу тəртiбiн дұрыс ұйымдастыру тараптардың бұзылған құқықтарын тез арада қалпына келтіруге, көлденең шығындардың алдын алуға ықпал етеді.

Шаруашылық дауларын сот арқылы шешу. Шаруашылық дауларынан туындайтын істерді қарау тəртібін Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізуші Кодексі жəне т. б. құқықтық-нормативтік актілер реттейді. Талап қою бағасы арыз берілген кезде заңда белгіленген 5000 есептік айлық көрсеткіштен асқан жағдайда, тараптары заңды тұлғалар, кəсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын азаматтар болып табылатын мүліктік дауларды облыстық жəне оларға теңестірілген бірінше сатыдағы соттар, ал қалған шаруашылық даулары аудандық (қалалық) соттарда қаралып, шешіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]