Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KUK_K-shpory.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать

5) Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (69-бап).

1. Егер қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзiмдер өтсе, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады:

а) кiшiгiрім қылмыс жасағаннан кейiн екi жыл;

б) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейiн бес жыл;

в) ауыр қылмыс жасағаннан кейiн он бес жыл;

г) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейiн жиырма жыл.

2. Ескiру мерзiмi қылмыс жасаған күннен бастап және сот үкiмi заңды күшiне енген кезге дейiн есептеледi.

3. Егер қылмыс жасаған адам тергеуден немесе соттан жалтарса, ескiру мерзiмiнiң өтуi тоқтатылады. Бұл ретте ескiру мерзiмiнiң өтуi адамның ұсталған немесе оның айыбын мойындап келген кезiнен бастап жаңартылады. Бұл орайда, егер қылмыс жасаған уақыттан берi жиырма бес жыл өтсе және ескiру тоқтатылмаса, адам қылмыстық жауапқа тартылмауы керек.

4. Егер ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адам осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған мерзiм өткенге дейiн жаңадан қасақана қылмыс жасаса, ескiру мерзiмi тоқтатылады. Мұндай реттерде ескiру мерзiмi жаңа қылмыс жасаған күннен қайта басталады. Ескiру мерзiмi өткенге дейiн адам тағы да қылмыс жасаған өзге реттерде әрбiр қылмыс бойынша ескiру мерзiмi дербес өтедi.

5. Осы Кодекс бойынша өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін қылмысты жасаған адамға талап қою мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Егер сот талап қою мерзімінің бітуіне байланысты адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін деп таппаса, өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырумен ауыстыры­лады, ал өмір бойына бас бостандығынан айыру жиырма бес жыл мер­зімге бас бостандығынан айырумен ауыстырылады.

6. Бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыс, сондай-ақ террористік қылмыс жасаған адамдарға ескiру мерзiмi қолданылмайды.

ҚР-ның Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауаптылық пен қоса қылмыстық жаздан босату жағдайлары да қарастырылған. Қылмыстық кодексте жазадан босатудың мынандай 8 негіздері көрсетілген:

1) жазаны өтеуден мерзімінен бұрын – шартты түрде босату (70-бап);

2) жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру (71-бап);

3) жүкті əйелдердің жəне жас балалары бар əйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру (72-бап);

4) ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату (73-бап);

5) төтенше мəн – жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру (74-бап);

6) айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату (75- бап);

7) рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату (76-бап);

8) Соттылық (77-бап).

Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату (76-бап). Рақымшылық жасау туралы актіні адамдардың жеке айқындалмаған тобы жөнінде ҚР-ның Парламенті шығарады. Қылмыс жасаған адамдар рақымшылық жасау туралы актінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар жазадан босатылуы мүмкін не

оларға тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін не мұндай адамдар жазаның қосымша түрінен босатылуы мүмкін.жазасын өтеген немесе оны одан əрі өтеуден босатылған адамдардан рақымшылық жасау туралы актімен соттылығы алынып тасталуы мүмкін.

Соттылық (77-бап). Қылмыс жасағаны үшін сотталған адам соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау кезіне дейін соты болған деп есептеледі. Қылмыстық кодекске сəйкес соттылық қылмыстың əлденеше реет қайталануы, қылмысты қайталау кезінде жəне жаза тағайындау кезінде ескеріледі. Жазадан босатылған адам соттылығы жоқ деп танылады.

Соттылық: 1) шартты түрде сотталған адамдар жөнінде – сынақ мерзімі өтуі бойынша; 2) тəртіптік əскери бөлімде ұсталу, əскери

қызмет бойынша шектеу немесе қамау түрінде жазасын өтеген əскери қызметшілер жөнінде – іс жүзінде жазаны өтеу бойынша; 3) бас бостан-дығынан айырумен салыстырғанда жазаның неғұрлым жеңіл түріне сотталған адамдар жөнінде – жазаны өтегеннен кейін бір жыл өтуі

бойынша; 4) кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде – жазаны өтегеннен кейін үш жыл өтуі бойынша; 5) ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде – жазаны өтегеннен кейін алты жыл өтуі бойынша; 6) аса ауыр қылмысы үшін сотталған адамдар жөнінде – жазаны өтегеннен кейін сегіз жыл өтуі бойынша жойылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]