Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KUK_K-shpory.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать

1. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.

2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.

3. Қазақстан Республикасының кеден органдары.

4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.

5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес.

6. Мәмілелер ұғымы, түрлері.

7. Жер құқығының субектілері мен объектілері.

8. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.

9. Қылмытық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.

10. Салық ұғымы жүйесі, түрлері.

11. Бюджеттік құқық негіздері.

12. Міндеттеме ұғымы және тараптары.

13. Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері.

14. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары.

15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.

16.Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.

17. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері.

18. Қаржылық бақылау.

19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.

20.Сот төрелігі және оның қағидалары.

21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі.

22.Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері.

23. Ішкі істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері.

24. Қазақстан Республикасының әділет органдары.

25. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.

26. Қазақстан Республикасының Үкіметі.

27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.

28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.

29. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.

30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.

31.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.

32. Азаматтық-құқықтық жауаптылық.

33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.

34. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.

35.Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.

36. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.

37. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.

38. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).

39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі.

40. Азаматтық: ұғымы, алу және айырылу тәртібі.

41.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері.

42. Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.

43.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.

44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.

45.Мәміле нысаны. Мәміленің жарамдылығының,

жарамсыздығының негіздері.

46. Қылмысқа қатысу.

47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, ұғымы, сайлау органдары.

48. Субъективті құқық және заңды міндет.

49. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мәртебесі.

50. Қазақстан Республикасының Парламенті.

51. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары.

52.Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.

53.Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.

54. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.

55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.

56.Заңдылық түсінігі және оның негізгі белгілері мен кепілдігі. Құқықтық тәртіп.

57.Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері.

58. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.

59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тәртібі.

60. Құқықтық қатынастардың құрамы.

61. Ата-ана және балалардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болу негіздері.

62. Қазақстан Республикасының Президенті.

63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.

64. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.

65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару.

66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.

67. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.

68. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.

69. Қажетті қорғану және аса қажеттілік.

70.Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.

71.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.

72. Меншік құқығы.

73. Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.

74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.

75. Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.

76. Құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері.

77.Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері.

78. Алименттік қатынастар.

79. Еңбек дауларын қарау және шешу жолдары.

80.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.

81. Некеге тұрудың шарттары.

82. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары.

83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары.

84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.

85. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі, түрлері.

86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.

87. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.

88. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.

89. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері.

90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.

  1. ҚР-дағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.

Табиғатты пайдалану дегеніміз адамның шаруашылық жəне өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы. Табиғи ресурстар бұл қоғамның материалдық, мəдени жəне басқа қажеттерін қанағттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық жəне өзге қызмет процесінде пайдаланылатын өзге құрамдас бөліктері.

Табиғат пайдаланушылардың негiзгi мiндеттерi және олардың құқықтарын қорғау

  1. Табиғат пайдаланушылар:

  • табиғи ресурстарды нысаналы қызметiне және олардың берiлу шарттарына сәйкес пайдалануға;

  • шаруашылық және өзге қызметке белгiленген экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды, қолданылып жүрген стандарттарды, техникалық шарттарды сақтауға;

  • берiлген табиғи ресурстарды үнемдi пайдалануға, қоршаған ортаға зиян келтiрмеуге және басқа табиғат пайдаланушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге;

  • қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, молықтыруға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға;

  • табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғағаны мен молайтқаны үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген төлемдердi дер кезiнде төлеуге;

  • қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдардың талап етуi бойынша қажеттi ақпарат беруге;

  • шаруашылық қызметiнiң экологиялық қауiптi түрлерi жүзеге асырылған кезде қоршаған ортаға өндiрiстiк мониторинг пен бақылау жүргiзуге;

  • қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану бойынша өткiзiлетiн iс-шаралар туралы жергiлiктi атқарушы органдарға қажеттi ақпарат беруге мiндеттi.

2. Табиғат пайдаланушылардың бұзылған құқықтары заңмен қорғалады. Заңда көрсетiлген негiздер бойынша болмаса, ешкiмдi де табиғат пайдалану құқығынан айыруға немесе шектеуге болмайды.

→Табиғат пайдаланушылардың бұзылған құқықтары Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген тәртiппен қалпына келтiрiлуге тиiс.

  1. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.

Жер – табиғаттың берген сыйы ретiнде, адам қоғамының пайда болуына дейiн болған. Жер – тұтастай алғандағы адамзат үшін қажетті жəне басты материалдық ресурс болып табылады. Аталған бұл термин көп қырлы болып табылады жəне бірнеше мағынада қолданылады:

1. Жер кең мағынада алғанда Жер шары ретінде түсініледі.

2. Жер адамның өмір сүретін ортасы жəне табиғи байлықтардан, жер бедерінен, ландшафттардан құралатын Жер шарының қабаты ретінде.

3. Жер жер құқығының реттеу пəні ретінде. Бұл тұста біз жер детен түсініктің астарынан табиғи ресурстарды, ауыл жəне орман шаруашылық өндірістерінің басты өндіріс құралы, құрылыстар, құрылымдар жəне басқа да объектілер салу үшін қажет болып табылатын кеңістіктің базис детен мағыналарды көре аламыз.

Құқық саласы ретінде жер құқығы дегеніміз – жерді пайдалану мен қорғаумен, жерді жеке меншікке жəне жер пайдалану құқығына берумен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуте бағытталған құқық нормаларының жиынтығы.

Ғылым саласы ретінде жер құқығы дегенімізкөптетен ғылыми теориялардың, тұжырымдардың, ой-пікірлерінің жəне əртүрлі ғылыми көзқарастардың жиынтығы болып табылады.

Оқу пəні ретінде жер құқығы - дəрістік жəне тəжірибелік сабақтардың жиынтығы, яғни, жер құқығы ғылымының негізгі ережелерінің белгіленген жүйе бойынша мазмұндалуы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 12-бап 14-тармағына сəйкес, жер дегеніміз – ҚР - ның етемендіті белтіленетін шектеті аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы жəне кез-келтен еңбек процессінің аумақтық нетізі.

Осы анықтамаға сəйкес, жердің күнделікті өмірде атқаратын қызметі мен ролін анықтап алуға болады:

1. Жердің саяси-құқықтық қызметі. Яғни, мемлекетіміздің етемендіті белгіленген шекара шетіндеті, Қазақстан халқының тұрғылықты тұрақты мекені;

2. Жердің эколотиялық қызметі. Яғни, жер қоршаған ортаның құрамдас жəне ажырамас бөліті, табиғи ресурс;

3. Жердің экономикалық қызметі. Яғни, жер жылжымайтын мүлік ретінде танылып, азаматтық айналымның объектісі ретінде елдің байлығы байлығы.

4.Жердің əлеуметтік қызметі. Жер адамдардың өмір сүру нетізі жəне еңбек процесінің аумақтық нетізі болып табылады.

ІІ. Жер құқығының пəні. Жер құқық қатынастары: түсінігі, обьектісі, субьектісі жəне түрлері

Жер құқық қатынастары дегеніміз – жерге меншік құқығын жəне өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелетен субьектілерте жер учаскелерін бекітіп беруте байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады. Жер қоры Қазақстан аумағының барлық жерлерінің жиынтығы. Қазіргі жер қоры жеті санатқа бөлінеді:

1. ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер;

2. елді мекендердің (қалалардың, ауылдық елді мекендердің) жері;

3. өнеркəсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жəне өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер;

4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық жəне тарихи-мəдени мақсаттағы жер;

5. орман қорының жері;

6. су қорының жері;

7. босалқы жері;

Жер құқық қатынастарының субьектілері дегеніміз – жер құқығы қаты-настарына қатысушылар болып табылатын жəне соған орай құқықтары бар əрі осы құқық қатынасында міндеттер атқаратын жеке жəне заңды тұлғалар, мемлекет.

Мысалы: мемлекеттік органдар, жердің меншік иелері, жер пайдалану-шылар, қазақстандық тұлғалар, шетелдік тұлғалар, халықаралық ұйымдар жəне т.б.

Жер құқық қатынастарының мазмұны дегеніміз – жер құқық қатынастарына қатысушылардың заңдармен белгіленген немесе реттелген құқықтары мен міндеттері.

Жер құқығының əдістері дегеніміз – жер қатынастарын реттейтін, яғни, жер құқық қатынастары субъектілеріне əсер ету амалдары мен тəсілдерінің жиынтығы.

→ Жер құқығының əдістері екі түрге бөлінеді: императивті жəне диспозитивті.

→Жер құқығының императивті əдістері – билік пен бағыныштылыққа негізделген, міндетті қатысушысы мемлекет немесе мемлекет мүддесін білдіретін билік органдары болады.

→Жер құқығының диспозитивті əдістері – жер құқық қатынастары қатысушыларының теңдітіне, шарт еркіндітіне негізделген. Бұл əдістер жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру саласында жəне жерде дербес шаруашылық жүргізуде қолданылады. Яғни, жер құқық қатынастары қатысушыларына жер учаскесіне қатысты өз бетінше шешім қабылдауға

мүмкіндік береді.

Жер құқығының жүйесі дегеніміз - өзара тығыз байланысты жер құқық институттарының жиынтығы. Өзге құқық салалары сияқты жер құқығының жүйесі келесі бөлімдерден тұрады:

жалпы бөлім, ерекше бөлім жəне арнайы бөлім.

  • Жалпы бөлімде жалпы ережелер, яғни жер құқығының түсінігі, пəні, əдістері, қағидалары, қайнар көздері қарастырылған. Сонымен бірге, жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы, жер қатынастарын мемлекеттік реттеу жəне жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік мəселелері көрініс тапқан.

  • Жер құқығының ерекше бөлімінде жер қорының жекелеген санаттарының құқықтық режимі мен оларды қорғау жағдайлары қарастырылған. Атап айтсақ, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық режимі, елді мекендердің жерінің құқықтық режимі, өнеркəсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жəне өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жерлердің құқықтық режимі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық жəне тарихи-мəдени мақсаттағы жерлердің құқықтық режимі, орман қорының жері, су қорының жері, босалқы жерлердің құқықтық режимі.

  • Арнайы бөлім шетелдердің жер заңдарын зерттейді. Шетел мемлекетте-рінің, Қазақстан жерін пайдалану мəселелерін, халықаралық шарттармен реттелетін жерді жалдау қатынастарын жəне жерді халықаралық қорғау жəне жер қатынастары саласындағы халықаралық ынтымақтастық мəселелерін зерттейді.

Жер құқығының қағидалары

Жер құқығының қағидалары дегеніміз – жер құқық қатынастарын реттеуде басшылыққа алынатын негізгі заңды түрде бекітілтен бастамалар жиынтығы. Жер кодексінің 4-бабында жер қатынастарын құқықтық реттеудің қағидалары аталған:

  • Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы жəне бөлінбейтіндіті;

• Жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің нетізі ретінде сақтау;

• Жерді қорғау жəне ұтымды пайдалану;

• Эколотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

• Жерді нысаналы пайдалану;

• Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің басымдығы;

• Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі іс шараларды мемлекеттік қолдау;

• Жерте залал келуін болдырмау немесе оның зардаптарын жою;

• Жерді ақылы пайдалану.

  1. ҚР - ның кеден органдары.

16-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден органдары - өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында кеден саясатын іске асыруға қатысатын және кеден ісін, Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел iздестiру қызметiн тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді атқаратын мемлекеттік органдар.

17-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының жүйесі

1. Қазақстан Республикасы кеден органдарының бірыңғай жүйесін (бұдан әрі - кеден органдары):

1) уәкілетті орган;

2) уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері);

3) кедендер;

4) кеден бекеттері;

5) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері;

6) мамандандырылған кеден мекемелері құрайды.

2. Кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен кеден зертханаларын, кинология, оқу, есептеу орталықтарын және басқа да мамандандырылған кеден мекемелерін құрады.

3. Уәкілетті орган заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.

4. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері және кедендер заңды тұлғалар болып табылады және уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.

5. Кеден бекеттері мен бақылау-өткізу пункттері заңды тұлғалар болып табылмайды және уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.

6. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Кеден органдарының құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат саны лимитінің  шегінде  уәкілетті орган бекітеді.

8. Кеден органдары мен олардың қарауындағы теңіз және ішкі су кемелерінде кеден органдарының танылу жалауы мен танылу белгісі болады. Кеден органдарының қарауындағы автокөлік құралдары мен әуе кемелеріне кеден органдарының танылу белгісі қойылады. Кеден органдарының танылу жалауының және танылу белгісінің сипаттамасы мен қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

9. Кеден органдарының тиісті кедендік инфрақұрылымы болады. 

17-1-бап. Уәкілетті органның функциялары

Уәкілетті орган:

1) Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын жүргізеді;

2) осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

3) кеден органдарына басшылықты жүзеге асырады;

4) оның құрамына кіретін ведомствоның өкілеттігін айқындайды;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректер беру жүйелерін, кедендік бақылау дың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлейді және жасайды;

6) осы Кодексте және Қазақстан Республи касы ның лицензиялау туралы заңнамасында белгі ленген құзыреті шегінде лицензиаттардың лицензиялық талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін лицензиялау мен бақылауды жүзеге асырады;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға шешімдер, рұқсаттар беру туралы шешім қабылдайды;

8) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асырады;

9) Қазақстан Республикасының кеден шека расы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуіне кедендік бақылауды жүзеге асырады;

10) осы Кодексте белгіленген тәртіппен сырт қы экономикалық және өзге де қызметтің қатысу шыларын кеден ісі саласындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын дағы өзгерістер мен толықтырулар туралы тұрақты негізде уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді.

11) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау крите рийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.

18-бап. Кеден органдары қызметінің принциптері

Кеден органдарының қызметі:

1) заңдылық;

2) заң алдындағы қорғалу мен теңдік құқығын қамтамасыз ету, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтарын құрметтеу мен сақтау;

3) жариялылық принциптерінде құрылады.

19-бап. Кеден органдарының міндеттері

Кеден органдарының міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

3) орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету;

5) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;

6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден ісі саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күресу;

7) кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жәрдемдесетін жағдайлар жасау;

8) өз құзыреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге асыру;

9) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу; шет мемлекеттердің кеден және өзге де құзыретті органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден ісі мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;

9-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретінің шегінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау;

10) бірыңғай бюджет саясатын іске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу;

11) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздікті қорғау, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;

12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткiзу пункттерiнде радиациялық бақылау жүргізу;

12-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың кеден органдарына іс-сапарларға жіберілген өкіл дерімен бірлесіп (көліктік және санитариялық-ка рантиндік бақылауды қоспағанда) көліктік, санита риялық-карантиндік, ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылауды жүргізу;

13) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындау болып табылады.

20-бап. Кеден органдарының орналасатын жерлері

1. Кеден органдарының орналасатын жерлерін жолаушылар және тауарлар ағынының көлемін, жекелеген аймақтардың және (немесе) сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың сыртқы экономикалық байланыстарының даму қарқынын негізге ала отырып уәкілетті органбелгілейді.

2. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органдары тікелей кеден органдарына тиесілі үй-жайларда орналасады.

3. Кеден органдары осы Кодексте көзделген жағдайларда кедендік брокер, кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті жүзеге асырушы тұлғаларға, уақытша сақтау қоймаларының иелеріне тиесілі кеден қоймасы және (немесе) еркін қоймалардың аумағында және (немесе) үй-жайларында, сондай-ақ кеден терминалдарының, әуежайлардың, порттардың, темір жол және автомобиль станцияларының, вокзалдарының және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың аумағында және (немесе) үй-жайларында орналасуы мүмкін.

Мұндай жағдайларда қажетті аумақтар және (немесе) үй-жайлар кеден органдарына ҚР-ның азаматтық заңдарында көзделген тәртіппен шарт негізінде беріледі.

4. Кеден органдарына арналған жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер пайдалануға беріледі.

21-бап. Кедендік рәсімдерді жүргізетін орындар

Тауарлармен және көлік құралдарымен кедендік рәсімдер, осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедендік бақылау аймақтарында жүзеге асырылады.

22-бап. Кеден органдарының жұмыс уақыты

1. Кеден органдарының жұмыс уақытын осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті орган белгілейді.

2. Порттардағы, әуежайлардағы, темір жол станцияларындағы және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де пункттеріндегі кеден органдарының жұмыс уақыты осы жерлердегі басқа бақылаушы органдар мен қызметтердің жұмыс уақытымен келісілуге тиіс.

3. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі кеден органдарының жұмыс уақыты Қазақстан Республикасымен бірлескен кедендік шекарасы бар шет мемлекеттер кеден органдарының жұмыс уақытымен мүмкіндігінше сәйкес келуге тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]